top of page

Қаперде жүрер қағидалар


Неке – әйел мен еркектің одағы әрі әйел Алла тағала тарапынан еркекке берілген аманат. Еркек пен әйелдің бір бірінің алдында хақылары яғни міндеттері болады.


Еркектің әйелінің алдында оны бірінші – баспаналы ету, екінші – ішіндіру, үшінші – киіндіру, төртінші – оған имандылық қағидаларын үйрету сияқты төрт міндеті болады. Еркекке үш тыйым бар: бірінші әйелін себепсіз ұруға, екінші балағаттауға, үшінші бір жаққа шыққанда жөнін айтпай кетуге болмайды.


Әйелдің күйеуінің алдында төрт міндеті болады. Бірінші күйеуінің абыройын қорғау, екінші күйеуінің ата-анасы мен туыстарын сыйлау, үшінші күйеуінің тапқанын ұқсату, төртінші балаларына күйеуінен үйренген, өз бетімен үйренген имандылық тәрбиесін беру. Әйелге де үш тыйым бар: бірінші, күйеуінің рұқсатынсыз үйге бөтен еркек қондырмайды, екінші, күйеуінің рұқсатынсыз жол жүрмейді, үшінші, күйеуінің рұқсатынсыз үйдегі затты, бұйымды, құралды біреуге бермейді.


Әкесін құрметтейтін бала тәрбиелеген әйелді жақсы әйел дейді. Балаларын әкесіне қарсы тәрбиелеген әйелді жаман әйел дейді.


Шалбарды отырып киеді, суды түрегеп тұрмай, отырып үшке бөліп ішеді.


Мұсылман адам өз үйінде де жалаңаш жүрмейді.


Садақа бергенде мұсылманға оң қолмен, ал басқаларға сол қолмен береді. Берген садақаны ешкімге сөз етпейді. Жария етілсе сауабы жойылып кетеді.


Өз жақындары қиын жағдайда тұрғанда бөтен адамға берген садақа қабыл болмайды. Садақаның мөлшері 7 немесе 70 теңге емес. Бір теңге берсең аз болмайды, миллион теңге берсең көп болмайды.


Еркекте әкесінің елі – өз жұрты, шешесінің шыққан елі – нағашы жұрты, келіншегінің елі – қайын жұрт болады. Ал әйелде қайны, қайын сіңлі, қайын аға, қайын ене, қайын ата болады. Бірақ қайын жұрты болмайды. Әкесінің елі – төркін жұрты, анасының елі – нағашы жұрты, күйеуінің елі өз жұрты болады. Әйел адамнан елін сұрағанда бірінші күйеуінің елін айту міндетті.


Әйел адам тұрмысқа шыққанда өз фамилиясында қалу керек. Күйеуінің фамилиясына көшу дұрыс емес. О дүниеде Алланың алдына барғанда әйел баласы әкесінің атымен атап шақырылады.


Қаралы жиында әйел сөз бастамайды, әйелдер жерлеу рәсіміне қатыспайды, бейіт басына бармайды.


Тойда, туған күнде, мерейтойда, түрлі қуаныштарда алкоголь ішімдікпен айтылған тілекті Алла тағала қабыл етпейді. Жалпы бір рюмке арақ ішкен адамның тілегі қырық күн бойы қабыл болмайды.


Абыз сөзі мұсылманша хафиз сөзінен шыққан. Құранды жатқа білетін адамды қари, жатқа біліп қана қоймай оны тәпсірлейтін (түсініктеме бере алатын) адамды хафиз дейді. Абайдың өзін ешкім Абыз деген емес. Абайды хакім (оқымысты) дейміз. Сондықтан қаншалықты құрметті болса да Құраннан хабары жоқ адамды Абыз деп дәріптеуге болмайды.


Баланың туған күнінде әкелген торттағы майшамдарды үрлеп өшіртуге болмайды. Отының өшуі қазақ үшін өте жаман ырым!


Қазақ әйелінің балаларын орысша сөйлетіп, орысша тәрбиелеуі – өз ұлтына опасыздығы.

44 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page