top of page
Меруерт САДВАКАСОВА

Тұлға тәрбиелеу - мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі


Тәрбие мен алғашқы білім бастауы балабақшада екенін бүгінгі ата-ана да, тәрбиеші де жақсы біледі. Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тұлға етіп тәрбиелеуге атсалысу мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығуда. Сол мүмкіншіліктерді ұтымды пайдалана білу – тәрбиешілердің еншісінде. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет. Мектепке дейінгі мекеме балаларына үздіксіз тәрбие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша тәрбиешілері. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Мәселен, ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың ком-пьютерлік технологиясы, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан-дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді. Міне, осы методикалар негізінде ашылғанына жарты жылдай ғана уақыт болған Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан «Бекося» бақшамызда балаларға үздіксіз білім беру заманауи талапқа сай жүргізілуде.



Біздің мекемеміздің басты ерекшелігі, балалардың техникалық шығармашылығын дамытуға бағытталғандығында. Тәрбие методикасында логикалық ойындар, жобалау, ойыншықтарды құрастыру кеңінен қолданылады. Мәселен робототехника, леготехника, әрқилы алмалы-салмалы техникалық ойыншықтарды құрастыру, құрылыстық жобалар. Сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балаларды техникалық шығармашылыққа тартуға, баланың жан-жақты дамуына байланысты конструкторлармен жұмыс жасау да қолданыста бар. Бақшада ән, би, көркемсөз, ағылшын тілі үйірмелері жұмыс жасайды. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің шығармашылық жұмыстары ұжым тарапынан бағаланып, мекемедегі балалардың шығармашылық тақтасына ілініп отырады. Өнерпаз бүлдіршіндеріміз бақшаның мәдени іс-шараларында өнерлерін ортаға салып, шығармашылық тұрғыдан ашыла түсуіне жағдай жасаймыз. Біліктілігі жоғары тәрбиеші мамандарымыз үнемі кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында түрлі тренингтерге, конференцияларға қатысып отырады. Балаларға жан-жақты білім беру мақсатында ұжым үнемі шығармашылық ізденісте. Алдағы күндерде балаларға виртуалды мұражайға саяхат жасауды қолға алмақшымыз.


Бақша меңгерушісі Айгерім Калибаева, тәрбиешілер Камшат Төлендиева, Әсел Түрікбаева, тәрбиешінің көмекшілері Гүлзат Мейрманова, Халида Кожамсейітова, аспазшымыз Ғалия Абдумоминова – өз ісінің нағыз шеберлері.


Бақшамызда жуырда «Алтын күз» іс-шарасы болып өтті. Балалар ән салып, би билеп, түрлі қолөнер туындыларын көрмеге ұсынды. Үздіктері Алғыс хаттармен марапатталды. Бүлдіршіндердің қызығушылығын арттыра отырып, оларға лайықты тәрбие әрі білім беру – біздің мекеменің басты мақсаты. Алға қолған игі нәтижеге қол жеткізуде ата-аналардың көмегі зор. Ұжыммен бірлесе отырып ата-аналар да ұрпақ тәрбиесіне лайықты үлестерін қосып келеді. Әр мерекелік іс-шаралар ата-аналардың атсалысуымен өтеді. Біздің мекемеде білім беру мен тәрбиесі ісі кешенді түрде жүргізіліп, биік мақсаттарға қол жеткізуді көксейді.


Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады.

Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін қуана айта аламын.

9 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comentários


bottom of page