top of page
Patriot Tulga

ЖАС САПЕРЛЕР КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАДЫ


Абай гарнизонының инженер-саперлері «Шығыс» әскери өңірлік қолбасшылығының далалық жаттығу полигонында жауынгерлік дайындық сабақтарын пысықтады.

54770 әскери бөлімі жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес жас сарбаздарға алғаш рет жарылу жұмыстарын іске асыртып көрді. Аталған шара алдымен тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен қауіпсіздік шараларын жеткізумен басталды. Инженерлер қалашығында үш оқу нүктесінде дайындалды. Онда жарылыс жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік ережелері, арнайы құралдарды қолдану мен тәсілдері жете түсіндірілді. Сондай-ақ оттық және электр тәсілдерімен жарылыс жұмыстарының барысы мен ерекшеліктері баяндалды.

Сарбаздар осы уақытқа алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асырып, жару жұмыстарына қызығушылықпен және ыждағаттылықпен қатысты. Жарылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталды. Айта кетуіміз керек, жас сарбаздардың жауынгерлік даярлығы еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталады.

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

7 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

留言


bottom of page