top of page

Жұмыла көтерсек – жүк жеңіл!


Дәл биылғы жылдың 1 қыркүйек - Білім күні мерекесімен қатар, Елорда төріндегі Қазақстан Республикасының Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын жеткізді. Жолдаудың кіріспесін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс» - деп, өзінің көкейдегі өрнекті ойымен бастап берді. Жыл сайын барша қазақстандықтардың үлкен үмітпен күтетін ел Президентінің Жолдауы 2022-2023 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, білім беру саласындағы ұстаздар қауымының да ерекше назарын аударғаны анық. Ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа Жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі білім беру саласын ешқашан ысырып қойған емес. Жас буынның бойына халқымыздың ұлттық күй өнерін үйрету жолында еңбек етіп жүргендіктен, білім саласында болып жатқан барлық өзгерістер мен жаңалықтар мен үшін әр кез жаныма жақын саналатынын жасырмаймын. Ел дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерге ерекше мән беріп, білім беру саласына тоқталған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Келесі маңызды мәселе – білім беру жүйесі туралы. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады» - деп жеткізсе, оқушыларға білім беретін мұғалімдердің еңбегін жоғары бағалап: «Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет» - деп, ой түйді.

Дамудың жаңа жолын таңдаған Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі мен гүлденіп өсуіне үлес қосу – әрбір азаматтың парызы деп білеміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам.» Жолдауын жүзеге асыру мен ел дамуының жарқын болашағы үшін жұмыла күресейік!


Айман Нұртаева

домбырашылар сыныбының оқытушысы

«Қарағанды облысы білім басқармасының

Приозерск қаласы білім бөлімінің

«Достық» балалар-жасөспірімдер

шығармашылық орталығы» коммуналдық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

26 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page