top of page

Өз ісінің білгірі


ree

Қазақстан халқы 1 қазан - Қарттар күнін атап өтетіні белгілі. Кешегі Кеңес Одағы ыдыраған тұста он бес одақтас республикаларының күштері біріктірілген әскер құрамында қызмет еткен алдыңғы толқын жауынгерлерінің жас шамасы тұр тоқсан жастан асты десек, соңғы легі бүгінгі күнде елуден асып түсуде. Көптеген әскери қызметшілердің Кеңес әскері қатарынан, егемен еркіндікке қол жеткізген өз елдерінің төл әскерінен ауысқандары да бар. Солардың бірі - запастағы аға прапорщик Тиранов Аутжан Даутович.

Бүгінгі күнде сексен жастан асып отырған Аутжан ақсақал кешегі күнді әскери қызметті Кеңес әскерінің қатарында бастағанымен, зейнеткерлікке Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарынан шыққандығын растай аламыз. Аутжан Тиранов Ұлы Отан соғысындағы батыр ержүрек батырларымыздың Ұлы Жеңіске жеткен жылдың көктемінде, яғни 1945 жылдың 6 наурызында дүниеге келген. Кеңес әскерінің сапында әскери ұшақ айлағында қызмет еткен А.Д. Тиранов сексен жастың сеңгіріне жетсе де, дәл қазіргі таңда еліміздегі белгілі "Сарышаған" полигонындағы командалық-бақылау бекеті орналасқан жердегі әскери тікұшақтадың ұшу-қону алаңының қауіпсіздігі мен полигонда ұйымдастырылып өткізілетін оқу-жаттығу барды қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыруда тынбай еңбек етіп келеді.

Отбасындағы жарымен бірге 2 қызынан өмірге келген 5 немерелеріне "ата" болып саналатын Аутжан Даутович Кеңес әскерінің ғана емес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері болып саналады.

Еңбегімен көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген Аутжан Тиранов ақсақалға ұзақ ғұмыр тілейміз!


Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан Жұмашұлы

 
 
 

Недавние посты

Смотреть все

Комментарии


Байланыс:

+7 (775) 228-43-78

  • YouTube
  • 768px-Instagram_icon

Жіберілді! Рахмет!

bottom of page