top of page
Patriot Tulga

ЖАУЫНГЕРЛЕРДІ ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ


Оразбекова Күләш Айтмолдақызы,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің

профессоры, психология

ғылымдарының докторы



Оқыту психологиясы - бұл оқытушы мен оқушылардың өзара байланысты қызметінің тәсілдері, солардың көмегімен жауынгерлердің білімді, дағдылар мен іскерліктерді игеруіне, олардың ақыл-ой және дене күштерінің дамуына, оларда әскери борышты табысты түрде орындау үшін қажетті қасиеттердің қалыптасуына қол жеткізіледі. Әдістер шынайы түрде әскерлер мен флот күштерін даярлаудың мақсаттары мен міндеттеріне, әскери істің даму деңгейіне және т.б. тәуелді болады. Қарулы Күштердің қазіргі даму кезеңінде жауынгерлердің жауынгерлік және саяси даярлығында келесідей психологиялық әдістер белсенді түрде пайдаланылады:

Ауызша баяндау әдісі алуан түрде қолданылады: әңгіме, түсіндіру, нұсқау беру және дәріс.

Әңгіме суреттеу не айтып беру түрінде негізінен нақты материалды бейнелі, тірі, эмоционалдық және дәйекті түрде баяндау болып табылады.

Түсіндіру мәні – құбылыстардың, үрдістердің, әрекеттердің мағынасын, олардың себептік-салдарлық байланыстары мен қарым-қатынастарын ашып көрсту.

Нұсқау беру – қандай да бір әрекетті не, жалпы алғанда, оқу(қызмет) міндетін орындаудың қағида үлгісі мен ережелері туралы қысқа, анық нұсқаулар (ұсыныстар) беру. Бұлардың барлығы мектептер мен АКТУ оқушыларының бастапқы әскери даярлығының үрдісінде белсенді түрде қолданылады.

Дәріс – ең күрделі ұғымдарды, заңдылықтарды, ойларды толық ашып көрсетуді ұйғаратын теориялық не тәжірибелік мәселелерді толық баяндау. Онда суреттеу мен айтып берудің, дәлелдеу мен түсіндірудің түрлері көрсетіледі, оқиға мен үлгілерді талдау жүргізіледі, жалпылау мен қорытындылар жасалады. Оқу материалы оқытудың техникалық құралдары мен көрнекі құралдарды кеңінен пайдалана отырып беріледі; оқушылардың танымдық қызметін белсенді ететін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Мәселелік дәрістер, ой-дәрістер жоғары ынта тудырады. Олардың ерекшелігі дәріскердің тыңдаушылар алдына мәселені сұрақтарды қойып, ойындағысын дауыстап айтып, дәлелдер мен қарсы дәлелдер келтіріп, жауынгерлерді пайда болған мәселелердің шешімін іздеуге қосылуына ынталандырып, олардың алдында теориялық талдаудың әдіснамасын ашып көрсетуінде жатыр.

Оқылатын тақырыпты талқылау әңгіме-дүкен, сыныптық-топтық сабақтар және семинарлар түрінде өткізіледі.

Әңгіме-дүкен – оған қатысушылардың арасында алдын ала дайындалған сұрақтар бойынша пікірлерімен қысқаша алмасу арқылы жауынгерлерді біліммен қаруаландырудың тәсілі. Ол білімнң мазмұны не оқушыларға белгілі, не бір деңгейде белгілі, не олар үшін үлкен танымдық қиындық туғызбайтын білімді меңгерудің сухбат тәсілі болып табылады.

Сыныптық-топтық сабақ көп жағынан әңгіме-дүкенді еске түсіреді. Алайда теориялық және тәжірибелік сұрақтар бұл жерде одан да толық талқыланады. Сабаққа қатысушылар, әдетте, жай ғана сұрақтарға жауап беріп, өз пікірін айтып қана қоймайды, сондай-ақ фактілер мен құбылыстарды талдайды, олардың себеп-салдарлық байланыстары мен қарым-қатынастарын анықтайды. Әңгіме-дүкен, топтық сабақ та бастапқы әскери даярлық курсы бойынша оқу материалын талқылаудың күнделікті түрлері болып табылады.

