top of page

Отанды сүю – иманнан!

Мақсат Қырғызбайұлы Қаңтарбаев

– Ардақ, сізді отандас тарыңыз ережесіз жекпе –жектің əлем бойынша үш дүркін чемпионы ретінде жақсы біледі. Көпшілік жеткіншектер сізге ұқсағысы келеді. Бала ардақтың туып- өскен жері, балалық шағы оқырмандар үшін қызықты екені сөзсіз. Əңгіме басын осы сауалдарға жауаптан бастасақ.

– Мен Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Қақпақ ауылында 1980 жылдың 14
қазанында дүниеге келдім. Орта мектепті 9 сыныпқа дейін сол жерде оқыдым. Оқушы кезімде суырылып алға шыққан ерекше бала болған жоқпын. Сабақты жақсы оқыдым. Апайымыз: «математиканы кім жақсы оқыса, сол ғарышкер бола алады» дейтін. Бала кезде ғарышкер болу кімнің де болсын арманы еді ғой. Содан мен 5 сыныпқа дейін математика сабағын өте жақсы оқыдым. Осы кезден бастап сүйіп оқитын пәндерімнің қатарына тарих, әдебиет қосылды. Біртіндеп спортқа ден қоя бастадым. Грекрим күресімен айналысып, аудан, одан соң облыс, республика көлеміндегі жарыстарға жолдама алдым. Әжептәуір көрсеткіштерге қол жеткіздім. Тоғызыншы сыныпты бітіргесін Алматы қаласына келіп Алматы құрылыс колледжіне түстім. Онда джиуджитсумен айналыстым. Бұл спорт түрінен 1999 жылы Қазақстан чемпионы атандым.

– Қазақтың небір ғұламалары əже тəрбиесін көріп, ұлттық тəрбиеден сусындап өсті. ал сіз ше?

– Мен де бала күннен Әлденбайқызы Рахия әжемнің тәрбиесін бойыма сіңіріп өстім. Ол кісі тоғыз жасынан бес уақыт намазын қаза қылмай, имандылықты жанына серік еткен жан еді. Маған үнемі уағызын айтып отыратын. Әжем сөзге шешен кісі болатын. Батырлар жырын жатқа айтатын. Зейіні мықты еді. Сол кісінің әсерлі әңгімелерінен кейін мен де батырлар жырына әуес болдым. Баба ларымыз сияқты ел қорғайтын ер болуды алдыма мақсат етіп қойдым. Рахия әжем: «мен бала күнімде аталардың шариғат туралы уағыз дарын естіп жататынмын. Сол мәңгі бақи есімде қалып қойыпты. Соны балам, саған айтып отырмын. Бұл – сенің өмірлік азығың», – деуші еді. Сол кісінің имани тәрбиесін әлі күнге дейін жетілдіріп келемін. Бауыржан Момышұлы атамыз да «әже ертегісін естімей өсіп келе жатқан ұрпақтан қорқам» демеп пе еді кезінде. Сондықтан ұлттық тәрбие нәрін ұрпақ бойына дарытатын әже тәрбиесі қашанда маңызды.

– Қазақ жұртшылығының мəртебесін аспандатқан Сіздей ұлды дүниеге келтірген ата анаңыз туралы айта отырсаңыз.

– Әкем Құттықожа Туғанбекұлы маған қатал қарады. Ер азаматқа лайық мінезді қалыптастыруға тырысты. Арғы аталарымыздың ерліктерін айтып, солардың атына кір кел тірмеуді үнемі есімізге салып отыратын. Ол кісі бізге «әкем маған ұрлық жасама, өтірік айтпа. Осыны кейінгі ұрпағыма жеткіз» деп еді. Бұл – атадан қалған ұлағат, осыны саналарыңнан өшірмеңдер» дегенін біз өз ұрпағымызға жеткізгіміз келеді. Әкеміз бізді қабағымен жұмсайтын. Анамыз әкемізді айбар тұтып тәрбиеледі. Имандылық тәрбиесі біздің отбасымыздың негізгі өзегі болды. Ал имандылық бар жерде тәртіп, ұят, ізеттілік сияқты адамгершілік қасиеттер шоғырлана береді емес пе.

