top of page

Әскери мақсатта шығарылған заттар күнделікті қолданыста

 


1.GРS (ағыл. Global Positioning System — жаһандық позициялау жүйесі, кординатты анықтайтын жахандық жүйе, «Глобальной системы определения координат» оқылуы Джи Пи Эс .) Бір кездері жұлдызбен бағдар жасаса қазір қолдағы сағат, қалтафон немесе көліктегі GРS навигаторы арқылы керек жеріне жол тауып бара алады. Бірінші GРS бағдарлағыш 1920 жылы қолсағатқа ұқсас түрде  Plus Fours Routefinder  атауымен және оралған картасы бар қондырғымен пайда болды. Карталы қондырғыны ауыстырып, орналастырып бұрауға болатын. 1950 жылы  КСРО ең алғаш Жердің жасанды серігін ұшырып, американдық ғалымдар және Ричардом Кершнердің бақылауымен сигнал кеңестік спутниктен байқалды, Доллер эфектісінің көмегімен сигналдың қабылдануы спутник жақындаған сайын артатындығы, ал алыстаған сайын азаятындығы байқалды. Жаңалықтың мағыздылығы, егер де Жерде өзінің координаттарын нақты білсе, онда спутниктің арақашықтығы мен жылдамдығы анықтау мүмкіндігі арта түседі, және де керісінше спутниктің нақты орнын біліп, өзіміздің нақты кооридинаттарымыз бен жылдамдығымызды біле аламыз. АҚШ жер шарының толықтай қамтылуына  24 GPS – спутниктерінің алғашқысын 1974 жылы ұшыруды жүзеге асырды. Әзірше соңғысын 1994 жылы ұшырды. Қазіргі уақытта бұл спутниктердің саны 32 . GPS әуелден әскери мақсатта дайындалған. 1983 жылы советтік жауынгер КСРО-ның әуе кеңістігіне кірген  жолаушылар ұшағы Korean Airlines пен соқтығысқа ұшыраған соң АҚШ президенті Рональд Рейган барлық азаматтық ұшақтар дұрыс бағдар алып жолдан адаспаулары үшін  GPS жүйесін орнатуға рұқсат берді.  1990 жылы Парсы шығанағындағы «Шөлдегі боран» атты операциясының жүргізілуіне 15 NAVSTAR спутнигі  жіберіліп тәулік ішіндегі 19 сағатқа дейін жер бетін қамтып жақсы ақпарат беріп тұрды. GPS құрылғысы Парсы шығанағында америка жауынгерлеріне шабуылдың жойқын жоспарлануына көп көмегін тигізді. Жаумен күтпеген кездесу болып қалған сәтте де қол басшыға анық ақпарат жеткізіліп тұрды.  Тыңшылар мен жол сілтеушілердің көмегін қажет ететін сәттерде де GPS арқылы ақпараттандырылып отырды. Сондай –ақ GPS арқылы  жау әскерінің орналасқан жерінен хабардар болып отырды.  Суретте 1990 жылдың басындағы GPS орналасқан Black Hawk  тік ұшақғының құралдар тақтасы. Бұндан кейін де бірнеше даму үрдісі жүзеге асып соңғы үлгідегі жабдықтталған алғашқы смартфон МТС 945 2011 жыл  .

 

2. ВАКУУМДЕГІ ТОҚАШ

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде құрғатылған, кептірілген, сүрленген тамақтарды өндіру технологиясы кеңінен таралған. Сол арқылы дәрігерлер тоңазытқышта сақталуы тиіс дәрі-дәрмектерді өз күшінде жеткізген. Вакуумдегі тоқашты да басқа кептірілген тағамдар, сүрленген ет сияқты  жорыққа аттанарда  алып жүрген.

