Оразбекова Күләш Айтмолдақызы,
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің
профессоры, психология ғылымдарының докторы, профессор
Қазақта ата-бабамыз адамның жақсы кісілік қасиеттерін хадиспен белгілеген. Хадистердің айтуы бойынша, имандылық қасиетінің 19 қағидасы бар. Яғни, нағыз иманды, тәрбиелі, білімді адам болу үшін осы 19 қағидаға ие бола білу керек делінген. Сұлтанмахмұт жастарға мына дүниеден өз орныңды таба біл, адам бол, қатарыңнан қалма, үнемі ілгері қара, жігерлі де талапты бол, жалқаулыққа, еріншектікке салынба, ерінбей еңбек ет, кісілікке ұмтыл, сонда ғана мұратыңа жетесің, өмірден орныңды табасың дейтін теңдесі жоқ ақыл-кеңестер береді. Кісіліктің басты белгілерінің бірі – ар-ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң да арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған.
1. Имандылықтың қос босағасы – Ар-ұят. Ғаламдағы барша іс-әрекеттердің үлгі-өнегесі ар-ұятқа бірден-бір байланысты. Егер ұят пердесі түрілсе, адам – адамнан тыйым көрмесе, адамдар арасындағы татулық, бірлік жоғалады деген қазақ. «Ар-ұяттың бір ақыл – күзетшісі, ар мен ұят сынбаса өзге қылық...» – деп Абай ұятты екі түрге бөледі. Екіншісі – адамдық қасиеттен туындайтын ұят. Бұл ұятты баба былай түсіндіреді: «Ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұндай ұят қылық жасағаныңды жұрт білмесе де, өз ақылың, өз ынсабың, өзіңе жаза тарттырады». Абай мұндай ұятты өте жоғары бағалады. Бұл – адамның өзіне-өзінің қатаң жазасы екенін, осыны түсінген адамның басқа біреу дің жасаған ұятты қылығын қайталамайтындығына көз жеткізеді. Осы ойды «Ұят барда – иман бар» деп тобықтай түйінмен Төле би бабамыз да айтқан.
Абайдың адамгершілік мәселесін қозғайтын шығармасы - «Отыз алтыншы сөзі». Қара сөз ұят туралы. Өз кезегінде ұяттан, ардан безгендерді сынай келіп, ұят және оның түрлерін сөз етеді. Ұяттың бір түрі - адамның балалық дәуірінде болатын табиғи құбылыста, екіншісі - жасықтық, ынжықтықпен байланысты. «Ұялмас нәрседен ұялған ұялу - ақымақтық, жамандық», - дей келіп, шын мәніндегі ұят қандай болу керек деген сұраққа жауап береді. «Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қылмысының аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көздің жасын, мұрынның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нәрсені көрмейді. Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар адам кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар», - дейді. «Ұят кімде болса, иман сонда» деген қазақтың мақалынан да ұятқа үлкен мән бергенін көреміз. Сондықтан да ұлы ақынымыз Абай да бұл мәселеге аса көңіл бөліп, өскелең ұрпақтың ар-ұяттарын таза сақтауын арман еткен. Осындай қара сөздердің бүгінгі таңда тәрбиелік мәні зор.
2. Намыс – жеке адамның өз бойындағы жақсы қасиеттерді, атақ мәртебені, даңқты өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортадағы қоғамдық пікірді қорғай алуын қамтамасыз ететін сана-сезімнін дәрежесі. Қандай қоғамда болмасын намыстың жеке бастық намыс, азаматтық намыс, кәсіптік намыс, ұлттық намыс сияқты түрлері болады. Аталған намыс түрлері, сол сияқты жалпы намыс, ұғымы әртүрлі дәуірлерде әртүрлі қоғамдық әлеуметтік таптардың түсінігінде түрліше сипатта көрініп отырады. Намыс – адамның ішкі сезімі, абыройды қорғайтын құралы. Намыс – адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір, лезде лап ететін сезімінің көрінісі. Ол адамды нәпсіқұмарлыққа жібермей, тұла бойын жаман әрекеттерден сақтайтын таза ұлы қасиет. «Жаралған намыстан қаһарман халықпыз» деген отты тіркесті, жүректі жарып шыққан ұлы сөздің мән-мағынасын ойлау түгіл оны түсінбейді. Ондайлардан ұлттық намысты бағалап, оны қорғайды деп үміттену қиын, ана тілін меңгеруде ұлт намысы тәлім-тәрбиенің негізгі өзегі болу керек.
3. Әдеп. Адам – Әдебімен көрікті. Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі, тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі, дейді халық даналары. Қазақ салтында үлкеннің атын атамау, оны сыйлау әдептілік, көргенділіктің бір үлгісі болып саналады, ондай қылық риазашылық сезімін тудырады. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер өз тарапынан оған лайық ықылас білдіруге тырысқан, содан барып үлкен, кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Әдеп – өзін орынсыз олақ, салақ сөзден және қолайсыз іс-әрекеттерден тыю, сондай-ақ өзіңді де, өзгені де тәрбие шекарасынан шығар май, абырой аясынан табылу.
4. Жомарттық. Адамның ең тамаша қасиеттерінің бірі – жомарттық. Ол адамға қызмет істеп жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарттық – бұл нағыз байлық. Жомарт болу үшін дүние-дәулетіңнің мол болуы шарт емес. Жомарт болу – өзінде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Алайда сіздің ештеңеңіз болмаса да, жомарт болуыңыз әбден мүмкін. Сіз танымайтын адамның жанынан өтіп бара жатқанда жылы жымиып қарай аласыз ба, яғни танымайтын адаммен өзіңіздің жылы шырайыңызды бөлісе аласыз ба? Бөлісе алсаңыз, сіз — жомартсыз. Біреуді қапалы, қайғылы кезінде көңілін көтеріп, ән, әңгіме айтып көңілдендіре аласыз ба? Солай істейді екенсіз, онда сіз — жомартсыз. Демек, ақшаға бағаланбайтын жайдары да, ашық жүзіңізбен-ақ жомарт бола аласыз. Сіз біреудің кемшілігін кешіре аласыз ба? Онда сіз — жомартсыз. Демек, сіз өзіңізде барды немесе көңіліңізді бөлсеңіз, соның өзі жомарттық болады. Ол – үлкен байлық. Адам осы байлықпен дүниеге келген, бұл байлық — оның болмысы. Болмысыңмен болыс, басқаға жәрдем қолың соз, басқаға сүйіспеншілікпен қара, солай істесең, сен – жомартсың.
5. Қажыр-қайрат.Қажыр – жақсы тілекке жету жолындағы тынымсыз әрекет. Қайрат — мақсат жолындағы машақатты сапар. Кісінің бағасы қанша биік болса, мақсат жолындағы қажыр-қайраты да соншалықты қуатты да, шуақты болмақ. Әрбір қайратсыз, – дейді Абай, - қорқақ, мақтаншақ келеді. Қайраттың төрт түрі бар.
6. Әділдік. Тарихқа көз жіберсек, адам баласының ең аяулы арманы, мұраты әділдік болып келе жатқанын көреміз. Әділдіктің мағынасы туралық, дұрыстық, түзулік дегенді білдіреді де, одан таю, яғни әділдікке жатпайтын іс істеу, қиянат жасау, біреудің обалына қалу, жазықсыз жапа шектіру болып шығады. Сондықтан әділдік адамның ең асыл қасиеті, адамгершіліктің, әдеп, инабаттың негізі деп саналады. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», дейтін халық мақалында осы шындық тамаша, дәл әрі өткір тұжырымдалған. Әділдікті аттап өтіп орындалатын қандайда болсын iс-қимылдар екіжүзділік, залымдық болып табылады. Өйткені әділдік жоқ жерде адамшылық жоқ. Бұдан əділдіктің өлшемі сөз емес, іс екені көрінеді. Сол себепті де қоғамды жетілдіріп, адамдардың өмір-тіршілігін жақсартуды аңсаған даналарымыздың бәрі дерлік, заманды түзеудің басты шарты – әділдікті адамдар іс-қимылының ережесіне айналдыру деп қараған.
7. Кешірімділік – күнәһар адамның өз күнәсін түсініп, сезініп одан арылу үшін әрекеттену жолындағы ісі, бұл қасиеттің шарапаты мол. Кешірімділік — кеңшілікке жол ашады. Кешірім сұрап күнәһар алдыңа келсе, «Атаңның құнын кеш» деген қазақта аталы сөз бар. Бұдан кешірімділік ең жоғары қасиет – иман, инабаттылықтың нышаны екенін аңғару қиын емес. Данышпандардың айтуына қарағанда, күнәһардың күнәсі қанша көп болса, кешірім жасаушының адамгершілік кеңшілігіне лайық алатын сауабы да соншалық мол болады екен.
8. Кеңпейілділік – ашу-ызаға ерік бермейтін адам бойындағы айрықша қасиет.
«Дастарханы жоқ» немесе «дастарханы кең» қонақжай немесе «пейілі тар» деген қазақтың бағасы отағасына, сол үйге берілген баға деп қабылданған. Халықтың мейманға деген көзқарасын білдіре отырып Мақтымқұлұлы сияқты дана ақынның өзі: «Мейманға жоқ жарлы, байы, келген екен, қызмет қыл» – деп қонақ күтуді міндет деп ескерткен.
Халқымыз ежелден ақ көңіл, қонақжай, меймандос ел болған. Меймандостық – бейбітшіліктің белгісі (символы) іспеттес. Көшпенді ата-бабалармыз қашанда бейбітшілік аңсаған. Бірлікке, тірлікке, жарасымды қарым қатынасқа шақырған. Өз бетімен ешкімге ұрынбаған. Той-думан, ас беру, қыз ұзату, келін алу т.б. ұлы жиындарда салтанат шеруі бірінен бірі қызықты өтіп, ақ дәм, ақ дастархан жаюлы тұрған. Ұлттық психологияның осы жағы Ақтамберді толғауларындағы басты тақырыптың бірі болғанын аңғару қиын емес:
Ойпақ жерге он отау,
Қыраң жерге қырық шатыр тігіп,
Қонағымды жайғасам!
