top of page

Қаперде жүрер қағидалар


Сөздің анасы – сəлемдесу. Сəлем беріп, сəлем алғанда жылы жүзбен көзге тіке қарап, шын пейілмен амандасады. Қолдың ұшын тигізіп немесе басын басқа жаққа бұрып тұрып амандасуға болмайды Кім бұрын «Ассалаумағалайкүм!» деп сəлем берсе, оның алатын сауабы көп болмақ. Сондықтан жастардың көбірек сауап жинағаны жарасады. (Бұл тəртіп коронавирустық карантин кезіне жүрмейді).


Еркек пен əйел қол беріп амандаспайды. Бірақ əйел бірінші болып қол созса, оны дереу алу керек (карантин кезіне жүрмейді).


Көпшілік орында, дастархан басында кейін келген адам жағалай бəрімен қол беріп амандаспайды. Бəріне ортақ «Ассалаумағалайкүм» деп амандасса жетіп жатыр. Отырғандардың бірі «Уəликүмсалам»десе бəрі сəлем алған болып есептелінеді.


Дəретханада, моншада сəлембермейді, сəлем алмайды. Бас изесіп, амандасуға, хал-жағдай сұрасуға болады. Одан сыртқа шыққан соң ғана «Ассалаумағалайкүм!», «Əликүмсалам!» деп сəлем беруге, сəлем алуға болады.


«Алланың құлағына шалынсын!» деп айтуға болмайды. «Періштенің құлағына шалынсын!» деп айту керек.


Жұрт «шүкір» мен «тəубені» жиі шатастырады. «Шүкіршілік» Алла тағаланың берген материалдық, рухани, нығметтік игіліктеріне (бала-шағасына, азды-көпті дəулетіне, аманшылығына, т.б.) қанағат етушілік. Ал «тəубе», «тəубе жасау» кейде біліп-білместен оқыстан жасалған күнəсін артынан түсініп (өтірік айту, ішіп қою, ұрлық жүріс, асылық т.б.) тəубесіне келу. Бұл өз күнəсін түсініп Алла тағаладан мұндай күнəні қайталамайтындығын айтып кешірім сұрау, тəубе дұғасын оқу. Яғни бұл екі сөздің өзінің қолдану орны екі бөлек. «Шүкір» дегеніміз барға қанағат ету, «тəубе» күнəсіне жарылқау тілеу.


Пайғамбар жасы туралы түсінбестік көп. Біреулер 61 десе біреулер 63 деп таласады. Дұрысы қайсы? Пайғамбарымыз (с.ғ.с) біздің қазіргі қолданыстағы григорян күнтізбесі бойынша 571 жылы туып, 632 жылы 61 жасында қайтыс болған. СондаПайғамбар жасы 61 екен. Ал 63 жас григорян күнтізбесі мен мұсылманша Хижра жыл санауының айырмашылығынан туған. Григорян күнтізбесінде бір жылда 365 күн болса, Хижрада 355 күн бар. Бір жылда он күн, үш жылда бір ай, отыз жылдан асқанда бір жыл, 60 жылдан асқанда екі жыл айырмашылық шығады. Сонда григорян бойынша 61-іңіз хижрамен 63. Əлгі “63-ке толдым, Пайғамбар жасына жеттім” деп жүргендер іс жүзінде хижрамен 65-ке толғаны.


Енді мүшел жас туралы. Адам 24-ке, 36-ға, 48-ге, 60-қа, 72-ге толып, бір күн асқанда мүшелге кірген болып табылады. 25-ке, 37-ге, 49-ға, 61-ге, 73-ке толған күні мүшелден шығады. Біреу түшкірсе «Сау бол!» деу – орысша «Будь здоров» дегеннің калька аудармасы. Дұрысы түшкірген адамның өзі алдымен «Əлхамдулиллəһ!» деу керек, мұнысы Аллаға шүкіршілік айтқаны. Оны естіген адам «Яркаму каллах» (Алла саған рақым етсін!) дейді. Қазақша «Жəрəкімалла!» дегеніміз сол.


Ер адам алтын сақина, алтын шынжыр, алтын жүзік (печатка), алтын сағат, алтын əшекей тақпайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) алтын мен жібекті ер адамға харам еткен. Некелік рəсімде ер адам алтын орнына күміс сақина тағуына болады.

21 просмотр0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page