top of page

2025 жылғы шетелдік танымал ТОП-10 бағыт

 

ree

Биылғы жылдың 9 айында елден сыртқа шығушы қазақстандық туристердің саны 920 мыңға жетіпті.  Бұл дәл өткен тұтас бір жылғы көрсеткішке пара-пар болып тұр.  


Жыл өткен сайын отандастарымыздың туристік пакеттер арқылы демалуы өсіп келеді. Биылғы 9 айдың ішінде, дәлірек атсақ, 2025 жылдың 21 қыркүйегіне дейін 920 мың қазақстандық шетелде демалып қайтқан. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 1 миллионнан сәл асса, 2023 жылы шамамен 800 мыңға жуық адам шетелде демалған.

  «Қамқор» КҚ деректерінше, 2016 жылдан бері қазақстандықтар өздерінің қауіпсіздігі үшін сақтандыру полисімен және  туркодпен қамтылатын туристік операторлар ұйымдастыратын  саяхатты таңдауда. Мұның өзі туристердің шетелге шығуда туристік сауаттылығын көрсетеді дейді қор мамандары.


  2025 жылғы шетелдік танымал

ТОП-10 бағыт  


1. Түркияда — 184 620

2. Вьетнамда — 73 442

3. Мысырда — 62 412

4. БАӘ-да  — 40 090

5. Қытайда — 13 943

6. Грузияда — 10 562

7. Тайландта — 10 232

8. Катарда — 9 581

9. Мальдив аралдарында — 6 613

10. Черногорияда — 3 051 турист демалған.

 

Қауіпсіз  турды таңдау


1.       Туристік оператор немесе туристік агенттік  Қауіпсіздік Жүйесінің реестріне енгізілген бе, соны тексеріңіз. Оны fondkamkor.kz сайтынан тексере аласыз.

2.       Туристік агенттіктен міндетті түрде толық пакеттер құжаттамасын талап етіңіз: келісім шарт, ваучер, бару мен қайтуға авиабилеттерді, сақтандыру полисі мен туркодты.

 

Жанерке МАРАТ,

Туристік компаниясының

атқарушы директоры

 

 

 
 
 

Недавние посты

Смотреть все

Комментарии


Байланыс:

+7 (775) 228-43-78

  • YouTube
  • 768px-Instagram_icon

Жіберілді! Рахмет!

bottom of page