top of page
Фото автораМарат Тоқашбаев

Малыбай, Қорам, Байсейіт атаулары қайдан шыққан?

Әркімге де өзінің туып, кіндік қаны тамған жері қымбат. Сондықтан да Малыбай ауылы туралы құлағым шалса елең ете қаламын. Малыбай ауылының тұрған жері де ерекше. Өзі таудың етегі болса, құбыла жағы арқыраған Шелек өзені. Күні-түні бір тынбай арыстанша күркіреп жатқаны. Бала кезімізде әпкішпен /иінағашпен/ екі шелек суды тілерсегіміз дірілдеп терең сайдан алып шығатынбыз. Бір шақырымдай жердегі үйге жеткенше екі шелектен бір шелектей ғана су қалатын. Жол жөнекей асық атып, ләңгі теуіп кешігетін кездеріміз де болады. Сондай ойын кездерінде «Малыбай деген кім болған?» деген сұрақ туып қалады. Көрші көшедегі достарымыз «Малыбай деген ұйғыр байы болыпты, ауылға соның аты қойылған екен» деп қалады. «Жоқ, Малыбай деген қазақтың аты» деп біз дес бермейміз. Талас әйтеуір үнемі аяқсыз қалып жатады. Ешкім мұны тәптіштеп түсіндіріп бере алмайды. Осы сауал ұзақ жылдар көкейде шешілмей жатты.

Осыдан үш жылдай бұрын бірде кездейсоқ әңгіме үстінде бір бейтаныс жігіт «Байсейіт, Малыбай біздің аталарымыз болады» деп қалды. «Оның анық-қанығын кім біледі?». «Білетіндер бар, біз солармен сөйлесіп хабарын айтайық. Сізге хабарласады!».

Таяуда газет редакциясына екі кісі келді. Үлкені жасы сексеннен асқан Шәріпақын Сыбанқұлов деген кәрия, кейінгісі жасы алпыстан асқан Әбдуали Әбдікәрімов деген кісі екен. Таныстық-білістіктен соң келген шаруаларын айтты. «Малыбай, Байсейіт ауылдарының тарихын іздестіріп жүрген көрінесіз. Соған байланысты білген деректерімізді айтайық деп келдік», - дейді. Әңгіме барысы қызықты сипат ала жөнелді. Қуалап келгенде Байсейіт, Малыбай, Қорамның арғы жағы Әлмерек бабамызға келіп тіреледі екен!

Туған ел мен жердің тарихы кімді бей-жай қалдырсын. Ұғынықты болу үшін шежірелік деректерге жүгінуге тура келеді. Жетісу өлкесінің қазір өр жағын мекендеген Албан руының ішінде Шыбыл, Сары деген аталары бар. Сарыдан Сүйменді, Сүймендіден Сүйерқұл, Сүйерқұлдан – Айт, Бозым шығады. Бозымнан Сары, Шобал /Таз/, Жаншық өрбиді. Жаншықтан Әлмерек туады.

Тарихи деректерде Әлмерек Жаншықұлының Әулие ата маңында /қазіргі Жамбыл облысы/ 1658 жылы туып, 1754 жылы қайтыс болғаны айтылады. Әрі батыр, әрі шешен, көріпкелдік қасиеті бар баба ұзақ жасаған, тоқсан алты жас ғұмыр кешіпті. Тоқсанға таянғанда жұрт оған абыз атағын беріпті. /«Жетісу» энциклопедиясы, «Арыс» баспасы, 162-бет / Одан қазақтың Хангелді, Бақай, Малай, Райымбек батырлары бата алған. Осы энциклопедияда Әлмеректен бес бала тарайды делінген. Алайда оның тікелей оныншы ұрпағы Әбдуали Әбдікәрімовтың айтуынша Әлмеректен сегіз бала туған. Олар: бәйбішеден – Жәнібек, Тоқан, Баба, Құрман, Каракісі, тоқалынан – Еділ, Жайық, Жұмық.

Ол кезде Әлмерек абыз тұқымы Алматы қонысынан шығысқа қарай Сөгеті жазығына дейінгі кең аумақты мекендеген көрінеді. Бұл 1680 жылдар мен 1850-ші жылдардың арасы. Бұған дәлел Әлмерек бабаның өзі Алматы өзенінің бойында қазіргі Әлмерек ауылында /бұрынғы Покровка/ жерленгені. Оның ұрпақтары осынау аумақта мал өсіріп, диқаншылықпен айналысқан.Тастан, балшықтан үй салған. Тұрақты қыстаулары болған. Малшылықпен айналысқандары Асыны жайлау еткен. Диқаншылықты кәсіп еткендері өзен бойларынан тоған шығарған. Бидай, тары, арпа егіп, бау-бақша өсірген. Егін піскен кезде бидай, тарыны торғайдан қорғау үшін бүкіл бала-шағасы жұмылдырылған. Олар торғайды үркіту үшін ағаштан жасалған сартылдақ деген құрал пайдаланыпты. Құрманнан тараған Адыр шешен айтыпты деген мынадай сөз бар:

Сартылдақпен шуылдатып маңды,

Қуып бердік мал мен торғай, жанды.