Семинарда ең терең және мұқият зерделенетін тақырыптар талқыланады. Семинарлық сабақтар – теориялық не тәжірибелі мәселенің ғылыми талдауы, оны тиімді шешудің жолдарын ұжымдық іздетіру. Олар анағұрлым дайындалған жауынгерлермен: офицерлермер, әскери училищелердің курсанттарымен, прапорщиктермен (мичмандармен), сондай-ақ сержанттармен (старшиналармен) және жоғары жалпы білім беретін дайындығы және күрделі мәселелерді өз бетінше зерттеу тәжірибесі бар солдаттармен (матростармен) өткізіледі.

Көрсету әдісі тақырыпты ауызша баяндаумен және талқылаумен қатар жауынгерлерді оқытуда оқылатын теориялық және тәжірибелік тақырыпты белсенді түрде пайдалану. Оның мәні оқушыларда оқылатын құбылыстың көрнекі бейнесін құрудан, техниканың, қару-жарақтың, қызмет пен ұрыстағы әрекеттердің тәсілдерінің құрылысы туралы нақты түсніктерді қалыптастырудан тұрады. Оқылатын тақырыптың мазмұнына және сарбаздардың әрекеттерінің тәсіліне байланысты көрсетудің алуан түрлері қолданылады. Солардың негізгілері оқылатын тәсілдерді, әрекеттерді жеке көрсету, ұрыс техникасы, қаруды, жабдықты көрсету; бейнелі көрнекілік құралдарын көрсету (картиналар, суреттер, фотосуреттер, макеттер, графиктер, диаграммалар және т.б.); кинофильмдерді, телебағдарламаларды, диафильмдерді және диапозитивтерді көрсету; дыбыс жазбаны көрсету. Көрсетуге келесідей негізгі дидактикалық талаптар қойылады: 1. құжаттарды сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мұқият іріктеу, оларды жүзеге асыруда көрсететін жерді анықтау, оның мақсатқа сай түрлерін таңдау, көрнекі құралдарды қолданудың дәйектілігі; 2. көрнекілікті оңтайлы мөлшерлеу, қоғамдық ғылымдар бойынша дәріс оқыған кезде 8-10 минуттан көп уақыт алмайтын кинофильмдер мен диафильмдерді көрсету ең жақсы нәтиже беретінін есепке алу; 3. көрнекілік құралдарын шешілетін міндеттердің сипатына және тыңдаушының сезімдік тәжірибесіне қарай сапалы және кешенді қолдану; 4. көрсетудің сөзбен үйлесімі. Сабақтың жетекішсі көрнекі құралдарды толық түсіну үшін қолжетімсіз құбылыстардың мәнін сөзбен түсіндіру үшін тұғыр ретінде пайдаланған кезде оларды қолдану анағұрлым тиімді. Көрсету әдісін әскери жетекіші әрбір сабақта толық көлемде пайдаланады.

Жаттығулар жауынгерлерде қажетті дағдылар мен іскерліктерді бекіткен және жетілдірген кезде белгілі бір тәсілдер мен әрекеттер барған сайын күрделене түсетін, саналы, көп рет қайталау, яғни олар маңызды орын алады. Оқу пәнінің мазмұнының ерекшеліктеріне, қалыптастырылатын дағдылар мен іскерліктердің сипатына, оқу жұмысын ұйымдастырудың түрлеріне қарай жаттығулар саптық, денелік, атыс, техникалық, тактикалық, кешенді, арнайы жаттығулар болып бөлінеді. Қызметті ұйымдастырған кезде – жеке және топтық, ал дидактикалық мақсаты бойнша – кіріспе, негіздік және жаттықтыру жаттығулары болып бөлінеді.

