top of page

Сарбаздар атыс жаттығуында ептіліктерін жетілдірді


Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімнің жеке құрамы

қатарын толықтырған сарбаздар атыс даярлығының жоспарына

сәйкес АК-74 қаруынан оқ ату жаттығуын өткізді.

Атыс жаттығуының мақсаты сарбаздардың машығын жетілдіріп,

дағдыларын шыңдау болып табылады.

Жаттығу алдында жеке құрам қауіпсіздік ережелерін қайталап,

қаруды бөлшектеп, қайта жинау іс-қимылдарын орындап, атыс

алаңында оқ атуды орындады. Медициналық көмек көрсету

сабақтарына қатысты. Бұдан өзге сарбаздар әскердің күнделікті дене

даярлығы, мемлекеттік құқықтық даярлық сабақтарына да қатысып,

әскери өмірдің қыр-сырын үйреніп, дағдылануда.

Бұл сарбаздардың әскери бөлімдегі бірінші атыс жаттығуы емес.

Сондықтан олар қарудан атуда үздік нәтижелер көрсете білді.

- Алғашқы күндері қаруды ұстап, одан ату қобалжытқаны рас.

Дегенмен, уақыт өте келе тәжірибе мен машықтанудың нәтижесінде,

жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеміз, - деді үздік нәтиже көрсеткен

ефрейтор Бекзат Амалбек.


Сарбаздар бір жыл бойы тек АК-74 автоматынан оқ атуды

орындап қана қоймай, басқа да қару түрлерін зерделейді. Әскердің,

тәртіпке бағынудың, Отанды қорғаудың барлық қыр-сырын үйреніп,

нағыз жігіттік мектептен өтеді.

- Бүгінгі атыста сарбаздар алғашқы кезбен салыстырғанда

машықтанғанын, ептілік пайда болғанын, жүрексінудің сейілгенін

көрсетті. Осылайша, бір жыл ішінде дәлдікті, көздеуді, нақтылықты біліп

қана қоймай, тәртіпке, ережеге, саптық даярлықты үйренеді, - деді

нұсқаушы сержант Айбек Күртібаев.

Әскери бөлімде мерзімді қызметтегі сарбаздармен өткізілетін

барлық шарада санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталатынын

айта кеткен жөн.

19 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page