top of page
Patriot Tulga

Мамандандырудың Ұлттық жүйесі дамытылады

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов «Astana polytechnic» жоғары колледжінің алаңшасында мамандандырудың Ұлттық жүйесін дамыту бойынша жобалау кеңсесі Басқарушы комитетінің көшпелі отырысын өткізді.

Шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік мекемелердің өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Шара барысында Алтай Көлгінов білім беру мен біліктілікті жетілдірудің заманауи экономика мен адам капиталын дамытудағы өзектілігін баса айтып өтті.


«Қазіргі жағдайда еңбек нарығында туындап отырған бірқатар мәселелер бар.

Біріншіден – кадрлар сапасының төмендігі.

Екіншіден – жұмыс берушілер біліктілігі жоғары мамандарды тартуға құлықты болғанымен, өз қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге мүддделі емес.

Үшіншіден – оқу орындарын бітірген түлектердің білім деңгейлері төмен. Бұлардың бәрі біртіндеп ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жұмыс берушілердің қатысуымен білім беру жүйесін толықтай қайта қарау қажет», – деді вице-премьер.

Кеңес барысында еңбек нарығындағы жағдай және және олардың алдында тұрған: жұмыс орындарын құру ырғағының төмендеуі, оның жартысы мемлекеттің қатысу басымдығымен өнімділігі төмен секторларға тиесілі болып отырғаны, жыл сайын еңбек нарығына 300-400 мың жас жігіттер мен қыздар келіп қосылатыны, саладағы аумақтық тепе-теңсіздік, үздіксіз білім беру ісіне халықтың ересек бөлігінің мүлде аз тартылуы сияқты негізгі мәселелер талқыланылды.

Мұның бәрі жұмыссыздық пен кедейшілікке, кадрдар тапшылығына және адам капиталы потенциалының төмендеуіне апарып соқтырады. Бұл мәселелерді шешудің жолы еңбек нарығы мен кадрлар даярлау жүйесінің арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған мамандандырудың Ұлттық жүйесін дамытуда жатыр.

Мемлекет кадрларға сұраныс көлемін анықтайды, жұмыс берушілер болса, өздеріне қажетті мамандардың мамандану, білім және кәсіби дағдыларының деңгейін белгілейді. Нәтижесінде жұмыс беруші тұтынушыдан кадрлар дайындау жүйесінің басты тапсырыс берушісіне, білім беру ұйымдары біліктілік орталықтарына, сертификациялау орталықтары азаматтардың мамандану мен дағдыларын бағалау орталықтарына айналады, ал мемлекет болса еңбек нарығы мен білім беру саласының өзара ықпалдасу жүйесінің үйлестірушісі болады.


Кеңес жұмысын қорытындылай келе Алтай Көлгінов депутаттарды «Кәсіби мамандану туралы» заң жобасын қолдауға шақырды, оның қабылдануы Маманданудың ұлттық жүйесін дамыту бойынша нормаларды заң жүзінде бекітуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік ұйымдарға жұмыс берушілерді тарта отырып кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламаларын өзектілендіру мен дайындауға жағдай жасау, кәсіби мамандануға байланысты заңнаманы жетілдіруге байланысты тапсырмалар берілді.


Раушан КАРШАЛОВА





37 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page