top of page

Дәрігерлік мәртебеге адалдық

Patriot Tulga

 

Райымбек Аида Руслановна,

жоғары санаттағы балалар тіс дәрігері

 

  Уақыттың бір орнында тұрмайтыны сияқты медицина саласында үнемі алға жылжу бар. Осы аяда мен өзім де жоғары санатты тіс дәрігері дәрежесіне көтерілдім. «Базалық реанимация» тақырыбында семинар тренингтен өттім. Балалардың тіс ауруын асқындырмай сақтау шараларын шеберлік деңгейде орындағаным үшін «Халық аяулысы» салалық төсбелгісіне ие болдым.

  «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру әлеуметтік өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда кәсіби жауапкершілігін  сақтандыру бойынша нормалар қарастырылған. Бұл нормаларға сәйкес медицина қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде іс-сапар шығындарын, өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге жергілікті бюджеттен әлеуметтік қолдау шараларын қосымша жеңілдіктер мен ынталандыру төлемдерін алуға құқылы.

  Кодекс, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне араласуын шектеуді, медициналық қызметкерлерді өздерінің кәсіби міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне жұмсауға тыйым салуды қарастырады. Жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша, тұрғын үйді міндетті түрде беру, жәрдемақыларды міндетті түрде төлеу, коммуналдық шығындардың орнын толтыру үшін әлеуметтік қолдау көрсету шаралары ескерілген. Осылайша қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің материалдық қамтамасыз ету мен кәсіби қорғалуының негізгі мәселелері кодексте көрсетілген» (2

  Бүгінде елімізде 8000-дей  дәрігер еңбек етеді. Олардың жалақысы кезең кезеңімен арттырылып, жыл сайын өсуде. Медициналық қызмет көрсетуге арналған тарифтер, ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі анықталған, олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүзеге асуда. 

  Медицина қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз ету мақсатында медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының қоры тегіс жинақталған.

  Дәрігерлік қызмет мәртебесінің жоғары болуы жағдайында болашақ мамандардың бұл салаға қызығушылығы артады, білім сапасы жоғары мектеп түлектерінің медицина мамандығын таңдауына негіз болады.

  Қазіргі уақытта медицинадағы адам капиталының қажетті сапа деңгейіне қол жеткізу тек медициналық жоғары білім берудің тиімді жүйесін жетілдіріп, осы салада жұмыс істейтіндердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз еткенде ғана мүмкін болатыны белгілі. Мұнда тиімді медициналық білім беруді арттыру негізінде қолданыстағы инновациялық әдістер мен шешімдерді, аспаптар мен құралдарды жаңғыртып отыру өте маңызды.

  Мемлекет тарапынан дәрігерлердің мәртебесі арттырылып жатқанда, оларды өз кәсіби біліктілігін жан-жақты іздене отырып жетілдіруге  міндеттейді. Алайда, өкінішке қарай, «дәрігерлердің кәсіби деңгейін жоғарылатуды ойламайтындығын айтпай кетуге болмайды. Мәселе әрбір дәрігердің өз бетінше ізденісінде болып отыр. Шетелде медицина қызметкерлері  өмір бойы ізденеді. Олардың әрбір маманы әлемде болып жатқан медициналық жаңалықтардан хабардар болып отырады. Италияның Болонья қаласында қабылданған келісім бойынша, мамандар оқу орнын бітіргеннен кейін де өмір бойы ізденіп, кәсіби деңгейін жоғарлатып жүруі керек. Бұл – әр  маманның міндеті» (3).  

  Бұл жерде ескерілетін жағдай, мемлекет тарапынан дәрігерлер деңгейін жетілдіру шаралары стандартты форматта жүргізіледі. Бұның өзі жеткіліксіз, өйткені әлемдік өзгерістер кәсіби стандартқа сыя бермейтіні аян. 

  Қорыта айтқанда, әлемдік медициналық талаптарға сай болу үшін, дәрігерлік сала бойынша адам капиталының сапасын арттыр үшін мемлекетіміз олардың мәртебесін жоғарылату шараларын жасауда. Дей тұрғанымен, менің ойымша, әрбір дәрігер қоғамымыздағы мәртебе биігінің негізінде Гиппократтық анттарына адалдық танытудың парыз әрі қарыз екенін есте ұстауы керек деп ойлаймын.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:   

 

«Маңғыстау  газеті, № 4-5, 14 қаңтар, 2021 жыл.

Койков В.В., Дербисалина Г.А., Роль research-based learning в подготовке инновационно-активных специалистов системы здравоохранения //"Денсаулық сақтауды дамыту" журналы, №4 (65) 2012, 67-77-беттер.

Беркімбаев С. "Ең бастысы дәрігерлік қызметтің мәртебесі жоғарылады". // «Ақтөбе» газеті, 2005 жыл, 17 қараша).

 

 

 

20 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Commenti


Байланыс:

+7 (775) 228-43-78

  • YouTube
  • 768px-Instagram_icon

Жіберілді! Рахмет!

bottom of page