ЖЫЛ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
- Patriot Tulga
- 1 час назад
- 2 мин. чтения
Еліміздің бас мерекесі – Республика күні қарсаңында Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық кеңес пен «Уақыт Таңдауы» Агенттігінің бірлескен жобасы бойынша жүргізілген байқаудың қорытындысы шығарылды.
Жамбыл атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы – Жылдың үздік филармониясы аталымында бас жүлдеге ие болды. Бастауында әйгілі музыкатанушы, академик Ахмет Жұбанов тұрған бұл концерттік-сахналық мәдени беткеұстар мекеменің құрылғанына биыл 90 жыл толып отыр.
Филармония құрамында бүгінде Н. Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы, Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, Мемлекеттік қарағайлы үрмелі аспаптар квинтеті, Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, Мемлекеттік классикалық гитаристер квинтеті сияқты шығармашылық жеті ұжым еңбек етеді. Филармония ұжымы көрерменге жылына 250-280 концерт ұсынады.
Директоры –Ақан Жылқышыбайұлы Абдуалиев.
Полиграфия, баспа ісі, кітап саудасы бойынша маманданған «Атамұра» корпорациясы – Жылдың үздік баспасы ретінде жеңімпаз болып танылды. «Атамұра» баспасы – оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми, ғылыми-көпшілік, көркем-әдеби, энциклопедиялық басылымдар шығаратын әмбебап баспа. Баспа авторлардың құқығын өздерінде қалдыра отырып қазақ және орыс, басқа да шетел тілдерінде жылына жалпы көлемі 1000 баспа табақтан астам, таралымы 1,5 млн дана кітаптар мен кітапшалар, 50 млн данадан астам түрлі полиграфиялық өнімдер шығарады. Іс жүзінде ұлттық идеологиямызды дамытуға орасан үлес қосып отыр.
«Атамұра кітапханасы» сериясымен 2002 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін елімізге белгілі 150-ден астам ақын-жазушының туындылары басылып шықты. Бұдан өзге ғылыми әдебиеттер басып шығару, «Атамұра кітапханасы», «Атамұра» мектеп кітапханасы», «Менің тұңғыш кітапшам» сияқты сериялармен өнім шығару жалғасып келеді. Сондай-ақ «Атамұра» корпорациясы тәуелсіздік жылдарында жаңа буын оқулықтарын шығаруға да өз үлесін қосты.
Бірнеше рет баспа-полиграфия өнімдері бойынша халықаралық жүлделерге ие болды.
Корпорацияда мыңға тарта адам еңбек етеді.
Президенті – Рақымғали Абрарұлы Құл-Мұхаммед.
Сарапшылардың бірауыздан ұйғарымы бойынша «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық Қоры – Жылдың үздік Қоры деп танылды.
«Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры (бұрын KATEV қоры) 1992 жылдан бері сапалы білім, саналы тәрбие бағытында жұмыс істеп келеді. Қор қызметі «Білім-инновация» лицейлері мен өзге де білім беру ұйымдарының білім беру қызметін үйлестіруге, осы ұйымдардың қызметіне әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асыруға, орта және жоғары білім беру жүйесін дамыту мақсатында басқа да мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарымен әріптестік желісін дамытуға бағытталады. Қор дарынды балаларға арналған 32 лицей мен басқа да әріптес мекемелерді біріктіріп отыр. Қор жұмыс істеп келе жатқан 33 жылдың ішінде пән олимпиадаларында БИЛ шәкірттері халықаралық деңгейде 4558 медаль, республикалық білім сайыстарында 5147 медаль жеңіп алған.
Оның ішінде 1017-сі халықаралық алтын медаль!
Президенті – Өте Дархан Ермаханұлы.
Қазақстанда отыз жылдан астам уақыттан бері халал стандартымен жұмыс істеп келе жатқан «Ozyurt» мейрамханалары – Жылдың үздік қоғамдық тамақтандыру желісі ретінде жеңімпаз болды. Ол Шығыс пен Батыс кухняларына өзіндік көпір болып отыр.
«Ozyurt» мейрамханаларының алғашқысы Төлебаев көшесі, 13 мекен-жайындағы ресторан. Ол тұтынушыларға түрік тағамы «дөнерді» ең алғашқы болып ұсынды. 2012 жылы «Ozyurt food» брендімен «Ас үй фабрикасы» құрылды. Бүгінде мейрамхана желісі алматылықтар мен қонақтардың жоғары бағасына ие.
Бүгінде мейрамхананың Ozyurt Tulebayeva, Ozyurt Aport Moll, Ozyurt Atakent Moll, Ozyurt Ush Sunkar, Ozyurt Aport East, Ozyurt Khan Shatyr сияқты филиалдары жұмыс істеп тұр. Мейрамханалар желісінің басты ерекшелігі – тағамдарының дәмділігі мен жоғары сапасы.
«Ozyurt» мейрамханалар желісінің директоры – Хамза Арслан.
"Patriot-Tulga news"
Комментарии