top of page
Думан Құрманғалиев

Жаңа бағыттағы ел дамуы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауы


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» Жолдауын Приозерск гарнизонының жеке құрамы зор ықыласпен қабылдады. Биылғы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауы арқылы Мемлекет басшысы елді экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш сала отырып Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыруды көздеп отыр.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы барша қазақстандықтарға ақиқатында тың серпіліс пен нық сенім сыйлады. Аталған құжатта Мемлекет басшысы ел дамуындағы күтіп тұрған өзгерістерге тоқталып, алдағы жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру бағытталған жоспарларымен ой бөлісті.

Жолдауда егеменді елімізге қауіп төндірген «қаңтар оқиғасы» тақыырыбына терең тоқталған Президент, оны арандатып ұйымдастырушылар мен кінәлі тұлғалардың қатаң жазаланатынын жеткізді. Мемлекет басшысы қиын-қыстау шақта қасынан табылып, барлық бастамаларын қолдаған отандастарына өз алғысын білдірді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендігімізге зор қауіп төнді. Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді.Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді»,-деп өз ойын жеткізді.

Сондай-ақ, Президент дәл қазіргі кездегі азық-түлікке деген тапшылықты болдырмау және қымбатшылыққа тосқауыл қою үшін бағаны бақылауға алып, жөнсіз сауда-саттықтың алдын алу қажеттігін де ескертті. Парламенттің рөлін күшейтіп, сайлау жүйесіне қатысты өзгерістер атап өтілді. «Біздің мұратымыз – адал еңбек, озық білім мен үздік тәжірибені ту етіп көтеріп, халық үніне құлақ асатын «Жаңа Қазақстанды» құру. Сондықтан өзгерісті әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Әрбір адам және бүкіл қоғам жаңғыруы қажет. Бұл біздің болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз» – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жолдаудың әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру деп аталатын тарауында көпшіліктің көкейіндегі сауалдар мен өтініштер шешімін тапқан сияқты. Өйткені, орталығы Семей қаласы болатын Абай облысын, облыс орталығы Жезқазған қаласы болар Ұлытау облысын және екіге бөлу жолымен орталығы Талдықорған қаласы болатын Алматы облысын, сонымен қатар облыс орталығы Қапшағай қаласы болатын Жетісу облысын құру мәселесі алға қойылды.

Президент Жолдауы дүйім жұрттың көкейіндегі тұралап қалған түйіткілді сауалдарға жауап тапты. Жолдауда: «Бабалар аманатына адал болып, оны ұрпаққа табыстау – мен үшін киелі парыз. Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты» - деп, ағынан жарылуы біздің әрбірімізге рух беріп, жігерлендіре түсетіні сөзсіз.

Халықтың табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған осынау аса маңызды құжатта көрсетілген міндеттерді, тапсырмаларды бүкіл қоғам болып, жұмылып орындайтын болсақ, жеңілмесіміз анық.


подполковник Жасұлан Абеков

Приозерск гарнизонының бастығы


Суретті түсірген

Думан Құрманғалиев,

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

29 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Ержүрек тұлға

Comments


bottom of page