top of page
Думан Құрманғалиев

Сарбаздарды шығарып салу рәсімі

Міндет! Абырой! Ерлік!


Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

(Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-шы бабынан)


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғаныс күштерінің Приозерск гарнизонында орналасқан 44841 әскери бөлімінде Отан алдындағы әскери борышын абыроймен атқарып, запасқа шыққан мерзімдік қызмет әскери қызметшілерді шығарып салу рәсімі болып өтті. Салтанатты жиынды бөлім командтрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Кабышев Ринат Маратұлы ашып берді.

Құттықтау сөзді 44841 әскери бөлімінің командирі подполковник Үмітәлі Бектаев бастады. Мінберге көтерілген әскери шендегі басшы Үмітәлі Серікұлы өз сөзінде: «Қымбатты сарбаздар! Күні кеше көз алдымызда бой түзеп, салтанатты түрде Әскери ант қабылдағандарыңызды білеміз. Сіздер біздің әскери ортаға тез бейімделіп, өздеріңізге берілген жауынгерлік тапсырмалар мен командирлердің бұйрықтарын дер кезінде орындап, ерекше көзге түстіңіздер. Әскери өмірден алған өмірден шыңдалып, алдағы күнде Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен өркендеуі жолында өздеріңіздің сүбелі үлестеріңізді қосатындарыңызға толық сенімдімін! – деп, сарбаздарға деген шын ризашылығын жеткізді.

Сонымен қатар, Приозерск гарнизонының Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Т.Кенжебеков, Зениттік-зымыран дивизионының командирі подполковник Е.Большаков және запақа шығатын сарбаздар атынан қатардағы жауынгер Е.Нұрболатов сөз сөйледі.

Іс-шара барысында запасқа шығатын мерзімдік қызмет әскери қызметшілеріне зор құрмет көрсетіліп, Мақтау қағаздары, Алғыс хат және үздік сарбаздарға арнайы дайындалған Жауынгерлік Ту астындағы фотосуреттер салтанатты түрде табыс етілді. Марапаттау рәсіміне бөлім командирі подполковник Ү.С. Бектаевтың өзі басшылық етті. Айта кетерлік жәйт, жауынгерлік даярлық пен мемлекеттік-құқықтық дайындығынан үздік нәтиже көрсеткен запасқа шығатын әскери қызметшілер қатарынан қатардағы жауынгерлер Ерболатов Әлішер Медетұлы мен Сергеев Александр Олеговичтің есімдерін ерекше атаған жөн.

Салтанатты жиынды тамашалауға Приозерск қаласындағы №1 жалпы білім беру мектебінің жоғарғы сынып оқушылары мен №2 мектебінің 6 «в» сыныбында білім алып жүрген жас сарбаздар қатары келген болатын. Мектеп оқушылары сарбаздардың әскери өмірін көзбен көріп, жатын орнын аралады. Олардың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, арнайы дайындалған оқу жаттығу орындарында оқушыларға атыс қаруы мен радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныстың жаттығулары практика жүзінде көрсетілді.

Жиын соңынан мектеп оқушылары әскери қызметшілермен бірге көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалап, естелік фотосуретке түсті.

34 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Ержүрек тұлға

Comments


bottom of page