Кіріспе жаттығулар тәжірибелік көрсетуден кейін бірден жүреді. Олардың мақсаты – жауынерлердің үйренетін әрекеттерді баяу, бірақ дәл орындауын қамтамасыз ету. Негізгі жаттығулардың мақсаты дағыдалар мен іскерліктердің жоғары кәсіби деңгейін қалыптастыру болып табылады. Жаттықтыру әдісі - бұл әлдеқашан меңгерілген әрекетті (тәсілді) оны бекіту және жетілдіру мақсатында саналы, көп рет қайталау. Жауынгерлердің жаттығуларды табысты түрде орындауының негізгі шарттары мыналар болып табылады:

жетекшілердің сабақтарды сапалы түрде дайындауы, олардың әрбір бағынышты адам мен жалпы топтың ерекшеліктерін екере алуы;

жауынгерлердің жаттығулардың мақсаттарын, үйренетін әрекеттердің мазмұны мен орындау дәйектілігін меңгеруі;

жауынгерлердің жаттығуға деген қызығушылығы мен саналы қатынасын қолдау;

әрекеттердің қолжетімді ырғағын, дұрыс кезектілігін орындау, бұл сарбаздан рухани және дене күштерінің күшейе түсуін талап етеді;

жаттығуларды орындаудағы дәйектілік және жүйелілік, оларды орындауы барысында жауынгерлердің дербестігін біртіндеп арттыру;

жаттығуларды орындаудың жағдайларын үнемі күрделендіру және өзгерту;

жауынгерлерде әрекеттерді орындауда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру;

жаттығуларды орындаған кезде жауынгерлердің қызметін оған жарыс сипатындағы элементтерді енгізу көмегімен белсендіру; қабылданған ерікті міндеттемелерді орындауға тырысу;

Тәжірибелік жұмыстар әдісі. Әскери даярлық пен қызмет үрдісінде білімнің, дағдылар мен іскерліктердің елеулі бөлігін жауынгерлер (ұрыс техникасы мен қаруға, атыс бекіністерінің жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу, тактикалық оқу-жаттығулардың, ракеталарды жіберу, ұрыстық атыс, ұшулар және т.б. барысында міндеттерді шешу) меңгереді және бекітеді. Қызметтік мақсаттан басқа, тағы да дидактикалық мақсатқа қол жеткізу жоспарланған және қажетті жағдайлар қамтамасыз етілген кезде тәжірибелік жұмыс оқыту әдісі ретінде жүреді. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізудің дидактикалық шарттары мыналар болып табылады:

жоспарды анық әзірлеу, оқу мақсатын тұжырымдау, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

жұмысты бастардың алдында қол астындағыларға нұсқау беру, нақты міндеттер қою, оларды орындаудың және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтаудың тәртібін түсіндіру, жұмыстардың басталу және аяқталу уақытын анықтау;

қорытынды шығару, әрбір жауынгердің және жалпы бөлімшенің әрекеттерін бағалау, үздік болғандарды көтермелеу;

тәжірибелік жұмыстарды орынау мерзімдерін қысқарту және сапасын көтеру бойынша әр түрлі жарыстарды ұйымдастыру;

алға қойылған міндеттерді орынау барысында идеологиялық қамтамасыздандыру, алдыңғы қатарлы тәжірибені насихаттау;

Саяси, әскери және әскери-техникалық білімдерді терең меңгеру, шеберлікті игеру үшін теориалық және тәжірибелік құжаттарды өз бетінше зерттеу бойынша үлкен де көп жұмыс талап етіледі.