Он кісіге жараса
Бір кісіге арнап тартқан табағым.
Міне, жалпы қазақ атамыздың кеңпейілділік көрінісі.
9. Мінез-құлық – адамның ішкі сыр-сипаты. Сыпайылық, ақжарқын, момын, тұйық сияқты адам болмысындағы түрлі өзгешеліктер осыған байланысты. Адамды қартайтпайтын ол жақсы мінез дейді халық. Мінез адамның адамдылығын көрсететін «айна». Сол айнаға қарау арқылы сол адамның мінез-құлқын айыра аламыз. Дана Абайдың айтуынша: «Сол мінездердің бірі: Көші-қонды дау-жанжалды адамдарда билік тізгіні болатын. Ал өзге жұрт ешкімге соқтықпай өз шаруасымен жүретін». Топ басшылары қандай іс жасаса да халық та оны сынамаған. Байлары малынды да, жанынды да өзіне бердім деп, жетпегенді жетілдіріп, жақсылығыңды асырамын деген. Сондықтан халық байды әулие көріп, құрметтеп, жақсылары да азбаған. Ал екінші мінез намысшыл келеді. Аруақ шақырып, ат аталған жерге бұрынғы өкпе-назға қарамай көмектеседі екен. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» десіп жүре берген. Сондай мінездерден айрылған соң, басқадай мінез табатын күн қайда, ‒ деп күрсінеді. Ғұлама әл-Фараби болса: «Жаман мінез-құлық рухани кесел» деп дәл айтқан. Мінез – адамның бет пердесі, сөзіңнің, жүрегіңнің пернесі, жалпы қасиетті қазақ зиялылары 7 мінез, 7 жақсы, 7 жаман деп айтып кеткен. Дана әл-Фараби, рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» (әл-Фараби). Мінез сапаларының бірі – оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси ақылақтық (моральдық) ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-мағына әрекетінің мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы. Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, сенімі, өзіндік мінез-құлқы болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі. Іскерлік пен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық адамға тән мінезді көрсететін қасиеттер.
10. Қайыр-мейір – адамдардың өзара дос болып, жақын болмағының белгісі. Ол адамның ісінен көрінеді, мейірімді, мерейлі жүзінен байқалады. Күн секілді күллі әлемнің шырағы, Нұрлы сезім – мейрімділіктің гүл бағы. Жүрек, яғни сезім — мейірбандылықтың, мейірімділіктің құт мекені, сауыты. Адам баласының өскен ортасына қарай бір-біріне деген мейірімділігі, рақымшылдығы осы сезімнен туады. Сондықтан сезім – мейірімділіктің, рақымшылдықтың сауыты болып табылады.
Қандай болар мейірімі мол кісі,
Мейірбандық – кісіліктің үлгісі.
Есіңе ұстап мейірбанның нақылын,
Дәулет болар, алсаң соның ақылын.
Мейірімнен шынайы леп еседі,
Соны бақсаң – дәреже, бақ өседі.
11. Мәрттік – қадір-қасиеті адамдарды жатсынбай өзіне жақын санайтын кісіде болады: Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Өз қадірін жоғалтар, бағы тайса байлар да,
Қадірсіз боп қалады сыйсыз адам тойларда.
Өз қадірін жоғалтар, ар-намыссыз қарындас,
Бөсіп өскен ұрпағың ел ертеңін ойлар ма?
Өз қадірін жоғалтар құнары жоқ жеріңіз,
Өз қадірін жоғалтар өсегі көп еліңіз. Бәрін айт та, бірін айт, қадірсізден безіңіз, – деп бабалар айтқандай, қадір – қасиеттердің ішінде ең бағалысы. Адам баласы қашан да болсын қадірмен қатарласып өмір сүрген. Егер адамның қадірі бол маса, ол өзін қоршаған ортаға сүйкімсіз болады.
12. Кішіпейілділік – өзін былай қойып, өзгелерді ойлау, құрметтеу. Кішіпейілділік, қарапайымдылық адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, ең ақыры, киген киімінен де аңғарылып тұрады. Кішіпейілдік өзге адамдарды сыйлаудан, олармен қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылықтан, басқалардан ерекшеленуге әрекеттен беуден, өзінің қызметін дабыралап марапаттамаудан көрінеді. Ондай адамның сөзі ұстамды келеді, өзінің сезімін басқаларға білдіруге асықпайды, қарым-қатынасында тұрақтылық басым болып, аума-төкпелілікке жол бермейді. Бірақ мұның бәрі қандай жағдайда да өз пікірін ашық айтуға кедергі келтірмейді. Өйткені ол өзіне де, өзгеге де жоғары талап қояды. Кішіпейіл адам адамгершілігі мол, мейірбан болады, кісіге қарасуға, қол ұшын беріп, жәрдемдесуге әзір тұрады. Кішіпейілділік жай нәрсе емес, ол мінез, әлеуметтік мәртебе, көп қошемет тұтатын асыл қасиет болып табылады. Сол үшін да халық: «Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік», – деп, оның мәнін өте дұрыс айтып жеткізген. Кішіпейілділік адамның тамаша қасиеті ретінде тарихта талай-талай әңгімелерге арқау болған. Ежелгі заманның әйгілі ойшылдары, философтарының кішіпейілдігі жайындағы әсерлі, тағылымды әңгімелерге қоса, олардың адамның бұл асыл қасиеті жөнінде айтқан терең мағыналы нақылдары сақталған. Оларда бұл қасиеттің жақұттай құлпырған сипаттары туралы айтылады:
Кішіпейіл болған адам өмірде, қарай білер жақсылық пен көңілге.
Кішіпейіл кішілігін көрсетсе, ол адамға болады тек сенуге.
Кішіпейіл өсіреді өркенін, көніліннін көтереді желкенін.
Кішіліктің қайда жүрсе сыйы мол, тек жақсылық күтіп тұрар ертеңін.
Кішіпейіл өзгелерден биікте, ол өмірді өтеді тек сүйіп те.
Тек жақсылық сыйлай жүріп өзгеге, ал өзгені салмайды ол күйікке.
Кішіпейіл адамдықтың белгісі, кішілікті мойындамас өр кісі.
Адам жанын көркейтетін кішілік, кішілікті мойындар тек ер кісі. Кішіпейілдік адам санасын кеңейтеді. Адам неғұрлым кішіпейіл болса, ол соғұрлым кадірлі, қастерлі, қасиетті адам болады.
13. Аманат – адамдардың сеніміне ие болу – ең мақтаулы, ең ұлы бакыт. Бұл адамның үй-іші, әке-шеше, тума-туыстарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындағы міндетін бар санасымен терең аңғара алып, түсіну, сондай-ақ осы арадағы өз парызы мен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру жатады. Бұл екеуі кісіліктің басты белгісі, терең және күшті сана-сезімді қажет ететін қасиеттер. Борыш пен жауапкершілікті, қарыз бен парызды қамтиды. Бір адам моншаға түспек болып танымайтын бір адамға, қалтасындағы алтынын моншадан шыққанша аманат етіп береді. Ол сол жерде күтіп отырды. Әлгі адам моншадан шығып, киімдерін киіп, кетуге айналды. Ұры оның артынан дауыстап: «Әй, мырза, мә, мына алтындарынды ал. Мен бүгін сенің аманатынды сақтаймын деп, шаруамнан қалдым», – деді. Әлгі адам айтты: «Сен кімсің? Ол неғылған алтын?» — деді. Ұры айтты: «Мен бір жүрген ұрымын, бұлар – сенің тапсырған алтындарың», – деп. Ол адам сонда былай деді: «Егер сен ұры болсаң, онда неге алтындарды алып кетіп қалмадың?» Ұры айтты: «Жүз түгіл, мың ділда болса да, ойланбай-ақ, алып кете берер едім, бірақ сен бұларды маған аманатқа тапсырдың ғой! Ал аманатқа қиянат қылу – ерлік емес».
14. Адалдық – ақиқатшыл адал жан қай жерде болмасын үлкен құрметке ие болып, екі дүние ырзығына кенеледі. Шыншылдық пен адалдық алдымен амандық-саулыққа шарапатын тигізіп, істің оңды бітуіне себепкер болады. Мұны ата-бабамыз ұрпағына ескертіп: «Адам күні – адаммен», бұл жиһанның базарында адал бол, өзіңді адал ұста, адалдық – киелі деген.
«Сөз шындыққа келгенде, бас кессе де болмадым! Сөз шындыққа жеткенше, өткір сөзбен торладым...», десе Жамбыл, «Адал сол – таза еңбекпен күнін көріп, Жаны үшін адамшылық ар сатпайды. Ақ жолына адалдықтың өткізбес, Адамшылық жойылғанда бойынан», – деген Шәкәрім.
15. Уәде. «Ер мойнындағы қыл арқан шірімес?» Біз бұдан уәде, ант серт деген ұғымдардың мәңгілігін көре аламыз. «Уәде, құдай анты», яғни біреуге уәде беріп, берген уәденде тұра алмау, құдайға да қарсы шығу болып есептеледі. Уәдесі берік адамның жан дүниесі де берік болады. Егер берген уәдендi сақтай алмасаң, онда саған уәде берудің қажеті шамалы. Өйткені уәдені орындамау тіршілік тарихына қарсы келеді.
Уәделескен адам уәдесін уақытында орындай алмаса, уәде берген адамның ұлы ұятқа қалады. Сондықтан «адамның адамшылығы ұят» екенін ескеріп, босқа уәде бермеген абзал. Жігіттік уәдеге кірсең анық, айтылмыш уақыттағы серттен тайма, — деп өткір батыл тілмен жастарды берген уәдесін берік ұстауға шақырады. Ал Мақыш (Мәшһүр) Қалтайұлы (1868—1916) уәде туралы былай деген: Ант ету жалған iске сөзін бұзып,
Көрмедім деп ант ету біле тұрып,
Болмағанды болды деп, болған істі
Болмады деп ант ету біле тұрып.
