top of page

Қолбасшы сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысты


ree

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Жүсіпов Асан Қуанышұлы Приозерск гарнизонында болды. Басты мақсат - осы аталған әскери ортадағы қызмет етіп жүрген әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігін көзбен көру болатын. Алдымен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлеріне қарасты «Астана» өңірлік қолбасшылығының 06708 бөліміндегі жаңадан салынған модульдік сарбаздар үй-жайының табалдырығын аттап, мерзімдік қызмет әскери қызметшілердің жатын орнын көзбен көріп, олардың тұрмыстық жағдайларымен танысты.

Сонымен қатар, Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдер мен мекемелерінің алда келе жатқан жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын аралап көріп, бөлім командирлері мен мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.



лейтенант

Думан Құрманғалиев,

Приозерск гарнизонының

баспасөз хатшысы

 
 
 

Недавние посты

Смотреть все
ЖЫЛ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Еліміздің бас мерекесі – Республика күні қарсаңында Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық кеңес пен «Уақыт Таңдауы» Агенттігінің бірлескен жобасы бойынша жүргізілген байқаудың қорытындысы шыға

 
 
 

Комментарии


Байланыс:

+7 (775) 228-43-78

  • YouTube
  • 768px-Instagram_icon

Жіберілді! Рахмет!

bottom of page