 

3. АВТОИНЖЕКТОР ЭПИНЕФРИНМЕН (АДРЕНАЛИНМЕН)

Автоинжектор эпинефринмен (адреналинмен)- оқыс жағдайда туындайтын аллергиялық қабынудың алдын алатын инфекциялық шприц. Алғашында әскерлердің күтпеген жерден химиялық қару-дан немесе жүйке байлану әсерінен, уланудан ауруға шалдықпауын қамтамасыз ету мақсатында алғашқы көмек ретінде қолданылған . Автоинжектор эпинефринмен (адреналинмен) ине арқылы қажетті мөлшерде алғашқы көмек ретінде адам бойына енгеннен кейін қан қысымын бір қалыпты ұстап, зиянды улардың тарап кетпеуін қамтамасыз етеді.

 

4. КАРГО ШАЛБАРЫ

1930 жылдары британдық әскерлердің көпшілігі әскери қару-жарақтардың ықшам түрлерін алып жүру мақсатында аталған шалбарға сұраныс жоғары болған.  Қазір де карго шалбарын кию ерлер ғана емес қыздар арасында да сәнге айналған.

 

5. ГЕРМЕТИКАЛЫҚ ТАСПА

Желімтек таспаның бұл түрі 1942 жылы контейнерлердегі оқ-дәрілерге су кіріп кетпеу мақсатында ойлап шығарылған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде солдаттар таспаның бұл түрімен оқ-дәріні бітеп қана қоймай, көліктерді жөндеуге болатындығын түсінген.

 

6. КАНИСТР (ЖАНАР –ЖАҒАРМАЙ Т. Б. СҰЙЫҚ ЗАТ ҚҰЙЫЛАТЫН ЫДЫС)

Ең алғаш 1936 жылы неміс әскері жанар – жағармай сақтауға арналған қалып дайындауға байқау жарияланған болатын. 1937 жылы Гитлердің тапсырмасы бойынша құпия жоспарға арнап дайындалып,  неміс әскерлеріне арналып жасалған. Қазіргі таңда жанар- жағармай сақтау мақсатында қолданылады.

 

7. ДЖИП

Ағылшын тіліндегі «General Purpose» аудармасы «Ортақ мақсат» алғашқы әріптерінің бірігуінен пайда болған атау (қысқартылған  «джи-пи» — «gp») .Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде америкалық сарбаздарға әскери мақсатта шығарылған көліктің бұл түрімен мыңдаған километрді еңсере алған. Бастапқы жол серік  жер таңдамай жүре алғанымен жылдамдығы 100 км/сағ аспаған. Бүгінгі таңдағы  жаңа үлгілерінде сенсорлы дисплейден бастап былғары рульдерге дейін орналастырылған.

 

8. КОМПЬЮТЕР

Әлемдегі ең бірінші сандық электрондық есептеуіш машина «ЕNІАС» екінші дүни-ежүзілік соғыс кезінде Америка әскерлерінің атылған оғының дәлдігін есептеу мақсатында жасалып шығарылған. Бұл есептеуіш құрылғы 1945 жылдың күзінде екінші дүниежүзілік соғыс аяқталып қалғанда шыққандықтан АҚШ әскері оны ядролық бомбаның жасалуының есебіне пайдаланды. Құпиялығы жоғары болғандықтан 14 – ақпан  1946 жылы ғана көпшілікке жария етілді. Қазіргі таңда өмірді компьютерсіз елестету мүмкін емес.



9. ШАҒЫН ТОЛҚЫНДЫ ПЕШ

 

Алғашқы қысқа толқынды пешті америкалық инженер  1947 жылы 340 кг салмақта, биіктігін екі метірге жуық қылып ойлап, шығарған.  Алғашында жауынгерлердің асханасында тағамдарды тез жылыту мақсатында қолданылған. 1949 жылдан бастап қарапайым халықтың қолданысына ене бастаған.   

 
 
 

Недавние посты

Смотреть все

Комментарии


Байланыс:

+7 (775) 228-43-78

  • YouTube
  • 768px-Instagram_icon

Жіберілді! Рахмет!

bottom of page