Үлкен харам қор болған сипаттар
Ол мұсылманды құтқарып тапса да жол.
Мұсылманды жазадан құтқарам деп
Өтірік ант күнәнің бәрінен зор.
16. Сабыр-тағат — әр істі асықпай, саспай қолға алу – адамның асыл сипаты. Сабыр-тағат істің оңалуына, шаруаның жөнге келуіне бірден бір себепші. Сабырлылық – адамның өзін-өзі билеуі, ісіне, әрекетіне, алдына қойған мақсатына ісін бағындыра білуі, қиыншылықтарды жеңіп, өзінің сезімдерін қадағалауды жүзеге асыра алуы, айналасындағылардың қарсылығына душар болғанда торықпауы немесе күрт қимылдарға бармауы. Ол – адамның ерік-жігері күштілігінің көрсеткіші, сонымен қатар адамгершілік қатынастардың негізі. Сабыр ‒ жоғары бағаланатын, ұшқалақтық пен шыдамсыздыққа қарама-қарсы түсінік. Оның тәрбиелік сипаты – адамның бірден қызбалық, ішімдікке, жеңілтектікке салынбай, әр істің ақырына көз жіберіп, ойланып әрекет жасауында. Халқымыздың «Ашу алдында, ақыл соңын да» деген данышпандық ескертуін іске асырып, ашуды ақылға жендіретін сол сабыр. Сондықтан сабырдың қасиетін сан ғасыр бойында сынақтан өткізіп, анықтаған ата-бабаларымыз: Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа. Немесе, Сабыр түбі – сары алтын, сақтаған жетер мұратқа, – деген мақалдар шығарған. Сабыр – әдептілік, инабаттылықтың рухани тірегі. Сабырлы адам басқа түскен ауыртпалықты мәрттікпен қабыл алады. Ал жеңіл, ұшқалақ кісі күйіп-піседі, өзін демде бір отқа, бір суға тастайды, қайғы-мұңға салынып, ұнжырғасы тез түседі. Сабырлық адамды сонымен қатар жауапкершілікке де тәрбиелейді. Сондықтан да сабырлы адам қоғамда абыройлы болады, оның қадір-қасиетін барша жұрт мойындайды, айтқандары да әсерлі, көпшілік еркімен, ықтиярымен мойындайтындай салмақты, өтімді келеді, деген қазақ:
Сабырлы адам ісінің соңын бағар,
Сол қасиет, әрине, көпке жағар.
Мұндай жанға алыстан ат арытып,
Ағайын мен жат келіп ақыл сұрар.
Ақыл — адам көрігі, ақылдың сабыр — серігі
Жетеді сабыр қылған тілегіне,
Иеді акырында темірді де.
Сабырлы – шыдар, сабырсыз — сынар.
17. Кісі ақысын өтеу. Атамыз қазақ алдымен Алла тағала нәсіп еткен дәм-тұздың ақысын мың мәрте шүкіралла айта отырып тәубеге келген лазым. Одан соң ұстаз, ата-ана, жұртшылық-қауым, жетім жесір, мүскін-мүсәпір, көрші-қолаң ақысын өтеу – әр адамның борышы деген. Кісі ақысын өтеу адам бойындағы адамгершілік қасиеті. Біреуден алған нәрсенді өз уақытында қайтармау, адам ақысын өтемеу бұл өмірде де, ол өмірге өткенде де мойнына зіл батпан борыш болып байқалады. Біреуді алдап кез келгенін алып, ертең әкелемінмен алдау да тіршілік табиғатына жат нәрсе.
Шерлі өлмейді, борышты өледі,
Қайғылы өлмейді, қарыздар өледі.
Сен басынба: бәрі құлы Алланың,
Өйтсең – өзің тозақ тілеп алғаның, – деген Баласағұни. «Жарамас сол парызды таптап кету» – деп Мақыш (Мәшһүр) Қалтайұлы тобықтай түйінмен тұжырымдайды. Осындай даналардың ұстаздық сипаттағы ұлағат сөздері күні бүгінге дейін өз құнын жоймай, жас жеткіншектерді тәрбиелеуде елеулі үлес қосатыны анық.
18. Жақсылармен сұхбаттас, жаманнан аулақ болу. Бабаларымыз жаманнан аулақ, жақсыға жақын болуды талап еткен. Жақсылар сөзін естіп, ой-өрісін кеңейтіп өскен адам өзі де жақсы болады. Жаманнан аулақ болған адам жамандыққа жуымай-ақ жолға түсетіні анық. «Жаман жолдас жауға алдырар, жаман би дауға алдырар», – деп жаманға жоламауды айтады. Жақсылардың жанында даналардың назарында жүріп, олармен дәмдес, сұхбаттас болу – өмірдің өлшеусіз бақыты мен дәулетіне ие болу деген сөз.
Жақсылардың әр сөзі – жан азығы білгенге,
Бір-біріне қарайлап ажар ашар гүлдер де,
Жақсыменен сөйлессең, аузынан гүл төгіліп,
Құмарынды қандырар.
Жаманнан аулақ болу. Адам баласы өсек-аяң, ғайбат сөздерден аулақ жүру арқылы жақсылық пен жамандықтың парқын таразылай біліп, жақсымен сұхбаттас болсаң, бойға қуат, жанға азық аласың. Жамандарға жанап кетсең, жағаңа жала жармасып, басыңа бәле жұғады. Оны төмендегі даналар сөзінен білесіз: Ұлы жазушы Ф. М. Достоевскийдің: «Спиртті ішімдіктер адамды айуан, аң етіп жібереді», – деп ашына жазуына әбден негіз бар еді. Арақтың қай түрін, қай заманда, қай елде ішсе де, нәтижесі бірдей болатыны осылардан анық көрінсе керек. Мысалы, сол арақты ішу барысында тәп-тəуір-ақ кісілердің инабаттылықтан қалай жұрдай болып, ар-ұятты қалай ұмытатыны туралы қадым заманғы грек жырауы Гомер мен орта ғасыр да өмір сүрген араб ақыны Абдул-Фарадждың сипаттамаларының ұқсастығы таңғалдырады. Гомер айтады: «Шараптың күшін айтпаңыз: ең ақылды деген адамның өзін рабайсыз ән салдырып, оспадар күлдіріп, тіпті тапырақтатып би билетеді. Ішінде ұстағаның жөн болатын сөзді де көбіне аузына салады», — деп.
Енді ақын Абдул-Фараджды оқиық: «Арақ-шарап оны ішкен адамды төрт түрлі күйге түсіреді. Ә дегенде ол адам тотыға ұқсайды – жұрт көзіне түсуге тырысады, оның қимыл-қозғалысы да кербез әрі керім болып келеді. Содан соң ол маймылдың қылығын шығарады, елдің бәрімен қалжыңдасып, қылжақтай бастайды. Одан кейін ол арыстан кейпіне кіріп, тәкаппар, паң, өз күшіне сенген өр көкірекке айналады. Бірақ ол ақыр аяғында шошқа болып, сол құсап батпаққа аунайды», — дейді ол. Бұл екі ақылманның қатты күйіне жазып отырған көріністері — өз еліміздің осы күнгі үлкен, кішісіне таңсық суреттер емес, бірақ оған солардай жиреніп, дініміз бен салтымызда жоқ кеселді жастарымызға насихаттап, оның зиянды жаман әсерінен зардап шегетінін санасына жеткізуіміз қажет-ақ. Өйткені мұндай жағдай жауынгер жастар арасынан да шығып жатады.
19. Парасат – парыз дегеніміз өзінің мағыналық аясына ақыл-ой, сезім, ерік-жігер, ар-ождан, абырой, әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтып, оларды адам өміріндегі қайшы құбылыстарға қарама-қарсы қоятын жоғары зияткерлік, адамгершілігі мол кісілік ұғым, оны парасатты адам дейді. Парасатты жауынгер саналы түрде міндетін түсініп барлық игілікті істерге аспандағы бағдар сілтер жұлдыз сияқты қабілетті болса, онда барлық ұлы және тамаша, қызықты нәрселерге қабілетін артыра алады. Өйткені парыз алға қойған мақсат, міндеттен туады. Яғни міндет жауынгерге парызды жүктейді. Өз парызын саналы түрде түсіну ғана сарбазды бәрінен де жоғары қояды, оның мәртебесін көтере түседі, жаман ниетті қылықтардан – қорқақтық пен опасыздықтан сақтандырады. Парызды саналы түрде түсіну ғана оның қажыр-қайратын, ақылақтық күші мен қабілетін екі тіпті үш есеге дейін арттырып, шабыттандыра әрі жігерлендіре түседі. Парызды саналы түрде түсіну ғана жеңістерге серпін береді, ерлік адам бойындағы қуатты тасқындатып, шығармашылық күш қайнарын ашады. Парасат- парыз жауынгердің қадір-қасиетін, кісілік кемелділігін білдіріп жоғары қоятын жиынтық ұғым. Сондықтан офицерлердің міндетті түрде солдаттың бойында ортақ мақсатқа жұмылдыратын, бірлікке шақыратын коллектившілдік сезімін тәрбиелеуге, дарытуға және бекітуге ерекше көңіл бөлгені жөн. Бұл сезімді халықтың дәстүр-салты, жауынгерлік дәстүр, сондай-ақ бірыңғай әскери киім үлгісі, ұрыс жүргізу тәсілдеріне бірыңғай түрде үйрету, мақсаттың бірлігіне сендіру бекітіп, дамыта түседі. Солдаттың сана-сезіміне: бөлімшенің әлсіздігі – оның әлсіздігі, бөлімшенің масқара болуы – оның масқара болуы, бөлімшенің даңқы – оның даңқы, бөлімшенің намысы – оның намысы, бөімшенің сәтсіздігі – оның сәтсіздігі, табыс – оның табысы екендігін жеткізу қажет. Ол өзі қызмет етіп жүрген жауынгер коллектив – оның жауынгерлік отбасы болып табылады, бұл отбасы тағдыры оның жеке басының тағдырымен ажырағысыз байланыста. Парасатты адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп-инабат, адамгершілік жағынан кінәратсыздық, салиқалылық пен мейірімділік, ізгілікпен кең мінезділік тән. Парасатты болу үшін, сондай-ақ терең ілім-білімі болу керек. Парасатты адам әрқашанда алды-артын бағалап алып әрекет жасайды. Парасатты адам көптің пікірімен, көңіл райымен санаса тұра: «Көп айтса көнді, жұрт айтса, болды - әдеті надан адамның», - деп данышпан Абай айтқандай, әр нәрсеге еріп кетпей өз ақыл, тәжірибесі арқылы көзін жеткізіп барып, пікір түйеді. Парасат ұғымы адамның кемелдігінің белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдеп, инабаттылықтың кең, бай мінезінің жарасты тұтастығын білдіреді.
