Жамбыл Жабаев қазақ халық прозасының әйгілі тұлғасы, өлең
сөздің дүлділі, жырау жыршысы. Ақын 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл
облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жамбыл
домбыра ойнауды ерте жасынан үйренді. Жамбылдың ақындық дарыны
жас кезінен ақ таныла бастаған. Атақты ақын Сүйінбайдың шәкірті болды.
Ол көп жылдар бойы ұстазымен бірге жүріп, оның айтысын тыңдап,
ақындық шеберліктің тәжірибесін үйренді. Жамбылдың әндерінде, оның
домбырасының үніңде қазақ халқының шынайы дауысы естіледі.Жамбыл
шығармаларының орыс тіліндегі аудармалары шетелде де танымал
болды. Оның еңбектері Қытайда, Чехословакияда, Англияда және басқа
елдерде жарық көрді. Осылайша, қазақ жырауы әлемдегі барлық ұлттың
сүйікті ақыны болды. Ұлы отан соғыс кезеңіндегі поэзияда Отанды қорғау
және халықтар достығы тақырыбындағы шығармаларын тарту етіп
отырды. «Ленинградтық өренім » өлеңі бүкіл әлемге таралды. Ақынның
«Балама хат», «Бесік жыры», «Жастық жыры», «Жеңіс жырын сайраңдар»,
«Ленинградтық өренім», т. б өлеңдері бар. Осы туындылардың көпшілігі
патриоттық поэзияның нағыз жауһарлары болды.
Ақынның басты тақырыптық өзегі- адам мен заман. Сол дәуірде
өмір сүрген замандастарының жақсылығы мен жамандығын, адамдығы
мен надандығын, адалдығы мен арамдығы сарапқа салып, үлкен
философиялық ой түйіндеулер жасай білген.
Жамбыл Жабаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату
арқылы поэзияны сүюге , оны бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында 6
мамыр ақын айтыскер, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жыл толуына
орай және «Балаларға соғыс туралы оқимыз» халықаралық акция аясында
Қалалық кітапханалар жүйесінің № 16 кітапхана –филиалы «Жүз жасаған
бәйтерек» онлайн поэзия кешін өткізді. Кітапханашы оқырмандарға ұлы
ақынның өмір жолы мен шығармалары туралы айтты. № 2ЖОББ мектептің
5 б сынып оқушылары Еркінұлы Аманат «Ленинградтық өренім» ,
Кисметова Ақмаржан «Ленинградтық өренім», Ералиев Азамат «Жеңіс
жырын сайраңдар» және №33 ЖОББ мектеп оқушылары 3ә сынып Серік
Темірлан «Шәкірт балаларға », және Берікова Жанерке «Алатау»
өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды.
1941 жылдың көктемінде ақынға көзінің тірісінде КСРО сыйлығының
лауреаты
атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Ол
Ленин,
Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі ордендерімен марапатталған. Қазақтың
Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес
рухының
алдында бас иеміз. Ақынның бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде,
барша
жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттын рухы биік ұлы тұлғасына
айналды.
コメント