top of page
Patriot Tulga

Әуе базасының әскери қызметшілері парашютпен секіру техникасын пысықтады


Балқаштағы авиациялық базада әуе-десанттық дайындығы бойынша практикалық сабақтар өтті. Оған ұшу құрамы мен парашюттік десанттық қызметінің іздестіру-құтқару мамандары қатысты. Бес күн ішінде 30-дан аса әскери қызметші 240 рет секіруді орындады.

Аталмыш шара ұшу құрамының парашютпен дайындық деңгейін арттыруға бағытталған. Әскери қызметшілер төтенше жағдайда экипаждың барлық мүшелерінің іс-қимылын және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін пысықтады.

Практикалық сабақтардың алдында міндетті түрде жерде дайындық болды. Парашютшілер теориялық тұрғыдан орын алуы мүмкін күтпеген жағдайлар мен секіру техникасын қарастырды.

Айтпақшы, 240 секірудің 53-і суға жасалды. Сондықтан сабаққа қатысушыларға қойылатын міндетті талаптардың бірі жақсы жүзе білу болды.

Әскери қызметшілер секіруден бұрын жүзу нормативтерін тапсырды. Секіруге рұқсат алғаннан кейін олар медициналық тексеруден өтті.

Парашютпен секіру әр түрлі биіктікте орындалды. Нұсқаушылар оларды әр маманның дайындық деңгейіне қарай жеке анықтады. Олар бағындырған биіктік деңгейі 400-ден 3500 метрге дейінгі аралықта болды.



Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

лейтенант Думан Жұмашұлы

27 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page