Парасат (араб сөзі) – ақыл-ой, сана-сезім, көрегендік, тапқырлық, зерделік-адамзат ақыл-ойының ең жоғары сипатын, танымның дәл түсінуіне қабілеттілігін білдіретін ұғым. Философияда парасат ұғымы ақыл-ойдың жасампаз күшін дәріптеу мағынасында қолданылады. Психологияда парасат ұғымы жеке адамның санасының дамып жетілуі, қалыптасу ерекшеліктері жөнінде теорияда қолданылады.
Қазақ даналарының тұжырымдауынша, ақыл-парасаттылық мынадай он қасиеттен тұрады: біріншіден, кішіпейіл болып және адамдарға сезімталдықпен қараудан; екіншіден, өзінің ісінің дұрыс-бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етіп, олардың тілек-армандарын орындаудан; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру - білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, мәжілістерде тыныш, үндемей отырудан, әдеп сақтап, білмейтін нәрсені айтпаудан және өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен сақтанудан; тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы, біреудің ісіне, өзі сұрамаса, араласпаудан, құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.
Парыз ‒ бұл орындалуға тиіс міндет пен әрекет. Парыз алға қойылған міндеттен туады, яғни міндет адамға парызды жүктейді, сондықтан да парыз бен міндет адамның қызмет әрекетінде әр түрлі. Халық: «Билік кімде болса, сұрау да содан» дейді. «Міндет адамға жауапкершілікті жүктейді». Егер бізді қоршаған табиғат пен жануарлар әлеміне тіл біткен болса, онда олар мүлдем әділ түрде бар дауыспен: «Адамның қолына қыруар билік берілген, одан көбірек сұрағын, жаратушым!»- деген болар еді.
Әскери қызмет әскери қызметшілерге біз әскери парыз деп айтатын ерекше бір өзіне тән (ерекше) міндет жүктейді. Мемлекетті қолына қару алып сыртқы және ішкі жаулардан қорғау ‒ әскердің (армияның) басты міндеті мен мақсаты. Әскердің (армияның) негізгі мақсаты – ұрыс жүргізу, бұл әскери мақсатқа жету жолындағы бірден бір кұрал. Кез келген ұрыстың міндет-мақсаты – дұшпанға қақырата соққы беру, демек әскери парыз дегеніміздің өзі бұл жеңісті сезіну, жеңіске жету жолында қауіп-қатерден тайсалмай, намыс пен абыройды жоғары ұстап, өлімге тәуекел етіп, жауды жеңген кездегі мақтаныш сезімі деген сөз. Әскери парыздың өзегі әскери рух, әскерлердің ақылақтық (моральдық)-адамгершілік бейнесі жоғары саналық (идеялық) пен отансүйгіштік (патриотизм) болып табылады. Әскери рухтың – парыздың мән-маңызы өлімге бас тіксең де дұшпанның еркіне мойынсұнбау. Әскери рухтың көрінісі ‒ өзін барлық кезде сергек те көңілді ұстаудан, өз міндетін дәл, мінсіз атқарудан, ұқыптылық, тиянақтылық танытудан үсті-басын таза, мұнтаздай етіп ұстаудан тәртіп пен қызметтік міндеттерді дұрыс орындаудан, полктің туын қасиетті ту етіп жоғары ұстай білуден көрінеді. Адамның жан-тәніне түсетін жөнсіз сын мен ауыртпалықтан арып-ашу мен қажудан мүмкіндігінше аулақ болған жөн, әскердің күш-қуаты мен рухын түсірмей, қайта көтеріп жауынгердің санасына біртіндеп қызмет етудің қажеттігін жеткізу керек.
Парыз дегеніміз өзінің мағыналық аясына ақыл, сезім, ерік, абырой, ар-ождан, әділдік, шындық, махаббат тағы басқа да мәселелерді қамтып, оларға адамның қызмет аясындағы қайшы құбылыстарды қарама-қарсы қоятын ең жоғарғы зияткерлік, кісілік (интеллектуалдық) ұғым. Өз парызын саналы түрде түсіну ғана сарбазды (солдатты) бәрінен де жоғары қояды, оның мәртебесін көтере түседі, жаман ниетті қылықтардан – қорқақтық пен опасыздықтан сақтандырады.
Қазақ әскери ғылымына ғылым болып қалыптасуына, қазақи нақыш пен бағыт-бағдарға ие болып дамуына зор ұлес қоскан ғұлама ғалым Б. Момышұлының Соғыс психологиясы атты еңбегіндегі жауынгерлердің бойында болатын қасиеттерді әскери және рухани мұра ретінде бүгінгі сарбаздарға ұсынуды жөн көрдім. Қараңыз, қандай қасиеттердің, қайысысы сізде бар:
Әскери айбындылық — ешнәрсемен де есептеспей, жан аямай батылдықпен жеңіп шығу. Әскери айбындылық тәртіп пен ерліктен (күш-қуат, өзін-өзі ұстау, табандылық және қаһармандық) ептілік, денсаулық, күш-қуат, сергектіктен тұрады. Командирлер адам күші мен материалдық құралдарды, яғни аз шығындармен жауынгерлік міндеттерді орындаған кезде моральдық, материалдық және ұрыса білу, жауынгерлік қабілетті сақтай білуге ұмтылуға тиіс. Әскери құрмет — әскери ерлігі үшін халық атынан білдіретін алғыс. Нағыз жауынгерлерді тәрбиелеуде дәстүрдің алатын орны зор.
Абырой — жеке адамның ар-намысын ұғыну деген сөз. Абыройды, жоғары моральдық рухты сақтау жолында өз өмірін қиюға дейін баруға ниет ету ‒ намыс деп аталады.
Армандаушылық ‒ жүзеге аспайтын нәрселерді ойлану, дегенмен де бұл адам бойындағы күшті құштарлық. Соғыста армандаушылық көбінесе нақты міндеттерді шешуде шығармашылық (творчестволық) жолға итермелейтін қозғаушы күш.
Сенімділік, соғыс пен ұрыстағы сенімділік — дұшпаннан басым түсу сезімі, өзінің жеке басының ар-намысын сезіну. Сенімділікке істі білу мен жауынгерлік рухты көтеру арқылы қол жетеді.
Күдік ‒ алған әсерді шала әрі айқын сезіне алмаудың, түсіне және өңдей алмаудың салдарынан, ойдың толқуы. Күдік қорқыныштың бір түрі, соғыста толқу ‒ бір нәрсеге шешіліп тәуекел ете қоюға, бір нәрсеге әрекет қылуға мүмкіндік бере қоймайтын, көбіне сасқалақтан асып-сасуға дейін жеткізетін өте қауіпті, көбіне залалды астан-кестең болған ішкі дүниенің күйі; жаңыла бастаған адам, басқаларды да есінен жаңылыстырады.
Күдіктене бастаған командир, әдетте, өзінің міндетін орынбасарына артып немесе оның «қарамағындағылар жай оны түсінбепті» деген сылтаудың зардабынан өзін қауіпсіздендіре отырып, жалпы сөзбенен анық, айқын емес бұйрық беріп жеке бұйрықтан қашқалақтайтынын біздер тәжірибеден білеміз. Халықта мұны айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады дейді. Жеке басым өзімнің бастығым генерал Чернигов ақылының тұрлаусыздығынан үш рет сәл болмағанда ажал апатына түсе жаздадым, осы жағдай «күдік» деген ұғымды тереңірек түсінуіме түрткі болды. (Б. Момышұлы)
Жігерлендіру дегеніміз — рухани күш беру, күш-қуаттың тасуы, сергектік күй. Әскерді жігерлендірудің құралдары мыналар: инабаттылықпен, кішіпейілділікпен ықпал ету, адамның адамгершілігін құрметтеу, бастықтың жеке өнегесі, ақыл-кеңес беру, айтқанын түсінікті етіп ұғындыру, көңілден шыққан қарапайым сөз, тапқырлық, шешендік, орынды айтылған әзіл-қалжың, ойын-күлкі, ән-күй, жауынгерлік және басқа да әндерді айту, би билеу мен бөлімшелердегі басқа да көркемөнерпаздық жатады. Көркемөнерпаздыққа ерекше көңіл бөлген жөн, өйткені, солдат өзін бәрібір көбінесе көрермен ретінде сезінетін, әрі артистерге тек қана кәсіпқойлар деп қана қарайтын нағыз артистердің көрсеткен өнеріне қарағанда, ол бірге қызмет ететін жолдастарының қойған ойын-сауығында көңілі көбірек көтеріліп, шабыттанып, өзін әлдеқайда жеңіл сезінеді. Сөйтіп, офицерлердің міндетті түрде сарбаздың (солдаттың) бойында ортақ мақсатқа жұмылдыратын, бірлікке шақыратын ұжымшылдық (коллектившілдік) сезімін тәрбиелеуге, дарытуға және бекітуге ерекше көңіл бөлгені жөн.
