top of page
Фото автораМарат Тоқашбаев

ҚАЗАҚСТАН ЖАЛАУЫНА АДАЛДЫҚ АНТЫ БЕРІЛСЕ...

Алдымызда Қазақстан Конституциясы күні келе жатыр. Осындай мерекелер тұсында елімізде мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметшілері ант беретін дəстүр қалыптасқан. Оны дұрыс делік. Біздің арамызда кеше Кеңес Одағына ант бергендер бар. Олар өздерін “сол антқа адалмыз” деп есептейді. Алайда əдетте ант беруші мен ант қабылдаушы жақтың бірі өмірден озса онда анттың күші жойылады. Совет Одағы бұдан отыз жыл бұрын тарап кетті. Ал ауған соғысы ардагерлері, əскери қызметке теңестірілгендер өздерін əлі күнге сол опасыз одақтың сарқыншағы сезінеді. Бұдан өзге ұлттық қауіпсіздік комитеті ардагерлерінің, полиция қызметі ардагерлерінің, сондай-ақ күзет қызметі, байланыс қызметі, өздерін əскери-патриоттық ұйым санайтын бірлестіктер, атыс қаруларын ұстауға рұқсат алған ұйымдар бар. Бірқатары өздерін ешкімнің алдында міндетті санамай лағады. Əлгі ресейлік «Бессмертный полк» сияқты атышулы акцияларға шақырып, соны ұйымдастырысып жүретін ардагерлер ұйымдары да солардың қатарында. Бұл ұйымдар шекараға қауіп төнген жағдайда кімнің сойылын соғары тағы белгісіз.


Сондықтан еліміздегі сондай ұйымдар мен бірлестіктердің, жекелеген азаматтардың Отан алдында жауапкершілігін арттыру үшін Қазақстан жалауына Ант беру рəсімін өткізуді ұсынамын. Мұндай тəжірибелер шетелдерде қалыптасқан. Мысалы АҚШ-та 1892 жылдан бері АҚШ жалауына ант беру рəсімі бар. Бізде де осындай Қазақстан Республикасының жалауына ант беру рəсімі өте-мөте өзекті болып тұр. Ант беру рəсімінде жоғары аталған ұйымдар мен бірлестіктер мүшелері «Мен Қазақстан Републикасының жалауына адал болуға, Қазақстан халқының бірлігі мен Қазақстан аумағының тұтастығына қызмет етуге Жаратушы Иеміздің алдында Ант етемін!» деген мəтінді дауыстап оқып, қасиетті жалаудың шетінен ұстап сүюге тиіс. Сонда кімнің кім екендігі көрінеді. Қазақстан жалауына ант беруден бас тартқандардың дұшпан пиғылды екендігін бірден танимыз.

10 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page