С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйек күні «Халық
бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты
Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мақсатында оқырмандар
арасында талқылау өткізді.
Жолдау – бұл мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық жоспары.
Бұл жоспардан қоғамның әр мүшесі өзінің болашағын айқындайды.
Жолдауды талқылауға Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, философия
ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов жолдаудың негізгі жеті
бағытына тоқталып, ғылыми тұрғыда өз ой-тұжырымдарымен бөлісіп,
әлеуметтік желідегі түрлі алыпқашпа әңгімелердің жетегінде кетпеу үшін,
жастарға бағыт-бағдар берді.
ҚР Қорғаныс министрлігі «Ақтөбе гарнизонының әскери полициясы
бөлімі» РММ басшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі
орынбасары Орынбасар Баратов ел өмірінің саяси, әлеуметтік,
экономикалық, әскери қырларының толыққанды қамтылғанын тілге тиек етті.
Кітапхананың «Өлкетану» бөлімінің меңгерушісі Бақытгүл Снабаева
Жолдауда халық тұрмысын көтеруге және мәдениет саласындағы еңбек етіп
жүрген мамандардың әлеуметтік мәселелері туралы айтты.
Шара барысында «Жолдау – ел болашағының айқын көрнісі»
тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Кітапхана директоры Құралай Раймбаева: Облыста 236 кітапхана
халыққа қызмет көрсетеді. Президентіміздің Жолдауда бізді қолдауы –
ұлттық руханиятқа еңбек сіңіріп жүрген кітапханашылардың мерейін
асқақтатты», – деді. Сөз соңында шараға қатысушыларға кітапхана ұжымы
атынан алғысын білдірді.
Comments