top of page

АЛАШ АРЫСТАРЫ

Image-empty-state.png

Қошке Кемеңгерұлы

Қазақ халқының біртуар қай­раткері һәм көрнекті қаламгері Қошке (Қош­мұхамбет) Кемеңгерұлы 1896 жылдың 15-шілдесінде ескіше Ақмола облысы Омбы уезі Теке болысы Қаржас ауылында туды. Кеңес үкіметі орнаған соң бұл ай­мақ Ресейдің Омбы облысы Әдес (Одесское) ауданына қарап кетті. Қазіргі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шек­ара­сынан Қаржас ауылы небары он бес ша­қырымдай жерде қалды. Тағдырдың жа­зуымен, тарихтың шешуімен Қошкенің кіндік қаны тамған жер, туып-өскен то­пырақ бүгінде бөтен елдің құрамына қа­райды.

Image-empty-state.png

Әлімхан Ермеков

Әлімхан Әбеуұлы Ермеков Алаш қоз­ғалысының жас та, алғыр, іскер қай­раткері болды. Алашорда үкіметінің мү­шесі, та­би­ғатынан зерек тұлға, мате­матика ғылымдарынан тұңғыш қазақ про­фес­соры. Әлімхан Ермеков 1891 жылы осы күнгі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Бөріктас деген жерде дүниеге келді. Әкесі Әбеу халыққа қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі болған.1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі.

Байланыс:

+7 (775) 228-43-78

  • YouTube
  • 768px-Instagram_icon

Жіберілді! Рахмет!

bottom of page