Өзіндік жұмыс кез-келген басқа әдістің ішкі негізі және әртүрлі әдістердің өзара дидактикалық байланысының қажетті алғышарты болып табылады. Оның негізгі түрлері мыналар болып табылады: көздермен жұмыс істеу, техниканы зерттеу, жаттығулар, теле- және радиохабарларды қарау және тыңдау. Өзіндік жұмыстың әр түрі үшін әдістемелік ережелер бар, олары орындау оның нәтижелілігін арттырады. Бұл оқыту әдісі мектеп жағдайларында да кеңінен қолданылады. Осылайша, офицерлердің, прапорщиктердің (мичмандардың), сержанттардың (старшиналардың) қолдарында оқытудың көптеген жалпы және арнайы әдістері бар. Солардың кез-келгенін қолданған кезде оқытудың себептері, білімдерді, дағдылар мен іскерліктерді меңгерудің заңдылықтары есепке алынады. Сабақты өткізудің әдістерін таңдаған кезде оқытушы оқу міндетінің сипатын, оқу материалының мазмұнын, жауынгерлердің санаттары мен дайындық деңгейін, оқу-материалдық базаның барлығын негізге алады. Шығармашылық негізге, өз тәжірибесіне сын көзбен қарау, оқыту әдістемесіндегі ескірген тәсілдерден бас тартып, бар жаңа, алдыңғы қатарлы әдістерді пайдалану қабілеті.

Жауынгерлерді оқытудың түрлері. Оқытудың сапасы көбінесе оқу үрдісін ұйымдастыруға, жеке құрамның ұрыс және саяси даярлығын жүргізудің түрлеріне байланысты болады. Оқытудың ұйымдастыру жағы ретінде оқыту түрлері оқушылардың құрамы мен оларды топтауды, сабақтың (жаттықтырудың) құрылымын, ол өткізілетін жер мен оның ұзақтығын, оқушының қызметінің рөлі мен ерекшелігін қарастырады. Оқыту түрлері оның әдістерімен дидактикалық байланыста болады. Олар ішкі және сыртқы ұйымдастыру жағдайларын қамтамасыз етеді, сабақтардың түрлерін өзгешелендіреді, олардың пәрменділігін күшейте түседі. Сондықтан әр бір әдістің өзі әр түрлі оқыту түрлерінде әр түрлі көрініс табады. Жеке құрамды жалпы оқыту түрлерін үш топқа бөлуге болады:

1. Оқу-жоспарлық (теориялық, тәжірибелік, жаттықтыру сабақтары, ұрыстық атыстар және ракеталар жіберу, оқулар);

2. Қызметтік-жоспарлық (сабақтан тыс) – техникалық үйірмелер, алдыңғы қатарлы тәжірибе мектептері, әскери-спорттық секциялар, жарыстар, викториналар және т.б.

Оқытудың жалпы түрлерінің ерекшеліктері: Дәрістер, семинарлар, сыныптық-топтық сабақтар, әңгіме-дүкендер, сабақ түріндегі оқулар, арнайы жабдықталған бөлмелердегі зертханалық жұмыстар, өз бетінше дайындалу, кеңестер, үлгерімі нашар не оқу сағаттарын жіберген жауынгерлермен қосымша сабақтар теориялық сабақтардың түрлері болып табылады. Олар ең алдымен жеке құрамның теориялық дайындығын, жауынгерлердің қоғамдық-саяси білімдерді, заманауи ұрыстың теориялық негіздерін, ұрыс техникасының жұмысының физикалық негіздері мен қағидаларын меңгеруін қамтамасыз етеді.

Тәжірибелік сабақтар тактикалық-атыс және тактикалық сабақтар, бастапқы және атыс позицияларындағы, әскери бекеттердегі, полигондардағы, аэродромдардағы, танкодромдардағы, парктер мен гараждардағы, алаңдардағы, спорт қалашықтарындағы және т.б. сабақтар түрінде өткізіледі.