Өжеттілік, қайсарлық — жауынгердің тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс. Ерік үмітсіздік бұғауын үзіп, адамның бүкіл жан дүниесі мен тәнін ширықтырып құлшындыра түседі, мұндай іс-әрекетті күтпеген әрі өзінің құрбандығына душар еткеніне сенімді дұшпанға беймәлім жолмен оқыс соққы беруге жетелейді. Өжеттілік, дұшпан үшін мүлдем күтпеген нәрсе, бұл жағдай ең алдымен ақылақтық (моральдық) тұрғыдан есеңгіретіп тастайды, мұндай батыл қимылдан есін жинай алмай быт-шыт болған дұшпан лезде бірнәрсе қабылдай қоярлық қабілетінен айырылады. Жауынгер өзінің қаруымен күшті, бірақ та алып батырдың қара күші де табанды жауынгердің жай қаруының алдында қауқарсыз болатыны сияқты әлсіздің қолындағы ең қуатты қару да дәрменсіз. Табандылық ‒ батылдардың қалқаны. Құтқару қашуда емес, қорғану мен шабуыл жасауда. Кімде-кім қорғанбаса, сол өледі. Тәуекелсіз ерлік жоқ.
Ерлік дегеніміз не? Бұл адамға туа біткен қасиет емес, дұрыс жүргізілген әскери тәрбиенің жемісі. Ержүректілік пен батырлықты найзаласқан қолма-қол ұрыстан көргісі келетін адам қателеседі.
Ерлік табиғат сыйы емес, ең алдымен өзіңнің ар-намысыңды және азаматтың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін ‒ азаматтық парызын орындау үшін осындай адамгершілік, теңдікте өзіңмен сайысқа түсе отырып, тұтас ұжым (коллектив) өмірінің игілігін ғана емес, сонымен қауіп-қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға-жанмен, қанға-қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарыңды қауіпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр ету.
Батылдық ‒ қимыл әрекет есебін тәуекел етумен үйлестіре алушылық. Тәуекелді есеп ақтайды. Есепсіз тәуекел ‒ тұл. Көзсіз батырлық ‒ ептілікті батылдықпен ұштастыра білушілік. Ойланбай жасалынған көзсіз батырлық ‒ есерсоқтық. Ептілік ‒ адамның ақыл-ойын ұшқыр ойлай білуге, дене қимылын икемділікке, бұлшық еттерінің шиыршық ата қозғалыс жасауға қатаң жүйелі түрде тәрбиелеудің (жаттықтырудың) нәтижесі.
Ақыл ‒ таниды, анықтайды, тапсырма береді, жоспарлайды, іс-қимылдың әдіс-тәсілдерін және мақсатқа жету жолдарын көрсетеді. Ақылдың жұмысы адамның ішкі сезім күйін бейнелейді. Мұны біз көбінесе жекелеген ұғымдарға жіктеп жатамыз.
Сезім ‒ тән мен жанның белгілі бір жағдайдағы күйі, яғни біздің сыртқы дүниені қабылдау және оған жауап беру. Рухани, немесе кейде жоғарғы деп те аталынатын ‒ яғни, адамның көңілін аударып жан дүниесін астан-кестен ететін сезім ‒ оған маҳаббат. жек көрушілік, ашу-кек, ыза сезімі және мынандай: ақиқат, әділдік сезімі, шындық, өтірік және т. б. сияқты ұғымдар жатады.
Әсер ‒ адамның психикасын қоздыратын немесе басатын жағымды немесе жағымсыз түйсік, сезім. Әсер сезімі денелік те (физикалык та), сондай-ақ бұл сөздің рухани мағынасында да адамның қызметіне тікелей ықпал ете отырып, адамды қайраттандыра түсуге, оның бойындағы күш-қуаттын артып, болмаса әлсіреуіне себепші болады. Бізге бәрінен де гөрі әскери тәрбиеде жауынгерлік қасиеттерді дарытудың моральдық және адамгершілік негіздері ретіндегі сезімдердің ең жоғарғы көрінісін білу, зерттеу және түсіну маңыздырақ.
Ерік ‒ өз бетінше дұрыс та парасатты шешім жасауға әрі оны өмірде жүзеге асыруға қабілеттілік, яғни ақыл-ойдың сезіммен үйлесімді жұмысы, сезімнің ақыл-ойға бағынуы. Мықты ерік қорқынышты, ұрыстың ауыр жан күйзелтер ауыртпалығын басады, сейілтеді, қажуды, аштық пен суықты және басқа да қиыншылык, ауыртпалық пен азапты жеңеді, сарбаздардың (солдаттардың) еркін өзіне бағындырып, өзін де өзгелерді де мақсатқа жету жолындағы қауіп-қатерге жұмсайды. Қысқасын айтқанда, ерік дегеніміз қозғаушы күші, мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңуші құрал.
Назар ‒ ерік-жігердің алаңдаушылық күйі – өзінің барлық болмысымен құбылысты тану, қабылдау және оларды міндеттерді айқындау мақсатымен мида қорытуға көңілді аудару.
Күншілдік ‒ басқа адамның басымдығын және өзінің әлсіздігі мен түкке шамасы келмейтіндігін түсіну. Басқалардың тасының өрге домалау, күш-қуатының, қайратының артықтығы, сондай-ақ заттай нысандағы игілігі күншілдік сезімін тудырады, өйткені әркімге іс-әрекет етуге құлшыныс танытушылық, мен басқалардан кеммін бе деп өзін-өзі жоғары қоюшылық пен сенімділік тән. Абай былай деген: Іс-әрекеттің табыстылығы басым түсудің нәтижесі болып табылады әрі атақ, даңқ, танымал, қоғамдық ықпал және с.с. нысанда көрінеді. Мұның бәрі күншілдің көреалмаушылығын қоздырып, ашу ызасын тудырады, жан дүниесін күйзеліске түсіреді. Ақылақтық жағынан азапқа салады, бұдан ол өз бәсекелесiнiң сыртынан өсек айтып кемсітіп, үстінен әртүрлі өсек-аяң таратып оның пайдалы істері мен әділ еңбектері жөнінде тіс жармай даттау жолымен құтылғысы келеді. Достық қарым-қатынас әдебін сақтап Жамандығын жасырып, жақсылығын асырудың. орнына түймедейді түйедей етіп көрсетеді. Күншіл өзінің кескін келбеті жағынан әрқашан да өзі күндегі жүрген адамнан төмен тұрады, немесе әскер тілімен айтқанда, сөз тасушы адам өсектеп жүрген адамының тырнағына да тұрмайды. Ең алдымен өзі өсектеп жүрген адамнан гөрі сөз тасып жүрген адамның жеке басын тексеріп көру қажет. Өкінішке орай, бізде кейде керісінше істеп жатады.
Ынтасыздық ‒ әр түрлі себептермен ерік-жігердің босаңсуы, жинақсыздығы, тұрақсыздығы.
Салақтық ‒ істі аяғына жеткізуге дейін еріктің әлсіреуі, нашарлауы, божырауы.
Күншіл ‒ әсіресе, әскерде (армияда) жексұрын да зиянды адам, өйткені ол жаман адамгершілікке, жат қылық қа, тіпті қылмысқа да бейім. Тіпті күншіл адамның біреудің лайықты еңбегін елемеуі, ауызға да алмауы және басқалардың пайдалы істерін жұртшылықтың тануына қалайда кедергі келтіруге тырысып бағуы сияқты енжарлық әрекеттері өте зиянды. Оның бұл әрекеті дарынды (талантты) да қабілетті адамдардың еңбек өнімділігін төмендетеді, сөйтіп іс пен жалпы мүддеге орасан зор нұқсан келтіреді. Күншіл адам ыждағаттылық, әділдік пен берілгендік сияқты адамның жақсы қасиеттерінің арасында кикілжің, іріткі салады. Күншіл кісі, әдетте атақ, даңқ, шен құмар, мақтаншақ келеді.
Мақтан сүйгіш ‒ алғашқы мағынасы абыройды, ар-намысты құрметтеу әрі ерік-жігердің қозғаушы күші деген ұғымды білдірген, жағымсыз ұғымда ‒ атақ, даңққа жөнсіз ұмтылуды білдіреді. Сый-құрметке, атақ-даңққа, адамгершілікке жатпайтын, ойдан шығарылған жалған жымысқы әрекетпен, шын мәнінде болған жайды өшіріп, өзінің еңбегі етіп көрсетуге ұмтылушылық. Мақтан сүйгіштікке қарсы қолданылатын бірден бір құрал қара қылды қақ жара әділдік, ерлікті өте сезімталдықпен айыра біліп, тауып, көре білушілік. Ерлікті таба білу, ерді тани білу. Олжа ‒ елге сауға, атақ – ерге сауға. Ерлік елеусіз қалмасын деген қағиданы қатал да парасатты түрде ұстан.
Қорқыныш ‒ өлім қаупіне, адам шығынына және басқа да ауыр әрі азапты оқиғаларға алып келуі ықтимал жағдайды күтуге байланысты адам бойында туатын сезім. Жан қиналысына, денеге оқ, жарықшақ тиіп жарақаттануға, аяқ-қолды жұлып кетуге, өлім, яғни жеке адам өміріне үлкен зардабы тиетін сұрапыл ауыртпалықтың төнуіне байланысты қорқыныш сезімі пайда болады.
Қорқақтық ‒ ерік-жігердің және өзін-өзі ұстай білудің жоқтығы, соның салдарынан әскери парызды, жеке басының абыройын тәрік етеді, өзін-өзі сақтау түйсігінің (инстинктінің) жағымсыз жағының көрініс табуы.
Шешімсіздік – асып-сасуға, абыржу мен әрекетсіздік күйге дейін жеткізетін ерік күшінің толқуы. Жарғы (устав) ешқандай әрекетсіз отырғаннан әйтеуір бір шешім қабылдауды міндеттейді. Кінә жауды жоюға ұмтылып мақсатына жете алмаған адамға емес, жауапкершіліктен қорқып, тайсақтап, іс-әрекетсіз қарап отырып қалған, қажетті сәтте жеңіске жету үшін барлық күш қуат пен қаруды қолдана алмаған жанға артылады.
