Әскерге барудың тиімді жолдары
- Patriot Tulga
- 1 час назад
- 2 мин. чтения

Еліміздегі жастарды күзгі әскерге шақыру бойынша "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің 06708 әскери бөлімінде әскер жасына дейінгі жастарға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылып өткізілді. Осы Ашық есік күніне Қарағанды облысының білім басқармасына қарасты "Приозерск қаласының N1 жалпы білім беретін мектебі", "Сарышаған кентінің жалпы орта білім беретін мектебі" және "Сарышаған мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің жоғарғы сынып оқушыларын тартылды. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігін ашып көрсетуге арналған "Сарбаздың бір күні" тақырыбындағы іс-шараны 06708 әскери бөлімі командирінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Қуандық Арыстанов ашып берді. Сап түзеген әскер жасына дейінгі жастар алдында "Приозерск қалалық Жастар ресурстары орталығы" КММ бастығы Әділ Бердімұратов, Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Тілек Кенжебеков, "Сарышаған кентінің ЖОББ мектебі" КММ алғашқы әскери және технологиялық дацындығы пәнінің оқытушысы Досжан Ахметов, "Приозерск қаласының N1 жалпы білім беретін мектебі" КММ алғашқы әскери және технологиялық дайындығы пәнінің оқытушысы Естай Умирзахов, 06708 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаз қатардағы жауынгер Әлішер Сәукенов, 06708 әскери бөліміндегі "Жас зеңбірекші" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Мәдихан Төремұратов құттықтау сөз сөйледі. Мінберге көтерілген 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Шарипов Дамир Алтайұлы әскер жасына дейінгі мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығы мен еліміздегі дәл қазіргі уақытта қызу жүріп жатқан жастарды күзгі әскерге шақыру тәртіптерін жеткізіп берді.
Саптық алаңда алдымен, мектеп оқушыларына әскери қызметшілердің киім үлгісінің түрлері көрсетілді. Оқушылар оқ-дәрі және қару-жарақтармен танысты. Алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету барысында жәрдем берудің кейбір түрлері оқушыларға іс жүзінде жүзеге асырылды. Сарбаздар үй-жайын аралаған оқушылар тұрмыстық жағдайларын көзбен көрді. Спорттық алаңда сарбаздар мектеп оқушыларына белтемірге көтерілу мен тартылады көрсетті. Сарбаздар асханасының табалдырығын аттаған жас жеткіншектер сарбаздарға дайындалған түскі астың дәмін татып көрді. Келесі кезекте ашық алаңда әскер жасына дейінгі мектеп оқушыларының арасында арқан тартыстан жарыс өткізіліп, жеңімпаз топ анықталды.
"Сарбаздың бір күні" атты іс- шара қорытындыланып, белсене қатысқан мектеп оқушылары 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Д.А. Шариповтың атынан дайындалған Мақтау қағазы және Алғыс хаттармен марапатталды. Жиын соңынан мектеп оқушылары 06708 әскери бөлімінің жеке құрамымен бірге естелік фотосуреттерін түсті.
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы
Думан Жұмашұлы
Комментарии