Егістікке төккен терім төленді

Бала жеді қазанжаппа нанды!

Әлмеректен тарайтын Жәнібектің – Байсейіт, Тоқсейіт, Көшек, Қойлыбай деген төрт баласы болыпты. Үлкені Байсейіт батыр екен. Ол жоңғардың мыңбасы Шебіктіні жекпе-жекте қолға түсіріп, мұсылман жасаған. ХҮШ ғасырдың басында қазақтар тек қалмақтармен ғана емес, соқтығыса берген қырғыздармен де шайқасқан кездері аз емес. Сондай бір қазақ-қырғыз қақтығыстары кезінде Байсейіт батыр жекпе-жекте қырғыздың Орманхан деген батырының қолынан қаза табады. Байсейіт жекпе-жекке шыққан, қаза тауып жерленген жер әлі күнге Байсейіт деп аталады. Ол Алматы-Нарынқол тас жолының бойында Шелектен күншығысқа қарай 10 шақырымдай қашықтықта. Сол жерде Байсейіт деген ауыл әлі күнге дейін бар.

Әлмеректің осы Жәнібектен тараған негізгі ұрпағы

Шелектен 7-8 шақырым төмен Қаражота ауылын мекендеген. Күн көріске ыңғайлы жерде мал өсіріп, диқаншылық жасаған. Онда да тоған қазған. Сол тоған бүгінде де Жәнібек тоғаны аталады. Әлмеректен тарайтын Баба тұқымы Қаражотадан 15 шақырым төменіректе тоған қазып, диқаншылық жасапты. Бабадан елге танымал Қашаған, Тұрысбек сияқты азаматтар шыққан. Сол жердегі елді мекеннің аты әлі де Бабатоған. 1881 жылы Ресей мен Қытай арасындағы Петербург шарты бойынша 8 мың түтін ұйғыр мен 2 мың түтін дүңген Жетісу жеріне қоныс аударуға рұхсат алғанда дүңгендердің шағын бір бөлегі сол Бабатоғанға апарылыпты. Дүңгендер ол жерді өздерінше Милянфан деп атаған. Сол екі атау да әлі күнге жергілікті халықтың аузында.

Тоқанның қалмақтармен шайқаста ел есінде қалған Баржық батыр, Адыр шешен, Бәтжан сияқты мақтан тұтар ұрпақтары болыпты.

Шежіре деректерінде Әлмеректің тоқалы Кіші жүздің қызы болғандығы /аты беймәлім/ айтылады. Одан Еділ, Жайық, Жұмық деген үш бала көріпті. Еділ, Жайық деп аналары туған жерін, жағасында өскен өзендерін сағынған соң қойса керек. Әлмеректің кенжесі Жұмық та Кіші жүзден қыз алыпты. Одан Бекбау деген жалғыз ұл болған. Оның туған кезі шамамен 1711 жыл. Бекбау қалмақтармен шайқаста 1730-1740 жылдары қаза тапқан. Шелек өңіріндегі Асы-Саға мен Ғайрат ауылдарының арасын қосатын ұзын сілем бар, жұрт оны әлі күнге Бекбаудың жотасы деп атайды. Бекбау осы жотаның бір жеріне жерленген болса керек.

Әлмерек абыз немересі Бекбауды қатты жақсы көріпті. Ол қаза болғаннан кейін абыз: «Жұлдызды түнім, күндізгі күнім, Бекбауым!- деп маңдайынан иіскеп, қолынан еш қақпадым» деп жоқтап, жез сақалын салалап отыруды мәртебе көрген. Бұл әрі батыр, әрі ақылды ұрпағына берген бағасы болса керек.

Бекбаудан Сатан деген ұл қалыпты, одан Сармырза, одан Қорам туады. Бұл қалмақтармен соғыс әлі біте қоймаған кез, ХІХ ғасырдың отызыншы жылдары./«Жетісу» энцикл. «Арыс» басп. 2004, 416 бет/ Қордайдағы нағашы атасы Дулат Кененбай ауылында тәрбиеленген ол атасынан найзаласу, садақ ату, аударыспақ сияқты ұрыс өнерлерін үйренеді. Ер жеткен соң туған жерінде қалмақтарға қарсы шағын шайқастарға қатысады. Дұшпанды қуған соң елді егіннің тарыдан басқа бидай, арпа сияқты түрлерін егуге үйретеді. Тоған қаздыртып отырықшылыққа баулиды. Ел арасында Қорамның құтырған бураның мойнын үзгені, Іле бойындағы ну қамыста құр қолмен жолбарысты жайратқаны туралы аңыз әңгімелер әлі де бар. Қорам сексенге таяп, 1907 жылдары Шелек селосының оңтүстігіндегі Сарықамыс деген жерде қайтыс болыпты. Сол жер кейін Қорам батырдың атымен аталған.


