Patriot-tulga.kz
Ұлт мақтанышы
Бас редактор туралы қысқаша деректер
Қазақстанның Құрметті жазушысы Марат Байділдаұлы (Тоқашбаев) Қазақстан Жазушылар одағы деректі проза кеңесінің төрағасы. Одаққа жаңа мүшелер қабылдау жөніндегі комиссияның мүшесі. Үш көркем-әдеби, 20-ға ж уық публицистикалық кітаптардың авторы. Қазақстан Педагогикалық Ғылым Академиясының академигі, профессор. Қазір Patriot Tulga журналының Бас редакторы.

Жақсылармен жарқырайды дүние
Қазақстандық дәрігер-стоматолог, ортопедиялық стоматология саласындағы тұңғыш ғылым докторы, ұзақ жылдар С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина академиясының ортопедиялық стоматология кафедрасын басқарған ұстаз, бүгінде «Профессор С.Рузуддинов колледжінің» директоры Сәуірбек Рузуддинұлы Рузуддиновтың есімі тек қазақстандықтарға ғана емес шетелдік ғалымдарға да жақсы таныс. Төмендегі материалда ғалымның өмірдегі қалыптасу жолдары баяндалады.
Қазақстанда ортопедиялық стоматология мамандығы негізін қалаушылардың бірі, медицина ғылымының докторы,Қазақстанның еңбек сінірген қайраткері, профессор Сәуірбек Рузуддинов туралы сыр

Менi жаңа техника жасауға жетелеген Күш – ұлттық намыс!
– Сантай аға, техника ғылым-дарында ғалымдар көп болғанымен олардың iшiнде өнертапқыштары аз, шын мəнiнде жаңалық ашқандары тiптi аз. Ғылым, ол əдетте консервативтiк əлем, оқымыстылар көбiне бiр бағытта, бiр салада жұмыс iстегендi ұнатады, ал, сiз болсаңыз ғылымның бiр ғана емес бiрнеше саласында, су мен жел энергетикасы, қару-жарақ, монорельстiк көлiк секiлдi бiр-бiрiнен мүлдем алыс жатқан, бiр-бiрiмен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын салаларында табысты еңбек етiп келесiз. Мұның сыры неде, сұхбатымызды содан бастасақ...
– Менiң бұлай, сiз айтқандай «түрлi жанрларда» жұмыс iстеуiме ғылымның дамуы мен көптеген мәселелер бойынша бiздiң елдiң, оның iшiнде қазақ ғалымдарының елеулi еңбегiнiң болмауы, «неге өзге жұрт iстегендi бiз iстей алмаймыз?» деген қыжыл әсер еттi..

Отанды сүю – иманнан!
– Ардақ, сізді отандас тарыңыз ережесіз жекпе –жектің əлем бойынша үш дүркін чемпионы ретінде жақсы біледі. Көпшілік жеткіншектер сізге ұқсағысы келеді. Бала ардақтың туып- өскен жері, балалық шағы оқырмандар үшін қызықты екені сөзсіз. Əңгіме басын осы сауалдарға жауаптан бастасақ.
– Мен Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Қақпақ ауылында 1980 жылдың 14
қазанында дүниеге келдім. Орта мектепті 9 сыныпқа дейін сол жерде оқыдым.

Төкен Танаұлы Жұмағұлов туралы сыр
Бұл бекзат есімді Маңғыстау ғана емес, берісі Атырау, арысы бү-кіл Қазақстан біледі десем, артық айтқандық болмас. Оған себеп – cөзі мен ісі шымыр, текті тұқымнан тараған ағаның табандылығы мен тазалығы, жаңалыққа жаны құш-тарлығы.
Бүгінгі күні сексеннің сеңгіріне шығып отырған халқымыздың қалаулы ұлдарының бірі Төкен Танаұлы өмірдің талай тар соқпағынан сүрінбей өтіп, адал еңбегі мен адамгершілік қасиеттерінің арқасында халқына қадірлі бола білді. Осы орайда мен сыйлас інісі ретінде ағамыздың бойындағы тума қасиеті мен өнегелі өмір жолы туралы азды-көпті білгеніммен бөліскім келеді.

Қонайдан жеткен тұяқ
Қазақ мемлекеттігінің тарихында өзіндік орны бар, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Ол өз ғұмырының жарты ғасырдай кезеңін тікелей Қазақстанның өндірістік қуа тын, әлеуметтік тегеурінін күшейтіп, қоғамдық -экономикалық инфрақұрылымын нығайтуға арнады. Қазақстан Республикасының гүлденуіне ерекше үлес қосты. Төменде ұсынылып отырылған мақалада Димаш Ахметұлының өмірбаяндық дерек терінің жұртқа беймәлімдеу тұстары мен балалық шағынан сыр шертіледі.