Зерiгу ‒ ақыл-ойдың қызығушылығының болмауы, қабілеттің аздығы, қызметтің әлсіздігі осыдан келіп пайда болады. Зерiгу қызмет орнына, табиғаты келмейтін жұмысқа бейімділігіне, қабілетіне қарамай тағайындай салушылықтан келіп туады. Халық: «Қарғаны баптағанмен бүркіт болмас», «Аяз би әліңді, құмырсқа жолыңды біл», «Әркім өз жөнін білгені жақсы» деп бекер айтпаған. Әр уақытта адамның туа біткен қабілеттілігін, табиғи дарындылығын және қызметтік талаппен байланысты тууы мүмкін қайшылықтарды орағытып кеткен жөн. Қызметкерлерді, кімнің неге қабілетті екенін, жалпы кімді қай жерге тағайындау емес, пайдалану жөн, тиімді екенін анықтау мақсатында зерттеп білу, анықтау талабының заңды екені белгілі. Мұның бәрін есепке алмау қызметкерлерді, шығын мен кажетсіз құрбандыққа душар етеді.
Селқостық ‒ негізінен зерігудің бір түрі, ойлаудың тиянақсыздығы, айқын еместігі, құбылысты байыпсыз қабылдаушылық; осыдан оның салдары енжарлық, қызметтік әлсіздік және т. б. туады,
Қулық ‒ алған әсерлерді жалған, жасанды түрде көрсету – соғыста ең сорақы бақытсыздық, өте қауіпті өтірік.
Екіжүзділік, жалған жаны ашушылық, түсінушілік, ұғынушылық, пікірлестік, өтірік нәрсені шын деп, шынды жасырып көрсетушілік.
Тәртіп ‒ қарамағындағылардың барлық күш-қуатын ортақ парыз негізінде біріктіру. Жауынгерлік сезімді саналы түрде түсінуге сарбаздың (солдаттың) бойында қызметтік міндеттерін өте жақсы орындап шығып көзге түссем деген ынталылықты ішкі жинақылықтың белгісі болып табылатын жайдарлығымен, сергектілігімен, күш-қуатының артуымен, ұқыптылығымен ар-намысты, абыройды жоғары ұстаудың белгісі болып табылатын сырттай мұңтаздайлығымен, парызға адалдықтың белгісі болып табылатын тәртіптілігімен, ілтипаттылықтың белгісі болып табылатын биязылығымен, шешімталдылықтың белгісі болып табылатын қызбалығымен, батылдықтың белгісі болып табылатын албырттылығымен, ерік-жігерлілігі мен табандылығының белгісі болып табылатын қайсарлығымен, сүйіспеншілік пен абыройлылықтың белгісі. Мен тәрбиелеудегі басты әдіс деп көз жеткізуді мойындаймын. Мәжбүр еткеннен гөрі адамға көзін жеткізген әлдеқайда тиімді, деп Момышұлы жауынгерлік өмірге қадам басқан жас ұрпаққа жоғарыдағы 19 қасиеттер ұғымын толықтыратын, өз ой туындыларын (қасиеттерді) қысқа да нұсқа, тайға таңба басқандай, майдан даласында ұрыстың тағдырын шешетін қасиеттердің анықтамасын да берді.
Әскер (Армия) ‒ мемлекетті сыртқы және ішкі жаулардан қорғауға арналған ұйымдасқан, тәртіпті мемлекеттің қарулы күші, әскерде (армияда) адамның рухани күші мен қажыр-қайраты қалыпты әрі жоспарлы жұмыс жүргізу үшін қатаң тәртіпке бағынады. Адамның ақыл-ойы, сезімі, еркі әскерде (армияда) әскери істі үйреніп білудегі арнаулы (әскери) бағыттарда және арнаулы әскери міндеттерді атқаруда дамып, жетіледі, ұштала түседі, көрініс табады. Ұйымдасқан күш ретінде әскердегі (армиядағы) адамдардың қимыл-әрекеті, күштің бағытталуы және мақсатқа ұмтылушылығы әскери парызды терең түсінуге негізделеді де, бағынуға, қолбасшылыққа сүйенеді.
Әскер (Армия) қарамағындағы адамдардың бастықтарға тәуелді болуын табиғи түрде міндеттей отырып, барлық жеке ерікті жалпы ерік-жігерлі күшке біріктіреді. Қарамағындағылардың ерік-жігерін аға бастық біріктіреді. Әскерде (Армияда) командир арқылы көрініс табатын жалпы ерік-жігер бар. Демек, әскер (армия) дегеніміз - ең саналы әрі парасатты адамдар тобы екен, әскерге жоғары, асқақ сезім, жалпы табанды ерік-жігер, тамаша ұйымшылдық, жоғары мінез-құлық тән.
Момышұлы майдан даласында ұрыстың тағдырын шешетін не деген мәселені терең ойластыра білген. Техника, қару-жарақ, әскердің дайындығы, жауынгерлік қабілет, әрине шешуші рөль атқаратыны мәлім, сонымен қатар, Бауыржан майданда техникадан да катерлі қару – бұл жауынгердің рухы деп білді. Кімде кімнің жауынгерлік рухы басым әрі күшті болса, ұрыс қулшынысы, жеңіс соның қолында болмақ. Жауынгерлердің рухын сындырып, жігерін жасытып тұла бойындағы күшін күйретіп алмау – командирдің басты міндеті мен парызы. Командир ретінде Момышұлы жауынгерлік рухқа аса үлкен мән мағына берді, жауынгерлердің жан-дүниесіне, ішкі әлеміне терең үңілді, оардың алған тәлім-тәрбиесіне маңыз берді, майданда солдаттардың сырына сараптама жасап, ой түйіндеулерін ұрыс күнделіктеріне түсіріп отырды.
Ұрыс кезінде солдаттың бойын екі түрлі сезім билейді: ол парыз сезімі мен қорқыныш сезімі. Ұрысқа кіргенге дейін, сондай-ақ ұрыс үстінде бұл екі сезім үнемі жауынгердің бойын билеп, арпалысты күйге түсіреді. Жауынгердің ішкі дүниесі алай-түлей күй кешеді. Егер осындай күресте жауынгер бойындағы парыз сезімі, оның дұшпанға деген өшпенділік сезімін жеңсе – онда жауынгер ерлікпен батыл да шебер шайқаса алады, ол әрбір қадам жасаған сайын тапқырлық танытып, ең қауіпті сәттердің өзінде темірдей тегеурінділік көрсете алады. Солдат сезімін Баукең былайша шартты түрде топтайды. 1. Жоғары сезімдер (высшие чувства):
парыз (долг)
адамгершілік (благородство)
ержүректілік (мужество)
ерлік (отвага)
батырлық (храбрость)
қаһармандық (героизм)
2. Төменгі сезімдер (низшие чувства):
опасыздық (измена)
ұждансыздық (низость)
үрей (боязнь)
қорқыныш (страх)
шошу (ужас) және т.б.
Дұшпанға ең қатерлі қару – жауынгердің рухы. Адамның моральдық-адамгершілік қасиеті рухани күш.
Рухани күштің негізгі қайнары мен қозғаушысы:
Ақыл (ум)
Сезім (чувство)
Ерік-жігер (воля) Жауынгер бойындағы осы үш элементті үнемі тәрбиелеп, ұштап, қанаттандырып отыру қажет деп санады.
Әлемде парыздан артық қуатты қозғаушы күш жоқ әрі болмайды да. Сарбаз (солдат) парыз сезімін дәл осылай ұғынып, түсінеді. Парыз сезімін, отансүйгіштік (ұлттық патриотизм) сезімін терең ұғынбайынша сарбаздың (солдатың) бейнесін түсіне алмайсың, өйткені парыз сезімі қиындықтан қайтпай, дұшпанның алдында тайсалмай шайқасып Отан үшін ақтық демі біткенше қызмет етуге әзір болу сезімінен туады. Оны парасатты адам дейді. Парасат – парыз сезімін, ерлікке, адамгершілік жағынан кіршіксіз болуға, мұқалмас ерік-жігерді шыңдауға, өз парызына деген сенімділікке тәрбиелеуде ең бір құнарлы құрал болып табылады. Өтірік – барып тұрған зиянды. Солдаттың жан дүниесіне ене білу керек, оның сана-сезіміне, психикасына ықпал етіп, басқара білген жөн, қызмет мүддесі жолында оның жанды жеріне де тиіп, ойластырылған қимыларды, қойылған міндеттерді орындау, жүзге асыру үшін оны барынша жұмылдыру қажет, солдаттың барлық қасиеттерін – моральдық және күш-қуатын, қажыр-қайратын білген дұрыс, солдаттың өсіп жетілуіне көмектесіп, оның бойына ұнамды, жақсы, озық қасиеттерді дарытып, жауынгерлік достыққа өз бөлімін туған жауынгерлік семьядай сүюге тәрбиелеу қажет. Бұл – командирдің қасиетті міндеті, борышы болуға тиіс.
Қазақ даналарының тұжырымдауынша, ақыл-парасаттық мынадай он қасиеттен тұрады:
біріншіден, кішіпейіл болып және адамдарға сезімталдықпен қараудан;
екіншіден, өзінің ісінің дұрыс-бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан;
үшіншіден, халқына қызмет етіп, олардың тілек-армандарын орындаудан;
төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу;
бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан;
алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден;
жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден;
сегізіншіден, мәжілістерде тыныш, үндемей отырудан, әдеп сақтап, білмейтін нәрсені айтпаудан және өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен сақтанудан;
тоғызыншы, қатенді бірден мойындап, кешірім сұраудан;
оныншы, біреудің ісіне, өзі сұрамаса, араласпаудан, құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.
АДАМ ДЕНЕСІНІҢ ПАТШАСЫ - ЖҮРЕК
Жүрек тәрбиесі күллі адам тәрбиесінің іргетасы. Ж. Аймауытов айтқандай: Халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына. Жүрек – теңізден де терең, даладан да кең, шыннан да биік деген халық. Біреу күй, біреу пішін, біреу сөзбен көрсетпейтін жүректің ісі бар ма?, дейді С. Торайғыров.
