top of page
Фото автораМадина Кенжебекова

Шығыстану факультеті – тілдер мекені.



КазҰУ-нің Шығыстану факультетінде Қазақстанның шығыс тілдерін, соның ішінде қытай, түрік, араб, парсы, корей, жапон, хинди және урду жетік меңгерген мамандардан тұратын, жоғарғы мамандарды даярлайтын тілдер мекені болып табылады. Тек шығыс елдерінің тілін ғана емес, сонымен қатар, Шығыс елдерінің тілін, мәдениеті, тарихы мен саясатын, философиялық ойын, танымын жете түсінуден, рухани тұрғыдан дамуға үлкен мүмкіндіктер береді. Шығыстану факультеті негізінде төрт негізгі мамандықтарға бөлінеді: Шығыстану, Аймақтану, Аударма ісі, Шетел филологиясы. Соның ішінде мен шығыстану факультетінің, шетел филологиясы мамандығында магистрант ретінде білім алып жатырмын. КазҰУ университете таңдап, түскеніме еш өкінбеймін. Себебі, КазҰУ университеті қытай тілін тереңірек, ғылыми тұрғыдан зерттеуге негізгі базаны үйреніп жатырмын. Дәріс беруші профессорлар Қытай тілін ғана біліп қоймай, Қытай халқының мәдениеті мен тарихы, тілдік когнитивті және әлеуметтік байланысынан зерттеген, жоғарғы дәрежелі доценттер мен профессорлар.

Университетімізде сонымен қатар, шетелдік тәжірибелерге бару мүмкіндігі бар. Қытайтану кафедрасы Конфуций институты, Ланджоу университеті, Шанхай қаласындағы SISU, Қиыр Шығыс кафедрасы Жапониядағы Yaseda университеті мен Осака университеті, DAEGU сияқты шет тілдерді жақсы үйретітін университеттер мен институттармен серіктестік байланыс орнатқан. Бұл шетелге тәжірибеге шығып, сол елдің мәдениеті мен тілін жетік меңгеруге бірден бір керемет мүмкіндік.

ҚазҰУ-ның шығыстану факультетінде, тек бір ғана шығыс тілі оқытылмайды, қосымша ретінде, ағылшын және де үшінші тіл ретінде тағы бір шет тілін қосып оқи аласыз. Факультетте корейтану, арабтану, ирантану, жапонтану, қытайтану ресурстық-ақпараттық орталықтар жұмыс істейді. Кітапхана мен өзінің кітап дүкені бар. Көптеген профессор мен тіл ғалымдарының ерекше тақырыптарға жазылған әдістемелік құралдары мен кітаптарын таба аласыз. Бұл кітаптар диссертация немесе диплом жұмысын жазу үлкен бір көмек құралы ретінде қолдана аласыз. Факультетімізді әртүрлі мерекелік-шаралар өткізіліп отырады. Мысалы қытай тілін оқитын студенттер үшін қытай жаңа жылы мерекелік шаралары өткізіледі.

ҚазҰУ Шығыстану факультетін бітірген түлектер Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінде, ғылыми зерттеу орталықтарында, аударма агенттіктерінде, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану Институтында, Білім беру мекемелерінде қызмет атқарады.

Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің шығыс елдерімен дипломатиялық, саяси – экономикалық, сауда, мәдени байланыстары қарқынды даму үстінде. Бұл байланыстар Қазақстан Республикасының экономикалық өркендеуіне зор септігін тигізеді. Сол себепті, қытай, жапон, араб, корей тілдерін, мәдениетін оқу маңызы артып отыр. Сіз Шығыс елдерінің тілін, тарихы мен саясатын, философиясын үйренемін десеңіз, КазҰУ-нің Шығыстану факультетінің есігі сізге айқара ашық!


Кенжебекова Мадина Ниетбековна

КазҰУ университетінің Шығыстану факультетінің

Шетел филология мамандығының магистранты 1 курс

Куратор-эдвайзер: Абдраев Н.К

51 просмотр0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page