БҰҰ зерттеуі : Бореальдік орманға көңіл бөлу – өзекті!
- Patriot Tulga
- 11 часов назад
- 1 мин. чтения

Бореальды (солтүстік) орман әлемде тропикалықтан кейін «екінші жеңіл орман» деп аталынып, әлем ормандарының 27 пайызын құрайды. Бұл орман Солтүстік полюсті, Солтүстік Американы, Европа мен Азияны қоршап жатыр, сондай-ақ әлемдегі биоәртүрлілікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Өзінің маңыздылығына қарамастан, бореальдік орманды қорғауға саясаткерлер мен қоғам белсенділерінің тарапынан қолдаулар жетіспейтіндігі өкінішті-ақ. Бұл жөнінде БҰҰ-ның Европалық экономикалық комиссиясының Нью-Йоркте ормандарға байланысты өткен форумында баса айтылды. Әлемдік деңгейдегі табиғи қазынаны сақтау күн тәртібіндегі мәселе екендігі назарға алынды. Канаданың, Финляндияның, Норвегияның, Ресейдің, АҚШ-тың және Швецияның ормандары мен бореальдік ормандарды кешенді зерттеу барысында солтүстік ормандарының дамуы мен оның болашағы туралы орын толмайтын қателіктер жіберілгені анықталған.
Бореальдік орман әлемнің 9,3 пайызын алып жатыр.
Бореальдік орманның ауылшаруашылығында маңызы зор, сондай-ақ әлемдік ағаш қорының 37 пайызын құрайды. Бореальдік орманда жидектер мен саңырауқұлақтың өсуі де адам тіршілігіне өте пайдалы. Ал, демалыс пен туризм, ол тіптен өзекті тақырып.
Адам баласына осындай пайдасын келтіріп отырған орманға залал келтіретін қауіптер әркез орын алып жатады. Мәселен, орман өрті, зиянды жәндіктердің қатері мен мәңгілік мұздықтардың еруі.
Бореальдік орманның табиғатты реттеу мен биоәртүрлілікті сақтауда маңызы зор. Тұщы суды қорғаумен қатар солтүстік елдердің экономикасын дамытуда да айтулы рөл атқарады. Сол себепті бореальдік орманды қорғау мен дамыту ғалымдар тарапынан үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.
Жанерке Марат,
«Байтақ» жасылдар партиясының мүшесі
Comments