Енді Әлмеректің бәйбішесінен туған кенжесі Қаракісіге тоқталайық. Қаракісі 1747 жылы маусым айында Аласа мен Бұғыты тауының ортасында қалмақтармен қатты шайқаста ішінен оқ тиіп дүние салған. Оның жерленген жері қазіргі Бартоғай су қоймасының жағалауы. Қаракісінің Лабар деген немересі болған. Ол да елге танымал азамат болыпты. Алматы- Нарынқол тас жолының Қаратұрық ауылынан Шелекке бет алған тұсында қазір «Лавар» деп жүрген жер бар. Сол Қаракісінің немересі Лабардың атымен аталған.


Әлмерек абыздың қарақазаны мен ошағы сол кенже ұлы Қаракісіде қалған екен. Бұрын Нарынқол ауданында бірінші хатшы болған, бүгінде Алматыда тұратын дербес зейнеткер Рауан Әріпов ақсақал 2002 жылы бұрынғы Покровка ауылында Әлмерек кесенесі ашылғанда сол қазан әкелінген еді деген ақпарат айтты.Ұрпақтары мұражайға өткізуге келіскенімен кейін алып кетіпті. Қазаны мен ошағы қазір Кеген өңіріндегі Жылсай ауылында тұратын мұғалім Бексұлтан Солтанбайұлының әжесі Ажар апаның қолында көрінеді. Кеген өңіріне белгілі азамат Бағашар Тоқмолдаев та осы Қаракісінің ұрпағы екенін мақтан тұтады.


Шелек өңіріндегі Сөгеті тауының теріскей сілемін, Шелек өзені таудан жазыққа шығар аңғар аймағын Құрман балалары мекендеген. Құрманнан: Мәмбет, Үмбет, Қара деген үш бала өрбіген. Қарадан: Елшібай, Малыбай, Орынтай, Майлыбалта деген төрт бала тарайды. Сөз арасында айта кетелік, Орынтайдың баласы Түменбай, одан Алпар, одан Саурық батыр, одан 1916 жылғы Қарқара көтерілісінің басшыларының бірі Ұзақ батыр туады. Оның бабасы Түменбай жоңғар соғысы кезінде қазақтың ту ұстаған батыры болыпты.


Малыбайдың әкесі Қара деген кісі өте батыр, ел билеген кісі екен. Жұртты аузына қаратқан шешен екен. Шәріпақын Сыбанқұлов қарияның айтуына қарағанда ол кісінің тұсында қалмақтар ұсақ-түйек қақтығыстар кезінде жергілікті қазақтардан үнемі жеңіліп қала беріпті. Содан қалмақтар Қараға қатты өшігіп қалайда көзін жоюды ойлайды. Сапардан келе жатқан батырды аңдып жүріп, Асы өзенінің тау шатқалынан шығып Шелек өзеніне ұмтылған сағасындағы жоғарыда айтылған Асы-Саға деген жерде қалмақтың қалың қолы қоршап алып қасындағы жетпіс нөкерімен қоса өлтіреді. Қара сол жерде жерленген. Іздесе бейіті табылуы да мүмкін. Өйткені Бақай тауының баурайында Қараның сайы /Қарасай/ деген де жер бар.

Қараның Малыбай тұқымы Шелек өзенінің оң қапталына орналасқан. Шелек өзенінен тоған шығарып, олар да диқаншылықпен айналысқан. Ол тоған әлі күнге Малыбай тоғаны деп аталады. Сол тоғанды дірмән еткен ауыл кейін Малыбай ауылы атанған.

Жалпы Малыбай қаһарлы, батыр кісі екен. Оның ұрпақтарының ішінде Ереншінің аты бөлек. Ереншінің Қаба, Бөбетай деген немерелері елге танымал болған. Қаба ер жеткен соң би болып Малыбай ауылына билік жүргізіпті. Көртоғай мен Сөгеті тауларының арасында Қабасай деген жер со кісінің атымен аталған.


ХІХ ғасырдың ортасына таман күш жинаған қазақ жасақтары қалмақтарды тықсыра бастайды. Кезінде Орынтайдың баласы Түменбай батыр қалмақтың Бұрқамбы дейтін қолбасшысының тәжін сындырып қуған екен. Енді жаудың соңына Түменбай батырдың немересі, Алпар батырдың ұлы Саурық батыр бастаған қол түседі. Қазақтардан қашқан қалмақтар болса Қытай жеріне өтеді. Саурық батыр Маңғұлкүренің Қарағанды деген жерінде қалмақтарды қуып жетіп, Текес өзенінің үстіндегі көпірде Бұрқамбының басын алады. Дұшпанды жеңген соң қазақтар Қарағандыда қоныстанып қалады. Сол Маңғұлкүре, Қызылкүре, Нылқы аудандарында албан тайпасының ұрпақтары қазірде де мекен етеді. Ежелгі қазақ қоныстары азат етілген соң 1850-1860 жылдары Әлмеректің ұрпақтары өрге қарай көшеді. Жаудан тазарған Кеген, Нарынқол өңіріне қосымша халық керек болды. Шекаралық аймақта селдіремей қазақтар қалың отырса қалмақ қайта батпасы анық. Содан Әлмеректен өрбіген тұқым, ішінде Құрман балалары да бар, біртіндеп шығыстағы таулы өңірге қоныс аударды. Сөйтіп бұл тұқымның көп атасы сол жақта тұрақтап қалды. Стратегиялық тұрғыдан бұл өте дұрыс шешім болатын.