Жаттықтыру сабақтары өзінде барлық кешенді және арнайы (пәндік) жаттықтыруларды қамтиды: дене жаттықтырулары, саптық, штабтық, радио жаттырықтырулар, танктік атыс, «Жиналу» белгісі бойынша әрекеттердегі және т.б. жаттықтырулар. Олар арнайы кестеге сәйкес далада, әскери бекеттерде, полигонда, атыс қалашығында, атыс және бастапқы позицияларда, командалық орындарда, арнайы жабдықталған бөлмелерде өткізіледі. Олардың мақсаты - жеке құрамның жауынгерлік жұмысының жалпы және арнайы дағдыларын қолдау және жетілдіру, бөлімшелердің үнемі жауынгерлік үйлестірілуіне көмектесу.

Ұрыстық атыстар мен ракеталар жіберу – әдетте ұрыстық дайындықтың белгілі бір кезеңдерін аяқтайтын оқыту түрлері. Оларды өткізудің мақсаты; бір жағынан, өткізілген оқытудың тиімділігін тексеру, ал екінші жағынан – ұрыстық қарудан ату дағдылары мен іскерліктерін одан әрі жетілдіру. Сонымен қатар олар бөлімшелердің жауынгерлік үйлестірілуінде, жеке құрамды заманауи ұрыстағы әрекеттерге психологиялық дайындауда үлкен рөль атқарады. Әскери ұымдарды қазіргі заманғы соғыстың күрделі жағдайларында әрекеттерге дайындау жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеудің, жеке құрамды далалық оқытудың жоғары түрі болып табылатын оқуларда жүргізіледі. Олар тактикалық, арнайы тактикалық, командалық және командалық-штабтық оқуларды, сондай-ақ ұрыстық атысты тактикалық оқуларды қамтиды. Оқулар нақты жерде, жыл мен тәуліктің кез-келген уақытында, штаттық қару-жарақпен және ұрыстық техникамен өткізіледі. Оқуларда жауынгерлер ұрыс жүргізу шеберлігін жетілдіреді, ұрысқа жақын жағдайларда әрекет ету бойынша берік дағдылар мен іскерліктерді үйренеді. Жауынгерлердің белсенділігін., табандылығын, ұрыстың алғашқы сәтттерінен-ақ жауға бар пәрменімен шабуыл жасап, ұрыс қимылдарын оларды толық талқандағанға дейін жүргізуге талпынысты жан-жақты дамытқанда, олар өз мақсатына жетеді. Сонымен бірге, оқулар жауынгерлердің психологиялық дайындығына да елеулі күш салады. Сондықтан жауынгерлер үшін нақты дене күшін түсіру және психологиялық жүктеу, әрі тіпті шектен тыс жүктеу, оларды қиын жағдайларда белсенді әрекет етуге, тәуекелге бел буып, шешімдер қабылдауға, психикаға күшті тітіркендіргіштер әсер еткен жағдайларда өз міндеттерін мүлтіксіз орындауға ынталандыру маңызды. Сонымен қатар олар жеке құрамды техникалық оқытудың тиімді түрлері болып табылады. Олардың құндылығы олардың жеке құрамның жауынгерлік әзірлікті көтеру бойынша міндеттерді шешуімен тура және тікелей байланыста екенінде жатыр. Жауынгерлерді оқытудың аталып шыққан түрлері Қарулы күштердің түрлері мен әскерлердің түрлерінің жауынгерлік қызметі мен ұйымдық құрылымының ерекшелігін ескере отырып қолданылады. Оқытудың түрлерімен, жауынгерлік және саяси дайындықтың қарастырылған жоспарларымен және бағдарламаларымен үйлестіріп отырып, әскерлерде оқытудың сабақтан тыс түрлері де белсенді түрде қолданылады. Оқытудың бұл түрлерін ендіруге көңіл бөлінетін бөлімдерде әскери шеберлікті арттыру, жауынгерлердің күрделі ұрыс техникасын тез меңгеруі үшін қосымша артық сақтық қорлар ашылады.










155 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page