Осы күні «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің жеке құрамы кезекті жауынгерлік жоспар бақылау атыс дайындығын тапсырды.
Алдымен, сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды.
Қауіпсіздік ережелерінен кейін жеке құрам автоматтан оқ атуды орындады. Жеке құрам нысананы көздеп, атыс жаттығуларын пысықтады.
Жаттығу барысында әскери қызметшілер жауынгерлік даярлықтағы өздерінің біліктіліктерін анық байқатты.
Ату нәтижесі бойынша тигізуден жоғары ұпай жинап, үздіктер қатарынан көрінгендер де бар.
Солардың бірі 93 ұпай жинаған қатардағы сарбаз Жанарбек Заңғар.
Жауынгерлік оқ ату жаттығулары жеке құрамның атыс дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оқ ату дағдыларын шыңдайды.
Жеке құрамның атыс дайындығы сабағын 06708 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік дайындық бойынша орынбасары подполковник Жәнібек Мамабетов өзі бақылады.
– Шеберлік жаттығуда шыңдалады. Әскери ортадағы әрбір әскери қызметкер жауынгерлік даярлықтағы шеберліктерін күннен-күнге арттырып келеді. Олардың атыс дайындығындағы жоғары деңгейге қол жеткізуі жаттығу нәтижелерінің көрсеткіштері деп білеміз.
Жеке құрам осы қалыпта тоқтап қалмай, жауынгерлік даярлық көрсеткіштерін одан әрі жақсарта беретініне сенімдімін, – деді әскери қызметшілердің атыс дайындығы сабағындағы көрсеткіштеріне жоғары баға берген 06708 әскери бөлімінің командирінің жауынгерлік дайындық бойынша орынбасары.
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы
Думан Жұмашұлы
Kommentare