Мақаламыздың басында Әлмеректің Сүйерқұл Бозымнан тарайтынын айттық. Айт, Бозымның Қарашаш дейтін қарындасы болған. Қарашаш анамыздан туған Бекбол деген баласын жеңгелері Жиенқұл /қыздың баласы деген мағынада/ деп жүріп, кейін қыстық киімін жазға дейін киіп жүретіндіктен Қыстық атап кеткен екен. Жиенқұлдан Ақназар мен Тоқназар /Тоқтамыс/ тарайды. Жұрт Ақназарды Аққыстық, Тоқназарды Қарақыстық атап кетеді /«Қыстық руы. Тарихи деректер» Алматы, 2004 ж 13 бет/. Құрман балалары Кеген, Нарынқолға көш түзегенде Киікбай, Қорам, Лабар, Шелек, Баба, Масақ, Байсейіт, Малыбай, Жиырма үй, Асы-Саға, қоныстарын жиен жұрты Қарақыстық пен Аққыстық балаларына қалдырыпты.

Арада сексен-жүз жылдай уақыт өтеді. Бірнеше ұрпақ ауысады. Жоғарыда айтылған 1881 жылғы Петербург шарты бойынша Жетісуға көшірілген ұйғыр отбасыларының бір бөлегін /ол кезде ресейлік ресми құжаттарда ұйғырлар тараншы деп аталған/ жергілікті халық пен болыстардың келісімімен Малыбай, Байсейіт, Шелек, Қорам, Лабар /Лавар/, Қаратұрық ауылдарына қоныстандырады. Жалпы 1881-1994 жылдар аралығында Қытайдың Іле өлкесінен Жетісуға 9752 ұйғыр отбасы /45373 адам/ көшіріліп келген /М.Н.Кабиров. Переселение Илииских уйгуров в Семиречье.Алма-Ата, 1951 г/. Мұсылман халықтары болған соң қазақтар мен ұйғырлар бір-бірімен тез тамыр, дос болып әлі күнге бірге өмір сүріп келеді. Ал Қарақыстықтың ұрпағы болса сол Малыбайда қазірде де тұрып жатыр.

Мақаланың соңында Шелек өзенінің аты туралы бір-екі ауыз сөз айта кеткенді жөн көрдік. «Жетісу» энциклопедиясында /643 бет/ Шелек өзенінің аты Шілік деп көрсетіледі. Бұл мүлде қате. Өзеннің де, орта ғасырлық елді мекеннің де аты Шелек! Әлдебір зерттеушінің Шелек емес бәлкім Шілік шығар деп тұспалдап қоя салғаны кітаптан кітапқа көшіп жүр. Шынтуайтында Шелекке қатысты атаулардың бәрі Шелек өзенінен бастау алатыны ақиқат. Дәлел жетерлік. Егер шынында Шілік болса Таушелекті қайда қоясыз? Ол өзеннің қарлы шыңдардан бастау алған тұсындағы атауы! Жергілікті қазақтар өзеннің Шелек селосынан төменірек тұсын ежелден Құршелек деп атайды. Бұдан өзге Іле арнасымен соғатын күшті желді де қазақтар атам заманнан Шелектің желі деп атап келеді. Ендеше өзеннің бойында өскен шілік деген көпжылдық бұтаның көптігінен өзен Шілік аталыпты деу мүлде ақылға сыймайды. Қысқасы Шелек өзенінің о бастағы атауы ресми түрде мойындалғаны, карталар мен анықтамалық кітаптарға сол қалпында енгізілгені дұрыс деп білеміз.


Малыбай батыр

оның ата-бабасы мен ұрпақтары туралы



Алматы облысының Шелек өңірінде Малыбай дейтін ауыл бар.

Әркiмге де өзiнiң туып, кiндiк қаны тамған жерi қымбат емес

пе?!. Сондықтан да Малыбай ауылы туралы құлағым шалса елең

ете қаламын. Малыбай ауылының тұрған жерi де ерекше. Өзi

таудың етегi болса, құбыла жағы арқыраған Шелек өзенi. Күнi-

түнi бiр тынбай арыс­танша күркiреп жатқаны. Бала ке­зiмiзде

әпкiшпен (иiнағашпен) екi шелек суды тiлерсегiмiз дiрiлдеп

терең сайдан алып шығатынбыз. Бiр шақырымдай жердегi үйге

жеткенше екi шелектен бiр шелектей ғана су қалатын. Жол

жөнекей асық атып, ләңгi теуiп кешi­гетiн кездерiмiз де болады.

