top of page
Patriot Tulga

Мұрат Әуезов: "ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӨЛ ПСИХОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША СӨЙЛЕТКЕН ҒАЛЫМ"


Оразбекова Күләш Айтмолдақызы,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университетінің профессоры, психология

ғылымдарының докторы


Тәуелсіздікке 30 жыл болса да біздің психолог мамандар жазған еңбектер көбіне әлі аударма «Жалпы» кеңес психологиясына сүйенеді. Солардың тіліндегі мысалдар, терминдер аударылмай қолданыла береді. Осы ұлттық психология оқулығында Кеңестің жалпы психологиясы салыстырмалы түрде ғана қолданылды. Барлық тақырыпта қазақтың төл психологиясына сүйеніп жаздым.


      

  «Ұлттық психология» ұлт бар жерде ғана дамиды. Ол үшін оның міндетті түрде 4 негізі болу керек. Олар: 1.Тіл. 2.Жер. 3.Тарих. 4.Салт-дәстүр.

        Сондықтан қазақтың өзін-өзі тануы, ұлт екенін қарастыру бірінші «Қазақ ұлт – ұлттану» аты кітапта орын алды. Қазақтың ұлттық психологиясы «Жан сыры – жантану» екінші кітапта, «Адамтану» үшінші кітапта қарастырылды.

         Әу баста не болғанын білмесек дейді Әбіш Кекілбаев, бүгін оңбай қателесуіміз, ал ертең атымен айдалаға лағып кетуіміз ғажап емес. Ондай қатердің үрейлі бір белгісі – қазір көп сөз болып жатқан кітап оқу дағдарысы. Жұрттың кітап оқуға немқұрайды қарауы ең алдымен бұл оқу тарихын ұмытудан басталып жатқандай. Ал бұл бағзы бабалардың адал еңбегін аяқ асты еткендік, өз болашағымызға өзіміз қалай болса солай қарағандық болып шығады. (Өркениет: 15, 17, 18, 19 мамыр, 2007 жыл.)

        Кітап бүгін де ғылыми – мәдени ілгерілеушіліктің халықтар мен ұрпақтардың рухани ықпалдастығының негізгі іргетасы болып табылады. (Әбіш Кекілбайұлы)

        Қай адамға да өзі жақсы білетін тілдегі оқу қонымды. Ұлт тілінде толықтай білім беруді қанағаттандырмай тұрып сауатсыздықтан құтылдық деуге болмайды. Ана тілінде шорқақтық – аса қауіпті сауатсыздық. Жай сауатсыздық жарлы етсе, өз тіліне сауатсыздық өзге мәдениетке құлақ кесті құл етеді. Сонда (Әбіш Кекілбайұлы) Қай ісіміз де бабалар армандаған биіктен көріне бергей! деп оқулықта көп үзінділер беруімнің себебі де сол.

        Адам сезіміне әсер етпейтін нәрсе жоқ. Оған табиғат құбылыстары да, адамның суық не жылы сөздері де денсаулық жағдайы да, тұрмыс күйі де, киім-кешегі де үнемі әсер етеді. Сезім адам денесінде бет пішінде, көз жанарында қас-қабағында, әр түрлі қимыл қозғалыстарында, жүрек жұмысында да байқалады.

        Сезімнің сыртқа шықпас түсі барма оны жасырар адамның күші бар ма деген Торайғыров. Қазақ құрмет сезімін дарыт адамның сезімі қымбат бәрінен де көңіл қымбат бұл парыздың бір міндеті.

        Көңіл – бір жатқан кеннің дариясы. Көңілден шыққан сөз жауһар. Ауыздан шыққан сөз-көмір. Бабаларымыз: «Сөз өзі не нәрсе?» Өздері жауап береді: «Сөз – адамның өнері. Өнер алды-қызыл тіл деген (халық). «Адамның ғазизлігі...сөзбен болды. Хайуан сөз өнері болмағаннан хайуан болды. Сөз-бір болаттан жасалған өткір қанжар тілден шығады. Ол ең тәттіде, ең ащы да, ең жұмсақта, ең қаттыда, қызыл тілден – қан да тамады, бал да тамады. Тіл – кейде қару, кейде дәру. Тілдің майдалап, уақтап жасап шығарып жатқанының бәрі-інжу. Көп адамның мына біздің, бір жерге бас қосқаны – бау-бақша сияқты. Соның ішінде сөз жеміс сықылды. Бұл дүние бір қараңғылықтай нәрсе. Оны жанды ететін – ақиқат сөз. Сөз өліп қалған көңілді тірілтеді. Сөздің ізетінен адамның жаны рахат алады дейді бабамыз.

        Қандай қиын істің қисынын табатын, тәтті сөз, тәрбиелі қылығымен ағайын-туыстың береке бірлігін татулығына дәнекер болатын, ауыл-аймақ арасындағы түрлі өкпе-ренішті жуып-шайып ел-жұртын бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға жетелейтін, алыс-беріс, барыс-келіс істерін шеберлікпен жөнге салып, ағайын-туыс арасында пенделік ұсақ есеп-қисапқа жібермейтін (қазіргі интеграция) бірлесу, біріктіру (иновация бүгінгі) жаңалықты ашу, оны енгізу және игеру (мораль деген) ғибрат, өсиет, өнеге сөз арқылы қазақтың төл өзінің ұлттық психологиясын болашақ ұрпағымыздың сана-сезіміне, рухани жан дүниесіне сіңіріп, кеңестің аударма құлдық «жалпы психологиясынан арылып, адамтануда Абай үлгісін, бабалар сара жолдарын тәлім-тәрбиеге енгізсек қоғамымыз жаңарып жастарымыздың жан дүниесі Абайдың «Толық жетілген» адамы болып қалыптастар еді.

        Ердің құнын екі ауыз сөзбен тындыратын от ауызды, орақ тілді, күміс көмей, темір жақ сөзге шешен ұлтымыздың жүйрік ойлау, жүйелі сөйлеу, мәнері мен шеберліктерін жете түсініп жан-жақты дамыта білу-ана тілін сыйлайтын, бағалайтын, қазағым, ұлтым деген әрбір ұлт жанды адамның азаматтық борышы. Сөздің ең абзалы – білуге де, айтуға да қажетті сөздер. Бұл төрт түрлі сөздің екі жағы бар. Біріншісі – сұлулығы мен мәнділігі, екіншісі – өңсіздігі мен мағынасыздығы. Халық алдында сөйлеген сөзің сұлу болып, оны жұрт ықыласымен тындасын. «Әдептің басы – тіл» деген. Ал М.Қашқари «Тәрбие басы да – тіл» деген.

Ұлы адамдарың тіл төңірегіне топтастырған өнегелі сөздер бүгінде жастарымызға ұлттық тәлім-тәрбие беруде өз құдіретін, маңызын жойған жоқ. Бұл туралы Шәкәрім «Сөз құдіреті» өлеңінде былай дейді:

Сөз ой-пікір шалқары,

Сөз де адамға тартады.

Қандай болса өздері,

Сондай болар сөздері.

Осылай бабаларымыздың жік-жігімен, тақта-тақтасымен айтылған тұжырым-байламдарының логикалық шымырлығы, оқтаудай жұмырлығы, әдептілік ережелерін ерекше білуі, ойға, сөзге тапқырлығы және оларды тотыдай түрлендіріп айтуы, даудың небір амал-тәсілдері мен техникасын мүлтіксіз игеруі, ұстамдылық, ізгілік қасиеті – бәрі ұлттық психология.                

54 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page