top of page

Халық батырлары

Өтеген батыр

ТУ АЛЫП ТҰЛПАР МІНГЕН ЕР ДӘУЛЕТБАЙ

Қара ормандай іргелі халық – қазақ елінің басына соқтықпа соқталаңы көп,
мақшар заман төнгенде намысын ақ ту етіп алға ұстаған батыр оғыландары алмас
қылыш жарқылдатып атқа мінді. Туған халқы үшін жалы жығылар, сағы сынар
сәт туғанда олар ойраттың ордасын ойрандап, торғауыттың таңын айырды.
Дүрбітті дүрліктіріп, дүркірете қуды. Қабағына қақ тұрып, қанын төкті. «Елім
үшін жаным садаға, жерім үшін қаным садаға.

Өтеген батыр

Сартай батыр

Сартай 1711 жылы атақты Байжан би Қосқұлақұлының шаңырағында дү­ниеге
келген. Бала кезінен ширақ, атқа үйір болғандықтан, әкесі оған 6 жасында
Шалқасқа атты аппақ қасқа құлынды атап, шеберлерге күміспен көмкерілген
ашамай ер жасатып берген.

Өтеген батыр

Құрман Ата ұрпақтарының Шелек өңіріне қоныстануы

Туған ел мен жердiң тарихы кiмдi бей-жай қалдырсын. Мен туып өскен Шелек өңірінде Малыбай, Қорам, Байсейіт, Лабар сияқты жер атаулары бар. Жас кезімізден бұл атаулардың құпиясы тартып тұратын. Шелек өзенінің аты Қаңлы Шелек батырдың атынан қалғандығын, өзіміз атына таңданатын Малыбай, Қорам, Байсейіт, Лабар сияқты жер атаулары Әлмерек бабамыздың ұрпақтарының атымен байланысты екендігін соңғы екі-үш жылда ғана біліп жүрміз.

Өтеген батыр

Тайлақ батыр

Тайлақ Бекежан батыр Айбекұлының бәйбішесі Са­лихадан туған үш ұлдың бірі. Тайлақтың ғұмыр-баяңдық де­рек­тері жете зерттелмеген.

Тайлақ батырдың жас кезінен Әбілқайыр сұлтанмен бірге өскені, бірге шыңдалғаны, дос болғаны, той-думанда да, жо­рық­­тарда да қатар жүргені, ерлігі мен адамгершілігі туралы Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романында кеңінен жазылған.

Өтеген батыр

Қангелді батыр

Қазақ тарихындағы көрнекті көсем әрі белгілі тұлғалардың бірі
Сырымбетұлы Қангелді. Жетісу жерін жоңғар басқыншылығынан азат ету
күресіне белсене араласқан белді батыр, сонымен қоса Ресей мен Қытай
мемлекеттерінің арасында елшілік қарым -қатынас жасап, өзінің дипломаттық
мәмілгерлігімен көзге түсіп, елеулі үлес қосқан саяси қайраткер.

Өтеген батыр

Бәукеңмен кездескенде...

Өткен жиырмасыншы ғасырдың 54-59 жылдары Шымкент педагогикалық институтында оқып жүрген кезім. Бір топта оқитын 25 студенттің ішінде озат болдым, қоғамдық жұмыстарда да бел сенділік көрсеттім. Мəдениет, əдебиетке байланысты өтіп жататын іс-шаралардан қалмайтынмын. Əбіш Байтанаев деген ағамыз қазақ əдебиеті кафедрасының меңгерушісі еді. Сол кісінің көзіне түсіппін.

Өтеген батыр

Ұзақ батыр


Халық Саурықтың ұлы Ұзаққа тірі кезінде-ақ батыр атағын беріп қойған. Оның қандай себептері бар еді? Басқаша айтқанда, Ұзақтың «батыр» атануына қан­дай негіз бар.

Өтеген батыр

Тұрсынбай Датқа

Тұрсынбай Бүркітбайұлы ХІХ ғасырда Сыр бойының орта ағысында өмір сүрген. Дарабоз қарым-қабілетімен, ақыл-ойының сұңғылалығымен, қайтпас қайсарлығымен және басшылық дарынымен аты мәшһүр болған. Ол 1798 жылы қазіргі Шиелі, Сырдария аудандарына қарасты Ботабай, Тартоғай аумағында дүние есігін ашқан. Ата-анасы қарапайым шаруа адамдары болған.

Өтеген батыр

Малыбай батыр
оның ата-бабасы мен ұрпақтары туралы

Алматы облысының Шелек өңірінде Малыбай дейтін ауыл бар.
Әркiмге де өзiнiң туып, кiндiк қаны тамған жерi қымбат емес
пе?!. Сондықтан да Малыбай ауылы туралы құлағым шалса елең
ете қаламын. Малыбай ауылының тұрған жерi де ерекше. Өзi
таудың етегi болса, құбыла жағы арқыраған Шелек өзенi. Күнi-
түнi бiр тынбай арыстанша күркiреп жатқаны.

Өтеген батыр

Исатай батыр қалай қаза болған?

Исатай ханды шаппақ болып елден қол жинап, жеті мың нөкермен Жасқұс құмында жатады. Сол мезгілде ханмен табыстырмақ болып араға Шыман төре, тағы басқа адамдар түседі. Бірақ шын мəнісінде бұл уақыттан ұту əрекеті болып шығады. Сол арада Оралдан бес жүз солдат келіп қалады.

Өтеген батыр

Шанышқылы Бердіқожа

Қазір Ұлы Отан соғысы аталып жүрген ХҮШ ғасырдағы қазақ-қалмақ соғысы туралы сөз болғанда Шанышқылы Бердіқожа батырдың есімі жиі аталып қалады. Алайда оның өмірі, ерлік істері туралы мағлұматтар онша көп емес. Төмендегі материалда батыр туралы бірқатар деректер беріледі.

Өтеген батыр

Өтеген батыр

Өтеген батыр ұлы жүздің дулат тайпасының Жаныс руынан шыққан. Оның ата-бабалары да есімдері елге танылған батырлар болған. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өз әкесі Өтеғұл да талай қанды жорықты бастан кешкен батыр болған. Шешесі Нұрбала атақты Қордай батырдың немересі екен.

bottom of page