Сондай ойын кездерiнде «Малыбай деген кiм болған?» деген

сұрақ туып қалады. Көршi көшедегi достарымыз «Малыбай

деген ұйғыр байы болыпты, ауылға соның аты қойылған екен»

деп қалады. «Жоқ, Малыбай деген батырдың аты» деп бiз де құлақ шалған елеспен дес бермеймiз. Талас әйтеуiр үнемi аяқсыз қалып жатады. Ешкiм мұны тәптiштеп түсiндiрiп бере алмайды. Осы сауал ұзақ жылдар көкейде шешiлмей жатты.

Кеңестік кезеңде ру-тайпа тарихын зерттеуге жол берілмейтін. Кейін тәуелсіздік жылдарында зерттей келгенде Малыбай шын мәнінде батыр адам болғандығы анықталды. Ол тек елді жаудан қорғап қана қоймай, тоған қаздырған, жұртты диқаншылыққа баулып, қамқорлық жасаған да жан болыпты. Малыбай Қараұлы шамамен 1719 жылы туған. Жиырмадан асқан шағында әкесі үйлендіріп бөлек шығарады. Ол Шелек өзенiнiң оң қапталынан тоған шығарып, диқаншылықпен айналысқан. Ол тоған әлi күнге Малыбай тоғаны деп аталады. Сол тоғанды дiрмән еткен ауыл алдында Көктерек ауылы, кейiн Малыбай ауылы атанған. Малыбайдың арғы жағы Әлмерек бабаға барып тiреледi.

Ұғынықты болу үшiн шежiрелiк деректерге жүгiнелік. Жетiсу өлкесiнiң қазiр өр жағын мекендеген Албан руының iшiнде Шыбыл, Сары деген аталары бар. Сарыдан Сүймендi, Сүймендiден Сүйерқұл, Сүйерқұлдан – Айт, Бозым шығады. Бозымнан Сары, Шобал (Таз), Жаншық өрбидi. Жаншықтан Әлмерек туады.

Тарихи деректерде Әлмерек Жаншықұлының 1658 жылы

туып, 1754 жылы қайтыс болғаны айтылады. Әрi батыр, әрi

шешен, көрiпкелдiк қасиетi бар баба ұзақ жасаған, тоқсан алты

жас ғұмыр кешiптi. Тоқсанға таянғанда жұрт оған абыз атағын

берiптi. («Жетiсу» энцикло­педия­сы, «Арыс» баспасы, 162-бет)

Одан қазақтың Хангелдi, Бақай, Малай, Райымбек батырлары

бата алған. Осы энциклопедияда Әлмеректен бес бала тарайды

делiнген. Алайда оның тiкелей оныншы ұрпағы Әбдуали

Әбдiкәрiмовтың айтуынша, Әлмеректен сегiз бала туған. Олар:

бәйбiшеден – Жәнiбек, Тоқан, Баба, Құрман, Каракiсi, тоқалынан –

Едiл, Жайық, Жұмық.

Шелек өңiрiндегi Сөгетi тауының терiскей сiлемiн, Шелек

өзенi таудан жазыққа шығар аңғар аймағын басқа ру-тайпалармен бірге Құрман балалары мекендеген. Құрманнан: Мәмбет, Үмбет, Қара деген үш бала өрбiген. Қарадан: Елшiбай, Малыбай, Орынтай, Майлыбалта деген төрт бала тарайды. Енші беріп бөлек шығарғаннан кейін Қара балаларын аралап сынамақ болады.

Тұңғышы Елшібайдікіне келсе баласы ешкі сояды. Малыбайға келгенде ол әкесін қошқар сойып құрметтейді. Боқы (Майлыбалтаны солай атайды екен) бір қазан көже пісіртеді. Орынтай болса көрші-қолаңын шақырып тай сояды. Сонда Қара әкелеріне үлкен сый-құрмет көрсеткен Малыбай мен Орынтайға батасын беріпті дейді. «Малыбайым қошқар сойды– тұқымы жілікті болар. Орынтайым аямастан тай сойды – тұқымы қатыгездеу, батыр болар» депті. Шынында да Малыбай мен Орынтай тұқымы ормандай болып өсіп бір қауым елге айналады.

Әке сынының дәлдігіне қайран қаласың. Малыбай расында әрі батыр, әрі дәулетті болады. Албан-Бұғыға (қырғыз руы) белгілі бай, жомарт болып атын қалдырады. Қарқара-Ыстықкөлді мекендеген қазақ-қырғыздарға ортақ «Қырғыз болсаң Алыбайдай бол, қазақ болсаң Малыбайдай бол» деген сөз қалған. Малыбай батыр туралы Қабан (Қабылиса) жырау жырында да айтылады. Малыбайдан тараған бүгінгі ұрпақтар арасында әйгілі археолог, академик Карл Байпақов та бар. Малыбайға қатысты деректер орыс зерттеушісі Румянцевтің кітабында кездеседі.