– Жақсы спортшы болу үшін тек шымыр болу жеткілікті ме?

– Ақылойдың, тапқырлықтың арқасында түрлі айла амалдарды үйренесің. Дүлей күштің иесі ана емес, ақылойдың иесі болсаң, өз еліңнің мәртебесін өсіре түсесің. Жинақтаған білімің арқылы кәсіби шеберлігің дамиды. Адами қарым қатынас орнатуда да мәдени өренің маңызы ерекше.

Қоғамда да өзіндік орныңды қалыптастыруға ықпалы зор. Шариғат талаптарында да білімнің маңыздылығы сан мәрте айтылады. Басқасын айтпағанда, әлем дегі екі миллиардқа жуық мұсылман
қауымының қасиетті Құран кітабының да мағынасы оқы деген ұғымға келіп тіреледі. Ал Алланың қалауымен бәрімізге тура жол нұсқаған Құранның оқу ізде дегенінен артық не айтуға болады.

– Патриот болу үшін адам бойында қандай қасиеттердің болғаны дұрыс деп ойлайсыз?

– Бірінші кезекте имандылық. Жоғарыда ғана айтып кеттім, тәрбие өзегі имандылықта деп. Осы ойымды қайталағым келеді. Құдайдан қорыққан адам өзінің отбасы мүшелерін: ата-анасын, бауырларын, туыстарын сыйлайтын болады. Ал Отан отбасынан құралады емес пе. Отбасын жақсы көргесін елін, жерін сүйеді. Отанды сүю – иманнан!

– Ардақ Туғанбекұлы, жасөспірімдерге арнап ашқан «Əлем фай терс» деген клубтарыңыз жайлы айтып өтсеңіз.

– Бұл клубты ашудағы мақсатымыз – жас жеткіншектер мен жалындап тұрған жастардың еш алаңсыз жаттығуына барынша жағдай жасап, артымыздан ерген інілерімізге үлкен ареналарға жол ашу. Себебі кезінде біз қиындықты көп көрдік. Тоқсаныншы жылдары елімізде ережесіз жекпе- жекке
деген қазіргідей қызығушылықтың бол мағаны баршаға аян. Қамқорлық та кемшін еді. Бапкерім Сағатбек Мұсаханов екеуіміз жаттығу жасау үшін жөні түзу жер таппай, Алматының әр қиырын шарлағанбыз. Қара күз бен қақаған қыста ашық аспан астында даярландық. Есік терезелері сынық,
қабырғалары қисайған, тозығы жеткен әскери бөлімшеде жаттықтық. Орта мектеп пен колледждер,
түрлі мекемелер, институттар мен университеттердің қуықтай залдарын да сан мәрте жалға алдық.
Біз ден кейінгі жастар осындай азапты көрмесін деп, кәсіби спорт клубын аштық. «Әлем айтерстің»
тұсауы кесілгеннен кейін клуб басшысы ретінде бүкіл ауыртпалық маған түсті. Даярлық процесі мен
оқу жаттығу жиындарын өткізу, дүбірлі додаларды ұйымдастырудан бастап, спортшылардың шет мемлекеттерге шы ғуға қажетті құжаттарын дайындау, оларды қонақ үйге орналастыру және тағы басқа көптеген шаруамен тікелей өзімнің шұғылдануыма тура келді. Осылайша спорттық мансабымды ұрпақ тәрбиесіне алмастырдым. Бүгінгі таңда клубта жүздеген жас өрен жаттығуда. Олардың алды әлем чемпионы атанып та үлгерді. Түрлі жарыстарда жүлде алып, майталман мамандардың назарына іліккен жеткіншектер де жетерлік. Республика аумағында бірнеше турнир ұйымдастырдық. Біздің жігіттер жекпе-жектің сан түрі бойынша шет мемлекеттерге де шығып жүр.

