top of page

Нөлден бастап «бухучет»

Patriot Tulga

 Айнұр  Тілеутайқызы — теория мен практиканы сәтті үйлестіре отырып, кәсіби табысқа жеткен шебер маман. Ол балалық шағынан сандар мен есептеулердегі дәлдік пен логикаға қызығушылық танытты. Бірақ тек жалаң қызығушылықпен табысқа жету мүмкін емес екендігін ерте түсінген Айнұр Тілеутайқызы білімін жетілдіре отырып, табандылықпен алға қойған мақсаттарына ұмтылды.


 Бижігітова Айнұр 1983 жылдың 17 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданына қарасты Таскескен ауылында  қарапайым еңбек адамдарының отбасында дүниеге келген. Әкесі Тілеутай Кәкіжанұлы құрылысшы, прораб болып еңбек етсе, анасы  Күлбараш бала тәрбиесімен айналысты. Отбасының ұйытқысы болып, ұрпағына өнегелі тәрбие бере білген жан. Осындай қарапайым отбасында еңбектің  дәмін татқан  Айнұр бала күнінен еңбекқор болып өсті.

2000 жылы  Өскемендегі математика мен бухгалтерлік есеп салаларын тереңдетіп оқытатын №3 мектеп-интернатты, мұнымен қоса жеті жыл музыкалық мектепті қатар бітірді. Арнаулы орта білім аттестатын қолға алып, 2001 жылы Қазақстан-Америкалық  Еркін Университетіне түсіп, «Экономика және менеджмент» мамандығын алып шықты. Сондай-ақ  2013 жылы Шәкәрім атындағы Семей  мемлекеттік университетінің «Юриспруденция» факультетін бітірді. ҚР Кәсіби бухгалтерлер палатасының мүшесі.

 

  Теориялық білімнің жеткіліксіз екенін бірден түсінген Айнұр Тілеутайқызы оқу барысында кіші бухгалтер болып бір шағын компанияға жұмысқа орналасты. Осы алғашқы тәжірибе оның кәсіби мансабының негізін қалады, ал дамуға деген талпынысы жаңа тапсырмаларды игеруге көмектесті, мысалы, құжаттаманы жүргізу және есеп беруді даярлау. Ол жөнінде маман: «Мен әрқашан жоғары мақсаттар қоямын, бірақ бастапқыда көп нәрсені практикада үйренуге тура келді. Әр күн жаңа қиындықтар әкелді, мен оларды жеңуге дайын болдым», — деп еске алады өткен күндерін.

    Оның кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегі  көп күттірмей, өз нәтижесін берді. Айнұр Тілеутайқызы қызмет сатысында жоғарылап, жауапты қызметтерге көтерілді. Бірнеше жыл өткен соң, ол ірі компанияда бас бухгалтер қызметіне тағайындалды, мұнда есеп беруді біріктіру, салықты жоспарлау және қаржы ағымдарын оңтайландыру сияқты күрделі міндеттермен бетпе-бет келді. Бұл жаңа сынақтар оның маман ретінде беделін көтеріп, қаржы мәселелері бойынша басшылыққа кеңес беруге мүмкіндік берді. 

   Айнұр Тілеутайқызы  "SA Construction Group","Jolly Paragon Kazakhstan", "Food Solutions KZ" (MacDonalds Kazakhstan)  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде, сондай-ақ көптеген мемлекеттік мекемелерде жауапты қызметтер атқарды. Осы қызметтерімен қатар жеке бизнесін – аутсорсингтік компаниясының жұмысын жемісті жүргізді.  

Айнұр ханым бухгалтерия тек сандармен жұмыс емес, сонымен қатар үздіксіз білім алу мен дамуды талап ететін сала деп санайды. Теория мен практиканы байланыстыруда қиындықтарға тап болатын жас мамандарды байқап, ол өз тәжірибесі мен білімін басқалармен бөлісуге шешім қабылдады. Осылайша, оның 2019 жылы  « Нөлден бастап «бухучет» деген авторлық курсы пайда болды. Ол жас мамандарға тезірек бейімделуге көмектеседі. Курстың сұранысы жыл сайын артып, танымалдыққа ие болды. 

  «Менің курсымның тілі  мен методикасы түсінікті әрі қолжетімді. Мен тек теориялық білім беріп қана қоймай, өз тәжірибемнен нақты мысалдар келтіріп, студенттерге осы білімді өмірде қалай қолдану керектігін көрсетемін», — дейді Айнұр ханым. 

  Курс дәстүрлі оқыту әдістерін ғана емес, сондай-ақ онлайн сабақтар, вебинарлар және мастер-кластар сияқты жаңа тәсілдерді қамтиды, бұл қатысушыларға Айнұрмен нақты уақытта өзара әрекеттесуге, сұрақтар қоюға және жылдам жауаптар алуға мүмкіндік береді. Оның көптеген шәкірттері курстың арқасында еңбек нарығына тез бейімделіп, жаңа жұмыс орындарында өзін сенімді сезінетіндерін айтады. 

  Қазіргі уақытта Айнұрдың курсы 500 мыңнан астам жас маманға көмектескен, олардың 300-і ірі компанияларға жұмысқа орналасып, мансап мүмкіндіктерін айтарлықтай жақсартты. Айнұр ханым осы нәтижелерімен мақтанады, себебі оның жұмысы болашақ мамандардың дамуына нақты үлес қосуда. Бұл жөнінде маман ойын былай өрбітеді: «Маған ең маңыздысы, менің курсымды аяқтаған әрбір студент тек білім алып қана қоймай, өз күшіне сенімді болуы. Олар дипломмен қоса шынайы маман болып, компанияның дамуына үлес қоса алатын адам болуына күш саламын». 

  Бүгінгі таңда Айнұр ханым  — тәжірибелі бухгалтер және жас мамандар үшін ментор. Оның тарихы жаңа бухгалтерлерді шабыттандырып, ынталандырып, бухгалтерия сияқты нақты әрі күрделі салада өз орнын тауып, кәсіби шыңдарға жетуге болатындығын көрсетеді.


Алия МУНИСОВА


 

 

 

48 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Байланыс:

+7 (775) 228-43-78

  • YouTube
  • 768px-Instagram_icon

Жіберілді! Рахмет!

bottom of page