Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы 22 сәуірде «Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қолқойғаннан бастап ҚР ҚК Әскери полициясының тарихы басталады.
2022 жылдың 22 сәуірі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полиция органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай, «Қарулы Күштерінің әскери полиция ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Президеті генерал-лейтенант Т.Дандыбаевтың 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 3 бұйрығымен Қарағанды өнірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы Приозерск гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің жеке құраммы мен зейнеткерлері Нарестин Ерлан Ермакович пен Сатыбалдинов Ерболсын Тұрболсынович «ҚР Қарулы күштері Әскери полициясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталып мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Қарағанды өнірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы Приозерск гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе офицері аға лейтенант Ж.Бекіш
Comments