Әзірге жеке ғимаратымыз жоқ. Жалға алған залда жаттығамыз. Алайда, кезінде қала әкімдігі тарапынан «Алматы Аренаның» маңынан бізге біраз жер телімі берілген еді. Сол жерде әмбебап спорт кешенін салуды көздеп отырмыз. Құрылыс жұмыстарын бастап бірінші қабатын тұрғызып та үлгердік.

– Ережесіз жекпе-жекте топ жарып жүрген қазақ жігіт терінен кімдерді ерекше атап айтар едіңіз?

– Біздің буын өкілдері бастаған жол кейінгі жастарға жұғысты болды. Қытайдан Жұмабек Тұрсын және Ресейден Дамир Исмағұлов шықты. Олардың ізін басып қазақстандық Шавқат Рахмонов UFCге жол тартты. Әрине, бұл жағдай барша қазақ жанкүйерлерін қуантуда. Алдағы уақытта Арман Оспанов, Қайрат Ахметов, Жалғас Жұмағұлов, Қуат Хамитов, Асу Алмабаев бастаған қара көздеріміздің қалың легі алыстағы Америкада өздерін мойындатып жатса, бүкіл Алаш жұртының абыройы асқақ тайтын еді...

– Ардақ, сіздің имандылыққа байланысты тамаша уағыз дарыңызды əлеуметтік желілерден жиі көріп, тыңдап, оқып, іштей риза болып жатамыз. Дінге келуіңіз жайлы айтып өтсеңіз...

– Алла Тағала байлықты қалаған құлына береді, бірақ иманды, Исламды, ізгі жүректі өзінің сүйген құлдарына ғана береді екен. Алла Тағаланың жүрегімізді ашып, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажыратуға жол көрсетіп, нұрлы жүрек пен Исламды нәсіп еткеніне шүкіршілік етемін. Раббыма сансыз мақтау болсын! Менің Исламға келуіме басты себеп болған нәрсе мұсылман отбасында өскендігім болса керек. Атам мен әжем намаз оқитын. Бала кезімде әжемнен естіген көптеген уағыздар әлі күнге дейін жадымда. Кішкене күнімізде намаз оқымасақ та әжеміздің намаз оқығанын қызықтап өстік. Кейін арман қуып Алматыға келгеннен кейін көптеген мұсылман бауырларымыздың «Ардақ, Алладан қорық. Өйткені, Қияметте Алла Тағала сен спортшы екенсің ғой, сен чемпион екенсің ғой демейді. Оразаң мен намазыңды, істеген ізгі амалдарыңды сұрайды» деген сияқты уағыз насихат тарын естідік. Солай «Не үшін жаратылдым? Кіммін? Қайдан келдім? Жа ратылудағы мақсатым не?» деген сияқты сұрақтар төңірегінде ойлана бастадым. Бірақ жұма намазын қалдырмай, үнемі барып тұратынмын. Бір күні жұма намазына барсам, белімнен ғана келетін кішкентай бір бала қасымда намаз оқып тұр. Соны көріп ұяттан, намыстан жерге кіріп кете жаздадым. «Мына кішкентай баланы қарашы, намазын оқып жатыр. Ал мен болсам дапдардай азаматпын. Одан күшім көп, тамақты да көп жеймін. Ақылым одан көп. Намаз оқымай жүргенім мынау» деп өз-өзіме қатты ренжідім. Сөйтіп, намазға бет бұра бастадым. Кейін Алла Тағаланың қалауымен бес уақыт намазға жығылдым. Намазымның, дінімнің, спортқа, өміріме, тіршілігіме ешқандай кедергісі жоқ. Керісінше, ең бақытты адам менмін. Жарысқа шығатын болсам, Алла Тағалаға тәуекел етемін. Үнемі, Алла Тағаланың мені бақылап, бағдарлап тұрғанын білемін. Алланың шынайы құлы болғаным үшін, Оны танып, құдіретін сезінгенім үшін Оған сансыз мадақтар айтып, шүкіршілік етемін.

– Ардақ, оқыр манға ой салар салиқалы əңгі меңізге көп рақмет. Отбасыңызға амандық, ісіңізге берекет тілейміз!

Раушан Каршалова,
«Патриот тұлға».

bottom of page