«Әділетті Қазақстан – Адал азамат» ұлттық құрылтайының екінші отырысында Мемлекет басшысы: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел ғана ақылды ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа деген құштарлығын оятуымыз керек», деп атап өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлы сіздерге үлкен үміт артып, жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеп отырған кітапханалар мен кітапханашылардың жағдайына ерекше назар аударады. Бұған кәсіби мереке – өткен жылы Қазақстанда Үкіметтің қаулысымен бекітілген – Кітапханашылар күні дәлел бола алады.
Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз. Қасиетті қазынамызды сақтап, насихаттап, ұлт игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет мамандық иелері екені анық.
Республикалық кәсіби мереке ретінде 24- қазан Кітапханашы күні болып бекітілді. Бұл үлкен жетістік. Бұл мереке кітапханашы мамандығының мәртебесін көтеретіне сенімім мол. Мамандығымен мақтану әр маманның парызы, ал дамыту абыройлы міндет.
Осы салының дамуына жас болсада өлшеусіз үлес қосып келе жатқан қаламыздағы М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхана библиографы Жәлелова Назерке Абатқызы.
2017 жылы Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжін кітапхана ісі мамандығы бойынша, 2020 жылы Батыс Қазақстан инноватциялық- технологиялық университеттін кітапхана ісі мамандығын тәмәмдады.
Өркениетті қоғамның басты айқындаушысының біріне айналған кітап, кітап оқу үрдісі мәдени құндылықтар қатарына енгелі қашан. Ал осының бастау- бұлағында ойлы оқырман қалыптастыру жолында кітапханашы еңбегі айтпай кетпеу жөн болмас
Мәдениет қызметкерлері күніне орай Құрмет грамотасы.(2023) «Жас кітапханашы 2023: жаңа мүмкіндіктер уақыты» атты жастар лабораториясы сертификатымен(2023) С.Бәйшіев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасының директорынан алғыс хатымен (2023), «Кітап бәйгесі» облыстық байқауынан 3 орын (2023), Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысынан алғыс хатмен (2023) Қазақстанның үздік мәдениет қызметкері Республикалық байқауынан Құрмет грамотасы, төсбелгісімен (2023) “Worldskills Aqtobe-2024” аймақтық “Кітапханашы” құзыреттілігі бойынша 3 дәрежелі дипломмен (2023), “Қазақстанның үздік мәдениет қызметкері” төсбелгісімен (2023) 12- тамыз Халықарлық жастар күніне орай «Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы ЗТБ атынан Алғыс хатымен «Жастар қолдаушы» төсбелгімен (2024) , Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам, Адал еңбек, Адал табыс атты бағдарламасының мақаласын мәдениет және өнер саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Мәдениет саласының мәртебелі маманы» төсбелгімен (2024), Қарағынды облыстық әмбабап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Жастарды кітапханаға тарту» атты іске асырылған жобалардың ашық байқауына қатысып, алғыс хат (2024) иеленді. «Дарабоз», «KINOKesh», «Кітап. Кітапхана.Кітапханшы» жобаларының авторы.
Адам санасы, өскен дамыған заманда кітапхана кітап сақтайтын қойма деген қағида жойылды. Кітапхана мәдениет ошағы жыл өткен сайын кітапхана қоры жоғары сапада дайындалған оқырман үшін сұранысқа көптеген әдеби кітаптармен толығуда. Кітапханада коворкинг орталығы заманауи ақпартарттық құрылғылармен жабдықталған, адамның бос уақытында пайдалы әрі тиімді өткізуіне негізділген, әлбетте мұндай жерлердің жастар үшін берері мол. Кітапхана- адамның жаны тыныштық, жақсылық табатын мекен.
Сқақова Айымгүл Ұзақбайқызы
М.Ломоносов атындағы қалалық
орталық кітапхана редакторы
Comments