Аллаһ адамзатты көркем түрде жаратты. Сол көркем дене мүшеміздің бірі кеуде қуысында орналасқан жүрек. Жүрек - дара мүше. Оның қызметіне басқа ешбір мүше тең келмейді. Мәселең, дерті ұлғайған көк бауыр, соқыр ішек, бір бүйрексіз тірлік кеше беруге болады, ал жүрексіз тіршілік ету мүмкін емес. Естеріңде болсын! Адамда бір кесек ет бар, егер ол кесек жақсы болса, адамның бүкіл тәні де сондай, егер жаман болса, бүкіл дене де жаман. Ол кесек ет - жүрек. Мүшелердің ішінде түңғыш рет жүрек пайда болады, бұдан кейін ми, одан соң бауыр, одан кейін көк бауыр, әрі қарай басқалары пайда болады. Ең ақырында пайда болатыны жыныс мүшелері. Жүрек басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді, бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес. Екінші болғандықтан ми барлық басқа мүшелерді билегенмен, оның өзін жүрек билейді. Ендеше, жүректің табиғи ниетіне қарай, тәндегі күллі мүшелер оған қызмет етеді. Егер жүректегі нәрсеге дәлел іздемекші болсаңыз, бұған тілден дәлел іздеңіз. Өйткені, тіл иесі қаласын, қаламасын жүрегіндегі нәрселерден сізді хабардар етеді. Яхия ибн Муъаз айтқан: Жүрек ішіндегілерімен қайнап жатқан қазан тәрізді. Ал сөйлеу тілі оның шөміші. Сондықтан, бір адам сөйлеп жатқанда, қараңыз. Себебі, оның тілі жүрегіндегі нәрсені шөміш тәрізді шығарып береді. Оның сөйлеу тілі тәтті ме, қышқыл ма, тұщы ма, ащы ма жүрегіндегілерді шығарып тұрады. Бұдан тысқары сізге, оның жүрегінің дәмін тілінің шөміші баяндап береді. Яғни, қазандағы тағамның дәмін тіліңізбен білгеніңіздей, бір адам жүрегіндегі нәрсенің (дәмін) сипатын оның сөйлеген сөзінен білесіз. Оны Абай адамның жүрек сөзі – мидың символы дейді. Жүрек тәрбие түрлерінің ішінде ең қомақтысы, ең негізгісі – иман мен инабат тәрбиесі.
Имандылық: Тәрбиенің тірегі –
Имандылық болады.
Имандыдан жақсылық
Шапағатын алады.
Имандылық – адамдық,
Пайдасын ел көреді.
Имандылық – амандық
Тәнге саулық беретін,
Имандылық – иманың
Жаратқанға сенетін,
Имандылық – адалдық,
Құт-береке келетін.
Имандылық – таза жол,
Бабаларым бастаған.
Имандылық – дара жол,
Салт-дәстүрін сақтаған.
Имандылық – инабат,
Ата-анаң баптаған.
Имандылық – ұстамдық
Сабырлылар сақтаған.
Имандылық – ақиқат,
Ана тілмен жатталған.
Қағидасы қалаулы
Жүректерде қатталған.
Иман жүзді мейрімді
Ұланы болсаң елімнің
Инабаттылық: Инабат – ердің базары,
Ақ жүзінің ажары.
Инабатсыз адамның
Күнде мұқар ажары.
Дүниеде адамға,
Ақыретте Аллаһқа,
Болса керек жазалы.
Инабат – ердің дәулеті,
Өсер басының әулеті.
Инабатсыз ерлердің
Итке ұқсар келбеті.
Ұқсағаны емей немене,
Кем болған соң құрметі.
Инабат – діннің бүтіні,
Пайдаланса керек-ті,
Инабат – ердің жолдасы,
Артса керек мал басы.
Инабат – ердің азығы,
Бақыт пенен дәулеттің.
Жүректің таза, ұяттың күшті кезінде бастау алған, балаң кездегі «періште қосқан» табиғи достық сезімі – тек имани қуат негізінде болған достық. Абай данамыз достық – тәні бөлек, жаны бір, екі кеуде, бір жүрек дәрежесіндегі көңілдердің нәзік үйлесім жүрегі жұмсақ білген құл – шын дос таппай тыншымас (Абай). «Жүрегінде дүниеге тән ештеңесі жоқ, сенің ешбір халіңді айыптамайтын, оның алдында қанша өзгерсең де, саған деген танымын өзгертпеген адамдармен дос бол. Өйткені ең көп өзгерген кездерің – досқа ең мұқтаж болған кездерің»... (Зуннун Мысри әулие). Иманды адам – таза, түзу адам. Иман – көңілдің терезесі. Көңіл – сезімдердің жиыны. Абай мен Шәкәрім оны: жүрек көзі, көкірек көзі, ой көзі, көңіл көзі және ақыл көзі деп атайды. Сондықтан халық: «Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы. Теңіздей түбіндей-ақ қарап бақшы» десе, ойшылдарымыз: Жүрегіңнің жұмбағын жүзің шешіп береді. Жүзің шешіп бермесе, сөзің шешіп береді деп жалғастырады». Абай данамыз 30 түрлі жүректі келтіреді.
Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ, жүрек адамның тәні мен нәзік болмысының орталығы. Сондықтан, жан адамды жүрек арқылы басқарады. Фәни тіршіліктің әсерімен жан былғанған кезде, адамдар жақсы мен жаманды айыра алмай, өмірдің сергелдеңіне түседі.
Жүректің қуанышы бет-жүзді жарқыратар,
Жүректің қайғысы көңілді жабырқатар.
Абай жан жүректе орналасқан дейді.
Адамның көрген барлық қорлығын әуелі жүрек қабылдайтындықтан, қазіргі замандағы жүрек ауруының көбеюінің негізгі себебі, міне, осында жатыр. Жан былғанса әуелі жүрек, соның ықпалымен адамның психикасы (нәзік болмысы), сонан кейін оның тәні ауруға шалдығады. Абай атамыздың 14-қара сөзінде «Қазақта адам баласы ғой көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлықтай жүректе жігер, қайрат байлаулылықтың жоқтығынан азады» деген. Иман – жүрек азығы, оның өзіне тән ләззаты бар. Мысалға жеу ләззаты бар. Адам баласы түрлі тамақтарды ұнатады. Бірде аштысын, бірде тәттісін, бірде қышқылын, ал бірде шыжғырылып қуырылғанын, не балбырап піскенін ұнатады. Оның жолында әрекетте болады. Ақшасы болса соған шығын қылады. Неге? Себебі ол тамақ оның денесі үшін қуат. Сонымен қатар одан ләззат табады. Сол сияқты шөл қандырған сусындарда да ләззат бар. Киер киімнің де ләззаты бар. Мінер көліктің ләззаты бар. Сол сияқты көру, ету, сезіну ләззаттардың бәріне адам баласы жеткісі келеді. Жетсе ажырап қалмау үшін қам жасайды. Бірақ осы ләззаттардың ішінде ең көркемі, әрі ең ерекшесі, әрі рахаттырағы - иман ләззаты. Ол ләззат – жүрек ләззаты, яғни нұрлы иманы бар жүрек. Ал нұрлы зат жан жағына сәуле таратып, әрдайым айналасына шуақ сыйлайды. Ал қазіргі нарықтық кезеңде жүректі ақыл билейді, ал ақылды ақша билейді. Оның бәріміз де куәсі болып отырмыз. Жүректің жұмсақтығы азайып, ақылдың кемелдігінен адамдар жапа шегіп отырғаны анық.
Ал М.Х.Дулати жүректің 41 түрін көрсетеді.
Ет жүрек Дем алған жүрек Қауіпті жүрек Аяулы жүрек Мұңлы Жанған от Дәл соққан Суық Тынықсын, үндемесін Улпілдеген Жүйке Жанартау Қан Қайғырымпаз Әлсіз Ызыңдап қалған Әлем Дертті Жарасы көп Жетім қалған Отан жүрек Бұлданған жүрек Жас жүрек Қат қабат Шат Ұшқан от Жүйткіп жүрген Зат Арызшы, арызқой Өр Сенбеген Жан Жылы Қауіп жүрген Лып етіп тоқтай қалған Сымдай тартылған Құлдық Күй шертер Жыр күткен Шерлі
ЖҮРЕК
Қайда барсаң да ақылы тасыған, бірақ қытымыр жандарға кезігесің, ал адамдар бір-бірінен жиі көңілі қалып, жүрегі қапаланып жүреді. Мұны жүрек рухының зиянды кеселдері деуге де болады. Мұндай жағымсыз қылықтар – уайымшылдық, имансыздық және тағатсыздық. Бұлар жүректі аздырып, тәнді тотықтырады. Одан құтылудың амалы: «Таудан арқасы бардың тастан жүрегі болады». Ол дегенің арқа сүйер асқаралы елі бардың алдын кім кесе алады? «Ер елімен жақсы, жер кенімен жақсы». Алапат ерлік те, ғажайып қаһармандық та айбынды елі бардан шығады. Өжеттік – отанды арқаланудан туады. Ежелден солай. Халқы үшін қабырғасы қайысатын, жалпы үшін жаны ашитын, ел десе ет жүрегі елжірейтін ер көзсіз жанқиярлыққа іркілмей барады. «Тайынбаған тауды жығады, тайсалмаған жауды жығады». Кескілескен ұрыста, шайқасқан шайқаста «Тәуекелдің нары күшті». Өжет-өлімнің өзін де ығыстырады. Айқаста атаға да жалтақтама, ініге де емінбе, өзіңе сен. «Жүрек – ер, бас – кемеңгер». Жүректің кілті – ауызда. Әр үйдің тірегі, жүрегі, тілегі болады, жігері ері, жүрегі – жары, тілегі – бала-шағасы деген ата-бабаларымыз. Абай адамды әр салада өз мүмкіндігін жүзеге асыра алатын сан қырлы, алуан сырлы тұлға деп білді. Оның ойынша, адам өзін табиғатты, дүниені және өзін-өзі жаңғыртып түлеуге, жасампаздық іске арнауы тиіс. Абай адам болмысының әдеп қырларына ерекше назар аударды, оның бүкіл шығармашылығының өн бойы имандылыққа, адам туралы терең психологиялық ой толғамдарға толы. Ал оның басты мақсаты – адам болу үшін неге жақын, неден қашық жүру керек екендігін, жақсылық пен жамандықтың ақиқаттық болмысын (психологша – К.О.) ашып беру. Абай адам мен дүние ұқсастығынан тұтастық пен тұрақтылық негізін іздестіреді. Негіз тыныштық пен келісімде, адам қасиеттерінің құндылығанда. Тыныштық қуаты – жүректе: жүректің қуанышы бет-жүзді жарқыратар, жүректің қайғысы көңілді жабырқатар, келісім қуаты-қайраты, ерікті, иманды кісіде.