Ал Орынтай тұқымына қарап отырсаңыз батырлық дарығанын көресіз. Орынтайдың баласы Түменбай жоңғар соғысы кезiнде қазақтың ту ұстаған батыры болған. Түменбайдан Алпар, одан Саурық батыр, одан 1916 жылғы Қарқара көтерiлiсiнiң басшыларының бiрi Ұзақ батыр туады. Ережесіз жекпе-жектен әлемнің қазіргі үш мәрте чемпионы Ардақ Назаров пен әлем чемпионы Бейбіт Назаров осы Орынтай ұрпақтарынан.

Малыбайдың әкесi Қара деген кiсi өте батыр, ел билеген кiсi

болған. Жұртты аузына қаратқан шешен екен. Көнекөз Шәрiп­ақын Сыбанқұлов қарияның айтуына қарағанда ол кiсiнiң тұсында қалмақтар ұсақ-түйек қақтығыстар кезiнде жергiлiктi қазақтардан үнемi жеңiлiп қала берiптi. Содан қалмақтар Қараға қатты өшiгiп қалайда көзiн жоюды ойлайды. Сапардан келе жатқан батырды аңдып жүрiп, Асы өзенiнiң тау шатқалынан шығып Шелек өзенiне ұмтыл­ған сағасындағы жоғарыда айтыл­ған Асы-Саға деген жерде қалмақтың 500 кісілік қолы қоршап алып Қараны қасындағы жетпiс нөкерiмен қоса өлтiредi. Сол маңда Қараның сайы деген жер әлі күнге бар.

Жалпы Малыбай әкесі Қара тәрізді қаһарлы, батыр кiсi екен.

Малыбайдың тірі кезінде қалмақтар Көктерекке беттеп бара бермепті. Ол кейбір деректерде 49 жасында қайтыс болған делінеді. Оның ұрпақтарының iшiнде Ереншiнiң аты бөлек аталады. Ереншiнiң Қаба, Бөбетай деген немерелерi елге танымал болған. Қаба ер жеткен соң би болып Малыбай ауылына билiк жүргiзiптi. Көртоғай мен Сөгетi тауларының арасында Қабасай деген жер осы кiсiнiң атымен аталған.

Әлмерек абыз тұқымы 1680 жылдар мен 1850-шi жылдардың арасында Алматы қонысынан шығысқа қарай Сөгетi жазығына дейiнгi кең аумақты мекендеген. Бұған дәлел — Әлмерек бабаның өзi Алматы өзенiнiң бойында қазiргi Әлмерек ауылында (бұрынғы Покровка) жерленгенi.

Әлмерек абыз 1754 жылы 15-қазанда дүниеден көшкелі жатқан кезінде балаларын, немере,шөберелерін алдыртады. Жанына Байсейіттің немересі он бес жасар Мұсылманбайды (Пұсырманбайды) шақыртады. «Ата, міне, мен келдім!» дейді ол. Сонда Абыз: «Ендігі үмітім өзіңде. Жаугершілікте ұстайтын Ақ жібек туды өзіңе тапсырамын!» депті. Сол Пұсырманбай ел қорғау жолында жар құлағы жастыққа тимеген. 19 жасында Төле бидің баласы Жоланның қытайлармен келіссөзіне қатысады. Бұл деректер

жазушы Төлен Қаупынбаев кітабында да бар.


Әлмерек ұрпақтары осынау аумақта мал өсiрiп, диқаншылықпен айналысқан.Тастан, балшықтан үй салған. Тұрақты қыстаулары болған. Малшылықпен айналысқандары Асыны жайлау еткен. Диқаншылықты кәсiп еткендерi өзен бойларынан тоған шығарған. Бидай, тары, арпа егiп, бау-бақша өсiрген. Егiн пiскен кезде бидай, тарыны торғайдан қорғау үшiн бүкiл бала-шағасы жұмылдырылған. Олар торғайды үркiту үшiн ағаштан жасалған сартылдақ деген құрал пайдаланыпты.

Құрманнан тараған Адыр шешен айтыпты деген мынадай сөз бар:

Сартылдақпен шуылдатып маңды,

Қуып бердiк мал мен торғай, жанды.

Егiстiкке төккен терiм төлендi

Бала жедi қазанжаппа нанды!


