top of page

Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу мәселесі

Тажиев Ербол Елғондыұлы,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні

оқытушысы

«Жоғары медициналық колледжі»,

Алматы қаласы.



Бүгінгі таңда колледж қабырғасында жалындаған жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелей-тін тағылымды тәлім – ұлттық рухта тәрбиелеу мен білім нәрімен сусындату. «Отанды сүю – иманнан» деген. Жүрегінде иманы бар адамның ары да таза, қолы да таза, елі мен жері үшін аянбай, адал қызмет етеді. Міне, біз жастарымызды осылай тәрбиелеуіміз керек. Жоғары медицина колледжінде жас жеткіншектер елдік, патриоттық сезім, елдің болашағы мәселелері өте жақсы әңгіме болды. Қазіргі жастардың талабы таудай. Шынында бойда қуат, күш-жігер барда олар тау қопарып, көп тірлік тындырып тастағысы келеді.

Ата-ана, мұғалімнің басты міндеті – сол балаларға дұрыс бағыт-бағдар, тәрбие бере білу. Яғни, қабілетіне қарай мамандық таңдауға жағдай жасауы керек. Әйтпесе, көптеген жастар әр істің басын бір шалып, ары-бері шапқылап жүргенде, біріншіден, алтын уақыттарын өткізіп алады, екіншіден қолынан келмейтін іске килігіп, жігерлерін жасытып алады.

Терең білімді болу, еңбек ете білуді айта отырып, «Өз еліңді сүй, өзге халықты кемсітпе» дегенінен көп нәрсенің байыбына баруға болады. Өз еліңді сүю деген құрғақ сезім ғана емес, сол жолда өнімді еңбек ету, қоғамға пайдалы іс тындыру екенін де түсіндіре кетті. Сонымен бірге, алға қойған барлық міндетерді орындау үшін білім мен ғылымды дамыту,білікті кадрлар даярлау қажеттігін қаперге алды. «Бұл үшін сендер, ең алдымен, денсаулықтарыңа көңіл бөлулерің қажет. Жақсы денсаулығы бар адам ғана үлкен мақсаттарға жете алады. Ал жақсы денсаулықтың кепілі-спорт. Спортпен айналысу керек. Күнде таңертең белгілі бір жаттығуларды жасап үйрену керек. Өзіңді бір қалыпты ұстап жүру де өнер. Сондықтан білімге, табысқа ұмтылатын адам осыны ұмытпасын»

Қасым Жомарт Кемелұлы айтқандай «Еңбек еткен адам ғана патриот. Жалқаулар патриот бола алмайды. Өйткені, па­триот­ деген ұлы ұғым. Отанды сүю рәміздерден басталады. Мәселен, Мемлекеттік ту. Әлемдік тарихқа қарайтын болсақ, бір тудың астына жиналған әрбір халықтың өз елін қорғағанын немесе елінің тыныштығы мен бейбітшілігі үшін шайқастарға шыққанын көреміз. Біздің Мемлекеттік туымыздың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Тудың түсінің көгілдірлігі халқымыз алға қойған мақсаттарға жету үшін бірігудің жоғары және игілікті идеясы бар екенін білдіреді. Ал жұлдызды шаңырақ бейнеленген Елтаңба ортақ үйіміздің символын білдіреді-бұл бейбітшілік пен туған жерді қауіп-қатерден қорғаудың ежелгі үлгісі. Патриотизмді ұлтшылдықпен шатастыруға болмайды. Патриот-өз елін сүйетін және өзге мемлекеттерге құрметпен қарайтын адам. Екінші дүниежүзілік соғыстың қасіретті тәжірибесі патриотизмнен ұлтшылдыққа өтудің қауіпті екенін, сондай-ақ өзге халықты кемсітпей, өз еліңді сүю қажеттігін нақты көрсетіп берді. Осындай бағдармен өмір сүру қажет». Жас ұрпақты мемлекетін сүюге, құрметтеуге, қажет жағдайда қорғауға үндеген осынау сөздер оларды жігерлендірері хақ.

Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасты білдіреді деген ұтымды ойлары айтылды. Республикадағы ұлттар мен ұлыстардың ешқайсысын алаламай, бәрінің де толыққанды дамуына нақты жағдайлар туғызып, көп этносты елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету қазақстандық патриотизмнің туындауына негіз бола алады. Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен ғажайып тамырлануына негіз қаланады. Яғни, этносаралық интеграцияның базасы емес, адамдардың өзін - өзі азаматтық билеуі, Қазақстан халқының бір бөлшегі ретінде сезімі дамып қалыптасады.

«Қазіргі жастарға патриотизм тән бе». Әрине, қазіргі жастарға патриотизм тән. Себебі, көріп отырғанымыздай «Дипломмен - ауылға», «Жас Отан - жастар қанаты», «Студенттік құрылыс жастары» бағдарламаларда жастар үлесі көп. Олардың елін, жерін сүйген патриоттық сезімін осыдан аңғаруға болады. Олардың ана тілінен, ұлттық болмысынан, төлтума мәдениеті мен салт - дәстүрден алшақтығы туралы жібі түзу әңгіме айтылмайды. Мұндай сыни пікірлердің дені жастарға бағытталатыны белгілі. Әйтсе де бес саусақтың бірдей еместігін ескерген жөн. Олардың барлығын бірдей батыстанып кетті деу артық болар. Негізі мұндай кертертпа пікірлерді алға тарта берсек, сол арқылы жастар рухын төмендетіп, болашақта толыққанды патриот азамат болып қалыптасуына кедергі жасайтынымыз анық. Ақиқатын айтқанда, жастардың туған жерге деген ықыласы мен патриоттық сезімін бағалай білуіміз керек деген ой - тұжырым айтылды. Сонымен қорыта айтарымыз, қазіргі жастардың патриотизмі - бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт - дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс. Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор. Азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге керек, болашаққа да керек. "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді.

Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм - Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек. Патриотизм туралы Президент Қасым ­Жомарт Тоқаев: «Еліміздің әрбір азаматы жұртшылықтың алдына шыққанда ұлттық мүдде мен қазақстандық пат­риотизм қағидаттарын басшылыққа алуы керек», деген еді.

Бүгінде ел халқының 19,8 пайызы – ­жастар. Өткен жылдармен салыстырғанда, яғни соңғы 12 жылдағы халықтың табиғи қозғалыс көрсеткіштері жастар санының азаю тенденциясын көрсетіп отыр дейді мамандар. 2009 жылы халықтың жалпы құрылымындағы жастар үлесі 28,2% болып, ең жоғарғы көрсеткіш тіркелген. Ал бүгін біз санға емес, сапаға назар аударып, жастарымыздың патриоттық рухын сөз етеміз.

«Жалпы, патриотизм – Отанға, туған жерге, өзінің мəдени ортасына деген сүйіспеншілік. Адамның бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің əдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриоттық құндылықтар тал бесіктен бойымызға сіңе бастайды.

Патриотизмнің бастау негіздері – се­нім, үміт, адалдық. Бала бола­шағына, еліне сеніп өсуі маңызды. Бүгінгі жастар арасындағы патриотизмнің деңгейін білу үшін олардың қай тілде сөйлеп жүргеніне қарау жеткілікті. Бала 10 тіл білсе де бір ғана ана тілін же­тік білудің орнын толтыра алмайды. Пат­риоттықтың іргетасы тілмен қалып­тасады. Тіл арқылы діл, дәстүр, мәдениетке деген сүйіспенші­лік оянып, оның негізінде патриоттық сезім оянады. Сонымен қатар жастар­­дың патриоттық сезімі елдің ұлттық идеологиясына тіке­лей байланысты», психолог мамандар айтады. «Патриотизмді қалыптастыру – бұл адам­ның күш-жігерінен, отбасы, оқу ор­нынан бастап, саяси билік органдары­на дейінгі әртүрлі әлеуметтік институттардың қажырлы жұмысын талап ететін күрделі процесс.

Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Сондықтан патриоттық сезімді қалыптастыру үшін, ең алдымен, ана тіліміздің қолдану аясымен қатар мектеп кезінен балаларды ішкі туризммен де таныстыру керек. Егер оқушылар сабақ барысында оқыған тарихи жерлерін көздерімен көрсе, басқа да өзі сияқты оқушылармен танысса, өзара пікір алмасу арқылы еліміз туралы көбірек білер еді. Бұл білімге баулиды әрі елге деген сүйіспеншілікті оятады. Одан қала берді туризм де дамиды», дейді сарапшылар. ХХІ ғасыр жастары тәуелсіз Қазақстан мемлекетіне адал қызмет етіп, ата-баба батырларымыздан өнегелі өмірлерінен үлгі ала отырып, елміз бен кең байтақ жерімізді жаудан қорғау қорғап, бізге бақытты өмір сыйлаған Ұлы ерліктерін ешқашан ұмытпауымыз керек. Көріп отырғанымыздай, қазақ жас­тары, ең бастысы, Отанды сүю білім, ғы­лыммен сусындап, қажырлы еңбек арқы­лы іспен дәлелдеу керектігін түсі­неді.

Ел мүддесі үшін еңбек кешеден, ертең­нен емес, бүгіннен басталатынын сана­ларына сіңірген. Жастар өз буын­дарының Отанын сүйетін, оның дамуы үшін теңізге тамған тамшыдай болса да өз үлесін қосатынына кәміл сенеді. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға сеніп қана қоймай, үміт те артады: «Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан ары өркендету қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Сондықтан біз сіздерге зор үміт артамыз». Қазақ жастары бойындағы отан­сүй­гіштік қасиетпен сенімге селкеу түсір­мей, үмітті ақтар деген ойдамыз.

Әдебиеттер тізімі:

1.Қамзабекұлы Д. Алаштың руханитұғыры «Астана» - 2008 ж.

2.Тұрсын Жұртбай Біртұтас Алаш идеясы Алматы – 2016 ж.

3.Қуаныш СұлтановЕлбасы және қазақмемлекеттігі Алматы – 2015 ж.

4.Айқын апта Республикалық қоғамдық-саяси №8 21 қаңтар, 2017 ж


107 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Өнер. Талант. Бақ

Ай мен жұлдыз болмаса, қараңғы түнде адамдар адасар еді. Өнер дүлдүлдері болмаса, мына күйбең тіршілікте адамдардың көңілін кір басар еді. Шерхан Мұртаза Қазақ даласы өнерде кенде емес.  Мәдениет пен

Совет-герман соғысының 99 қызықты фактісі

1. Вермахтың соғыстан кейінгі шығындары 6 млн-ға жуықтады. Статистикалық деректерге қарағанда СССР мен Германия арасында қаза тапқандар мен өлгендер арасындағы ара-қатынас 7,3:1 құрады. Осыған қарап С

bottom of page