top of page

Әлемдегі ең үздік білім беру жүйесі


Сингапурдың жалпы білім беру жүйесі  әлемдегі ең жас және ең тиімдісі болып есептелінеді. Бұл елдің білім жүйесі британдық білім беру жүйесіне негізделген. Әлемдік тәжірибеге сәйкес Сингапурда балалар 6 жасынан мектепке барады. Мектептегі білім беру  төменгі, орьтаңғы және жоғарғы деп үшке бөлінеді. Мектептің негізгі мақсаты жан-жақты  дамыған тұлға тәрбиелеп шығару. Оқушыларға қойылатын талап қатаң әрі әр баланың өзгешелігіне сәйкес қатынас-қатынас жасау қарастырылған. Мектеп ұстаздары баланың қабілетін ашуға және дамытуға бар күшін салып жұмыс жасайды. Баланың қалыптан тыс өзгеше ойлауына көп көңіл бөлінеді.   

   Сабақ берудегі әдістеме мен балаларды дамытуға байланысты өзгешелікті Anglo-Chinese School және Raffles School үздік мектептерінен байқауға болады. Бұлар – ең үлгілі мектептер. Бұл мектепте балаларын оқытуға кез келген сингапурлық ұмтылады.

Raffles School мектебін бітіргендер көбіне ерекше ойлау қабілетке ие жандар болып шығады. Түлектері көбіне министр, мемлекеттік құрылым қызметкерлері болғандар. Ал  Anglo-Chinese School түлектерінің басым бөлігі үздік банкирлер, кәсіпкерлер. Сингапурдың ең мықты дәрігерлері, адвокаттары, банкирлері осы мектепті бітіргендер.  Осы екі мектеп бір-бірімен бәсекелес саналады.

   Сингапурда бұл екі мектептен басқа да мектептердің білім сапасы жоғары саналады. Себебі PISA статистикасы бойынша  Сингапур әлем бойынша  математика және ғылым категориялары бойынша 1-орынды иеленген.

  Сингапур оқушыларына үй жұмысы өте көп беріледі. Кіші топтан, ортаңғы, ортаңғыдан жоғарғы топқа өткенде емтихан тапсырады. Осы кезде балалар тәулігіне 12 сағатқа дейін дайындалып, қатты шаршайды. Бұл оқушыларға үлкен салмақ түсіреді.   

   Сингапурда орта білім тегін беріледі. 

 

Жанерке МАРАТ

 

 

125 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page