Енді Әлмеректен тарайтын Жәнiбектiң тұқымына тоқтала кетейік. Жәнібектің Байсейiт, Тоқсейiт, Көшек, Қойлыбай деген төрт баласы болған. Үлкенi Байсейiт батыр екен. Ол жоңғардың Шебiктi деген мыңбасын жекпе-жекте қолға түсiрiп, мұсылман жасаған. ХVIII ғасырдың басында қазақтар тек қалмақтармен ғана емес, соқтығыса берген қырғыздармен де шайқасқан кездерi аз емес. Сондай бiр қазақ-қырғыз қақтығыстары кезiнде Байсейiт батыр жекпе-жекте қырғыздың Орманхан деген батырының қолынан қаза табады. Байсейiт жекпе-жекке шыққан, қаза тауып жерленген жер әлi күнге Байсейiт деп аталады. Ол Алматы-Нарынқол тасжолының бойында Шелектен күншығысқа қарай 10 шақырымдай қашықтықта. Сол жерде Байсейiт деген ауыл әлi күнге дейiн бар. Жәнiбектен тараған ұрпақтардың біразы Шелектен 7-8 шақырым төмен Қаражота ауылын мекендеген. Күнкөрiске ыңғайлы жерде мал өсiрiп, диқаншылық жасаған. Онда да тоған қазған. Сол тоған бүгiнде де Жәнiбек тоғаны аталады.

Әлмеректен тарайтын Баба тұқымы болса Қаражотадан 15

шақырым төменiректе тоған қазып, диқаншылық жасапты.

Бабадан елге танымал Қашаған, Тұрысбек сияқты азаматтар

шыққан. Сол жердегi елдi мекеннiң аты әлi де Бабатоған. 1881

жылы Ресей мен Қытай арасындағы Петербург шарты бойынша

8 мың түтiн ұйғыр мен 2 мың түтiн дүнген Жетiсу жерiне қоныс

аударуға рұхсат алғанда дүнгендердiң шағын бiр бөлегi сол

Бабатоғанға апарылыпты. Дүнгендер ол жердi өздерiнше

Милянфан деп атаған. Сол екi атау да әлi күнге жергiлiктi

халықтың аузында.

Әлмеректен тараған Тоқанның қалмақтармен шайқас­та ел есiнде қалған Баржық батыр, Адыр шешен, Бәтжан сияқты мақтан тұтар ұрпақтары болыпты.

Шежiре де­рек­­терiнде Әлме­ректiң тоқалы Кiшi жүздiң қызы

болғандығы айтылады. Одан Едiл, Жайық, Жұмық деген үш бала көрiптi. Едiл, Жайық деп аналары туған жерiн, жағасында өскен өзендерiн сағынған соң қойса керек. Әлмеректiң кенжесi Жұмық та Кiшi жүзден қыз алыпты. Одан Бекбау деген жалғыз ұл болған. Оның туған кезi шамамен 1711 жыл. Бекбау қалмақтармен шайқаста 1730-1740 жылдары қаза тапқан. Шелек өңiрiндегi Асы-Саға мен Ғайрат ауылдарының арасын қосатын ұзын сiлем бар, жұрт оны әлi күнге Бекбаудың жотасы деп атайды. Бекбау осы жотаға жерленген.

Әлмерек абыз немересi Бекбауды қатты жақсы көрiптi. Ол қаза

болғаннан кейiн Абыз: «Жұлдызды түнiм, күндiзгi күнiм, Бекбауым! деп маңдайынан иiскеп, қолынан еш қақпадым» деп жоқтап, жез сақалын салалап отыруды мәртебе көрген. Бұл әрi батыр, әрi ақылды ұрпағына берген бағасы болса керек.

Бекбаудан Сатан деген ұл қалыпты, одан Сармырза, одан

Қорам туады. Бұл қалмақтармен соғыс әлi бiте қоймаған кез,

ХIХ ғасырдың отызыншы жылдары.(«Жетiсу» энцикл. «Арыс»

басп. 2004, 416 бет) Қордайдағы нағашы атасы Дулат Кененбай

ауылында тәрбиеленген ол атасынан найзаласу, садақ ату,

аударыспақ сияқты ұрыс өнерлерiн үйренедi. Ер жеткен соң туған

жерiнде қалмақтарға қарсы шағын шайқастарға қатысады.

Дұшпанды қуған соң елдi егiннiң тарыдан басқа бидай, арпа

сияқты түрлерiн егуге үйретедi. Тоған қаздыртып

отырықшылыққа баулиды. Ел арасында Қорамның құтырған

бураның мойнын үзгенi, Iле бойындағы ну қамыста құр қолмен

жолбарысты жайратқаны туралы аңыз әңгiмелер әлi де бар.

Қорам сексенге таяп, 1907 жылдары Шелек селосының

оңтүстiгiндегi Сарықамыс деген жерде қайтыс болыпты. Сол жер

кейiн Қорам батырдың атымен аталған.