Ұйықтап жатқан жүректі – ән оятар.
Үннің тәтті оралған – мәні оятар, - дей келіп.
Жүрек тербеп, оятар баста миды – деп, Ұлы Абайдың «Жүрек тербеп оятар баста миды» деп тұжырымдауында телегей-теңіз ғұламалық жатыр. «Білмекке құмарлық – жан құмары, ал талаптылық әр түрлі өнер, жақсы мінез бен жақсы қылық – жан тәрбиесінің ісі. Жүрек тәрбиесі адамның өзін-өзі жаңартуға демеулік етпегенде, екіжүзділік пен арам ниеттілікке жиі ұрынады», - деп Абай терең психологиялық тұжырым жасайды.
Аюп пайғамбар қатты ауырып сонда Алладан сұраған екен: «Ей, Алла! Жанымды ала көрме. Неге десең мен сені жүрегіммен жақсы көремін? Тілімді ала көрме – неге десең тіліммен зікір саған айтамын» – депті. Аюп пайғамбардың дұғасы қабыл болып сауығып кетіпті. Құранда Аллаһ Тағала жүректе денеде болатын аурудың амалдарын көрсеткені анық. Көбіміз оны пайдаланамыз. Жүректің ауруы екі түрлі делінген күмән – күдік, топшылау мен нәсіпқұмарлық адасушылық. Дұға мен емдеу жолдарын да көрсеткен. Құранда жүрек ауруы 3 түрлі.
1. Сау жүрек әрбір күмәнді нәрседен аулақ жүргендер, тәубә келтіріп, үмітін үзбей, адалдықтан таңбаған. Аллаға ғана сыйынатын.
2. Сырқат жүрек, өркөкірек, нәпсіқұмар, атақ данққұмар, азғындық, арсыздық бар екі жүзділік, сараңдық, өтірікке үйір.
3. Өлі жүрек иесі сау жүрек адамға қарама қайшы. Ол құлшылық етпейді, Аллаға сенбейді немқұрайды қарайды. Оны тек нәжі жетелейді. Жүрек кеселдерінің екі түрі бар:
Бірінші. Жүрегінде кеселі бар адам өзінің ауру екенін сезбейді, ал шын мәнінде оның жүрегін надандық, күмән мен күдік жаулап алған. Жүрек дертінің бұл түрі өте қауіпті.
Екінші түрі. Аурудың бұл түрі бойынша науқас өзінің жүрегінде қайғы-мұң мазасыздық, ашу-ыза бар екенін сезеді. Мұндай кеселдердің шығу себебін анықтап, табиғи дәрілермен емдеуге болады. Жүректі емдеудің төрт тәсілі:
Бірінші тәсіл: Қасиетті Құран арқылы емдеумен сипатталады, өйткені ол расында, адамның көкірегін тарылтатын әртүрлі күмән-күдіктердің бірден-бір шипасы зиянды нәрселерден тәубеге келу және кешірім сұрау арқылы арылу.
Екінші тәсіл: Үш шартты орындау қажет. 1. Иманмен және тақуалық істермен жүректің күшін сақтау. 2. Зиянды нәрселерден сақтану дұрыс істерге бет бұру. 3. Жүректі зақымдайтын кеселдерден арылу.
Үшінші тәсіл: Емдеу екі түрде болады, жүрек алдында есеп беріп отыруы. 1. Бұл істі атқаруға шамам келе ме? 2. Бұл істі қолға алмай-ақ тастағаным дұрыс бола ма?
Төртінші тәсіл: Шайтан – адамның қас дұшпаны және одан құтылу үшін Аллаһ Тағала келтірген «Исти’азатун» дұғаларын оқу.
Жүрек қан айналу жүйесінің орталық мүшесі деп саналады. Бұл біздің денеміздегі ең көп жұмыс жасайтын бұлшық етті мүше. Адамдар мен жануарлардың жүрегі өз қызметін құрсақ ішінде жатқан кезде бастайды. Жүректің қызметі тоқтаса, ағзада қан айналу да тоқтайды. Егер жүректің жұмысын дер кезінде қалпына келтірмесе, адам өліп кетуі мүмкін. Бұлшық еттер жүректің жұмыс жасауы үшін өте көп күш жұмсайды. Оның қызметіне басқа ешбір мүше тең келмейді.
Жан өмірі – рухта, рух өмірі – есте, ес өмірі жүректе, жүрек өмірі – ақылда, ақыл өмірі – ғылымда, яғни білімде. Хадисте білім екі түрлі дейді, бірі жүректегі білім, ол өте пайдалы, екіншісі – тілдегі білім, ол құр жаттанды нәрсе, тілде ғана бар, жүректе жоқ.
Жас жүрек, қайда сенің ыстық қаның?
Тап мұндай мұздауыңның айтшы мәнің. (С. Торайғыров).
Осы орайда, «Неге мұнша, сорлы жүрек соғасың» (Қ. Аманжолов). Жүректен шыққан бір жалын бір тайпа елді өртейді (Бабыр). Жүдеу жүрек. Жүрегі сыздап, бой мұздап – Үһ – деді іші күйгеннен (І. Жансүгіров). Жан жүрек, қайғырымпаз жүрек, жан жүрегім, жаным жеп, жанған отқа саласың.
Асау жүрек аяғын шалыс басқан
Жерін тауып, артқыға сөз болмай ма? (Абай)
Ертеде бір ер жігіт,
Жар іздеп жүреді, ел кезіп.
Жолықты бір күн сұлуға,
Сәті де түсті-ай кезігіп.
Ай менен күндей құлпырған,
Қыз екен тұрған ерігіп.
Сүйгенің мені шын болса,
Алып кел туған анаңның,
Жүрегін, дейді өлтіріп.
Боламын сонда жарың, - деп,
Шарт қойды қыз да керіліп.
Анасын қалай өлтірсін,
Қиналды-ау жігіт езіліп,
Махаббат дерті шыдатпай,
Барады жанды кеміріп.
Бір күні болмай анасын,
Өлтірді жігіт еліріп.
Ала салып жүрегін
Шатқалға барып жығылды-ай,
Аяғы тайып атының,
Бел ағашқа құлады-ай.
Есін жиып қараса,
Жүрек тұр талда ілініп,
Күркіреп ана жүрегі-ай,
Сөйледі, сонда тіріліп:
«Айналайын, жан балам,
Құладың-ау, сен жаман.
Ауырған жоқ па еш жерің,
Болғаның жақсы сен аман».
Мына сөзді есітіп,
Ер жігіт сонда жылайды-ай,
Өткен іске өкініп,
Өкіре жерге құлады-ай.
Айналайын, адамдар!
Бәріңнің де анаң бар,
Қайғыға салмай жүрегін,
Анаға дұрыс қараңдар.
Ана – от! От – өмір, тіршіліктің көзі саналған. Ана жүрегін сезе біл, оның жанарымдағы шапағат пен тыныштық, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл.
Ана деген дүниенің жүрегі
Ана күлсе әлем бірге күледі. (Ақтанберді жырау).
Ұлы Абай бала – ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы екенін тебірене жырлаған. Шынында, баласын алдына алып отырған әкенің, немересін алдына алып отырған атаның жан дүниесі қандай бір ғажап десеңізші! Перзентсіз ата-ананың ой-қиялын атақты Шал ақын сөзімен айтсақ: «Босағасын алтыннан соқсаң-дағы, ПЕрзент сүймей, адамның мейірі қанбас». Бірақ бүгін ит көтеріп, оны өліп-өшіп сүйіп жүрген қыз келіншектер көбейіп барады. Бұл да ойландыратын жәйт. Қараңыз: Бультерьер «Гамлет» патшадай жатыр. Бұл да дәстүрге айналып барады.
Кейбір отбасында осы көрініс кең өріс алуда, баладан емес, иттен бақыт тапқандарға бабалар сөзімен:
«Жер басқанға мәз болма,
Жерде ізің қалмаса»
Халық ұғымында баласыз өмірді қараңғы түнмен тең көрген.
Дүние деген фәни бұл
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен қиын сол екен
Артыңда жанған шырақ жоқ.
Ел арасында ботасын іздеген «Бозінген туралы» тәрбиелік мәні зор, аңызбен бірге, күй де бар. Әйтсе де, ол адам сезімі арқылы бейнеленген жәйт. Оқыңыз:
«Өлгенде көрген ботамды,
емізе алмадым тойғызып.
Боташымнан айрылып, ішім оттай күйеді,
Жүйкем босап сағынып, тұла бойым иеді», - деп зар илейді бозінген-ана.
Аспандап ұшып айналған
Түлкі көрсе сайланған
Қара ала аршын бүркітім
Аспандап ұшып келдің бе?
Ел ішінде боздаған,
Ішкі дертін қозғаған
Базарға сатып тоймаған,
Еркіменен қоймаған,
Жетім бота көрдің бе?
«Неткен бота», - дедің бе?
Бозінгеннің осындай аянышты халі кімді де болса тебірентпей қоймайды.
Comments