top of page
Patriot Tulga

Рәміздерім – мақтанышым!


Рәміздер күніне орай республикамыздың жер-жерінде көптеген мәдени іс-шаралар болып өтті. Сондай игі шараның бірі біздің де мектебімізде орын алды. Алматы облысының Іле ауданына қарасты Байсерке ауылдық №12 орта мектебінде 6 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Рәміздерім - мақтанышым» атты тәрбие сағаты болып өтті. Ұлттық нышандарға қатысты шараға сынып оқушылары белсене қатысып, жырдан шашу шашып, ән мен биге кезек берді.

Желбірейді шалықтап, Қазақстан жалауы. Көкте қыран қалықтап, Қанат қағып барады. Көк аспанда нұрлы Күн Күлімдейді далама. Бақыт тілеп тұр бүгін Ол барлық пәк балаға. Ұлттық өрнек мұрамыз Адастырмас мұраттай. Нық көтеріп тұрамыз, Жалауды біз құлатпай! – деп жалынды жыр оқыған Рымбеков Бекайдардан кейін Болатұлы Нұрхан, Тұрсын Айғаным,Оразәлі Әділет,Абдолла Ару,Нұрғалы Рәбиға,Қапан Фатима,Ерлан Санжар,Хожалепес Алинұр және Құмарбай Кәусәр жыр тізгінін ағытты.

Рәміздер күніне сынып оқушыларының сурет көрмесі ұйымдастырылып, үздік суреттер Алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ түрлі викториналық ойындар да кештің көркін қыздыра түсті. Патриоттық шара Е.Хасанғалиевтің «Атамекенім» әнімен аяқталды.

Амирова Жанат,

6 «Б» сынып жетекшісі,

Алматы облысы

Іле ауданы

Байсерке ауылы.


55 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page