Ендi Әлмеректiң бәйбiшесiнен туған кенжесi Қаракiсiге

тоқталайық. Қаракiсi 1747 жылы маусым айында Аласа мен Бұғыты тауының ортасында қалмақтармен қатты шайқаста iшiнен оқ тиiп дүние салған. Оның жерленген жерi қазiргi Бартоғай су қоймасының жағалауы. Қаракiсiнiң Лабар деген немересi болған. Ол да елге танымал азамат болыпты. Алматы— Нарынқол тас жолының Қаратұрық ауылынан Шелекке бет алған тұсында қазiр «Лавар» деп жүрген жер бар. Сол Қаракiсiнiң немересi Лабардың атымен аталған. Бәлкім бейіті де сол маңда болса керек. Әлмерек абыздың қарақазаны мен ошағы сол кенже ұлы Қаракiсiде қалған екен. Бұрын Нарынқол ауданында бiрiншi хатшы болған, бүгiнде Алматыда тұратын дербес зейнеткер Рауан Әрiпов ақсақал 2002 жылы бұрынғы Покровка ауылында Әлмерек кесенесi ашылғанда сол қазан әкелiнген едi деген ақпарат айтты.Ұрпақтары мұражайға өткiзуге келiскенiмен кейiн алып кетiптi. Қазаны мен ошағы қазiр Кеген өңiрiндегi Жылысай ауылында тұратын мұғалiм Бексұлтан Солтанбайұлының әжесi Ажар апаның қолында көрiнедi. Кеген өңiрiне белгiлi азамат Бағашар Тоқмолдаев та осы Қаракiсiнiң ұрпағы екенiн мақтан тұтады.

ХIХ ғасырдың ортасына таман күш жинаған қазақ жасақтары

қалмақтарды тықсыра бастайды. Кезiнде Орынтайдың баласы Түменбай батыр қалмақтың Бұрқамбы дейтiн қолбасшысының тәжiн атып сындырып қуған екен. Ендi жаудың соңына Түменбай батырдың немересi, Алпар батырдың ұлы Саурық батыр бастаған қол түседi. Қазақтардан қашқан қалмақтар болса Қытай жерiне өтедi. Саурық батыр Маңғұлкүренiң Қарағанды деген жерiнде қалмақтарды қуып жетiп, Текес өзенiнiң үстiндегi көпiрде Бұрқамбының басын алады. Дұшпанды жеңген соң қазақтар Қарағандыда қоныстанып қалады. Сол Маңғұлкүре, Қызылкүре, Нылқы аудандарында албан тайпасының ұрпақтары қазiрде де мекен етедi. Ежелгi қазақ қоныстары азат етiлген соң 1850—1860 жылдары Әлмеректiң ұрпақтары өрге қарай көшедi. Өйткені жаудан тазартылған Кетпен, Кеген, Нарынқол өңiрi мал өсіруге аса ыңғайлы болатын.

Мақаламыздың басында Әлме­ректiң Сүйерқұл Бозымнан

тарайтынын айттық. Айт, Бозымның Қарашаш дейтiн қарындасы болған. Қарашаш анамыздан туған, нағашыларына сіңген Бекбол деген баланы жеңгелерi Жиенқұл (қыздың баласы деген мағынада) деп жүрiп, кейiн қыстық киiмiн жазға дейiн киiп жүретiндiктен Қыстық атап кеткен екен. Жиенқұлдан Ақназар мен Тоқназар (Тоқтамыс) тарайды. Жұрт Ақназарды Аққыстық, Тоқназарды Қара­қыс­тық атап кетедi («Қыстық руы. Тарихи деректер» Алматы, 2004 ж 13 бет). Әлмеректен өрбiген Құрман балалары да бiртiндеп шығыстағы таулы өңiрге қоныс аударғанда Қыстықтар отырған орындарында қалып қояды. Біртіндеп Малыбай, Асы-Саға, Он үй, Жиырма үй, Байсейiт, Масақ, Қаражота, Сарбұлақ, Бұрған, Аяққалқан қыстауларына қоса Қоянды (Шелек), Қорам, Лабар, Қаратұрық қыстаулары да олардың қанат жайған қоныстарына айналады.

Арада бiрнеше ұрпақ ауысады. Жоғарыда айтылған 1881 жылғы Петербург шарты бойынша Жетiсуға көшiрiлген ұйғыр отбасыларының бiр бөлегiн (ол кезде ресейлiк ресми құжаттарда ұйғырлар тараншы деп аталған) жергiлiктi халық пен болыстардың келiсiмiмен Малыбай, Байсейiт, Шелек, Қорам, Лабар (Лавар), Қаратұрық ауылдарына қоныстандырылады. Жалпы 1881-1894 жылдар аралығында Қытайдың Iле өлкесiнен Жетiсуға 9752 ұйғыр отбасы (45373 адам) көшiрiлiп келген (М.Н.Кабиров. Переселение Илииских уйгуров в Семиречье.Алма-Ата, 1951 г). Мұсылман халықтары болған соң қазақтар мен ұйғырлар бiр-бiрiмен тез тамыр, дос болып әлi күнге бiрге өмiр сүрiп келедi. Ал Қарақыстықтың ұрпағы болса сол Малыбайда қазiрде де тұрып жатыр.








1 104 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Kommentare


bottom of page