top of page

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті: Ұлттық мақтаныш және даму бағдарлары

Patriot Tulga

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің алдыңғы қатарлы флагманы, халықаралық деңгейде мойындалған академиялық және ғылыми орталық. Бүгінде бұл оқу орны сапалы білім беру, ғылымды дамыту және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісінде көшбасшылық орынға ие. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті әлемдік университеттер рейтингінде жоғары орындарға ие болып келеді. QS World University Rankings тізімінде 163 орындағы университет, жыл сайын өз позициясын нығайтып, Қазақстанның жетекші оқу орны ретінде танылып отыр. Университет ғылыми зерттеулер мен инновацияларға ерекше мән береді, соның нәтижесінде халықаралық рейтингтерде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Сонымен қатар, университеттің зерттеу орталықтары, зертханалары мен ғылыми жобалары әлемдік деңгейде сұранысқа ие. Университеттің көптеген ғалымдары шетелдік әріптестермен бірлесіп заманауи ғылыми жетістіктерге үлес қосуда. Университет базасында инновациялық кластерлер мен технологиялық парктер дамып, студенттер мен жас ғалымдарға тәжірибелік білім мен дағды алуға мүмкіндік берілуде. https://farabi.university 

     Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруда маңызды рөл атқаруда. «Цифрлық Қазақстан», «Білімді ұлт» және «Қазақстан-2050» стратегиялық даму жоспарларына сәйкес университет білім беру жүйесін жаңғыртып, цифрландыру үдерісін кеңейтуде. Тұрақты даму жөніндегі бағыттарға негізделген бастамалар университеттің халықаралық имиджін нығайтып, заманауи ғылым мен білім беру саласындағы көшбасшылығын растайды. «Академиялық ұтқырлық» және «Болашақ» бағдарламалары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері әлемнің үздік университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие. Бұл болашақ мамандардың біліктілігін арттырып, Қазақстанның ғылымы мен экономикасына жаңа серпін береді. Ғаламдану дәуірінде жастардың жан-жақты дамуы үшін берілетін білім сапасы жөнінде университет еңбегі орасан зор. Университетіміздегі «Философия және саясаттану» факультетіндегі «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының ішіндегі «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының орнын ерекше атап өткім келеді. Осыған орай, осы салада білім алушы болашақ мамандар жаңа идеялар мен тың көзқарастарды қалыптастырып қана қоймай, ұлттық мәдениеттің сақталуы мен дамуына да үлкен үлес қосуда. Өйткені, мәдениет – халықтың рухани байлығы, тарихы мен болмысының айнасы. Жастардың мәдениетке деген қызығушылығы ұлттың болашағын айқындайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Өркениетті, дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алу үшін алдымен мәдени құндылықтармызды және діни сауатымызды арттыру манызды. Әлемдік мәдени құндылықтар үлгісімен алмасып, еліміздің мәдени әлеуетінің жоғарылауына өзіндік үлес қосып, білікті мамандар даярлауда университетіміздегі «Философия және саясаттану» факультетіндегі «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы жылдар бойы үлес қосып келеді. Осы бағытқа сай үздіксіз ізденіспен үлгілі кызмет көрсетіп келе жаткан кафедраның ұжымы тәжірбиелі, жоғары санатты, білікті оқытушы мамандардан құралған.  Кафедрамыздың білімі мен сапалық көрсеткішін арттыруда аянбай қызмет етіп келе жатқан кафедра меңгерушісі м.а., PhD, аға оқытушы Каупенбаева Самал Мұхаметәліқызының, философия ғылымдарының докторы, профессор Исмагамбетова Зухра Нұланқызының, философия ғылымдарының докторы, профессор Жолдубаева Ажар Қуанышбекқызының, философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Өмірбекова Әлия Өмірбекқызының, философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Аликбаева Маржан Башанқызының және басқа да осы кафедра оқытушыларының еңбегі орасан зор. «Мәдениеттану» мамандығының 1-курс докторанты ретінде, ғылыми жетекшім философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР педагогика ғылым академиясының академигі Масалимова Алия Рмғазықызының жетекшілігімен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде жан-жақты зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар берілуде.

      Оқу орнында берілген білім өткен тарихымыз бен қазіргі өркенитімізді кезеңдермен ұштастырған мәдениетімізді зерттеуде  ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған мәдени мұраны сақтау арқылы әлемдік мәдениетпен үйлесімді байланыс орнатуға және  қазақ мәдениетінің шекарасын кеңейтіп, оны жаһандық деңгейде танытуға мүмкіндік береді. Көптеген зерттеулер мен ізденуді талап ететін бұл мамандық –  болашақ жастардың рухани, мәдени қызығушылықтарын арттыруға үлес қосуға жол ашады. Сонымен қатар, кафедраның қызметі басқа кафедралардың, факультеттердің, жалпы университеттің ұжымымен тығыз байланысты және еліміздің бүкіл ғылыми қоғамдастығымен тығыз байланыстағы бастамалармен жалғасуда.

     Осы еңбектің нәтижесінде, «Мәдениеттану» мамандығы түлегін жұмысқа орналастырудың да мүмкіндігі өте үлкен, олар мәдениет және ақпарат минстрлігі өкілі, жалпы және орта кәсіптік білім беру оқу орындарының мәдениеттану оқытушысы, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органының арнайы құрылым қызметкері, референт, сараптамашы, ұйымның мәдени-ағартушылық қызметкері, БАҚ жүйесінде мәдени үрдістерді шолушы, мәдени құндылықтарды бағалау бойынша сараптамашы, мәдени жұмыстар аймағының консультанты, имиджеолог, қоғамдық байланыстар маманы, мәдени саясат жөніндегі маманы ретінде қызмет етуге мүмкіндік береді. 

     Сөзімді қорыта айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – елдің білім беру жүйесінің жүрегі, болашақ интеллектуалды элитаны тәрбиелейтін ірі академиялық орталық. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылған жаңашыл бастамалар университеттің беделін арттырып, оның халықаралық деңгейде мойындалуына ықпал етуде.



                                                     Тулақбаева Қызғалдақ Жақсылыққызы,

1-курс докторанты

 

 

 

 

 
 
 

Комментарии


Байланыс:

+7 (775) 228-43-78

  • YouTube
  • 768px-Instagram_icon

Жіберілді! Рахмет!

bottom of page