Ағымдағы жылдың 3 маусымында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс Әскерлеріне қарасты 44841-әскери бөлімінде жас сарбаздар Әскери ант қабылдады. Өткізілген іс-шараға Приозерск қаласының әкімі Нұрлан Рымбайұлы Ламбеков, Приозерск қаласының әскери прокуроры полковник Арман Асылханович Дармурзаев, Приозерск гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор Жалғасбек Абайұлы Айдынбеков, Приозерск қаласы ҚР ҚК ардагерлер кеңесінің төрағасы Тлек Алшынбекұлы Кенжебеков және сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Іс-шара барысында Әскери ант қабылдау рәсімінің маңызы туралы Приозерск гарнизоны бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Андрей Владимирович Зотов жеткізді. Әрі қарай Приозерск қаласының әкімі Нұрлан Рымбайұлы Ламбеков мырзамен Приозерск қаласы ҚР ҚК ардагерлер кеңесінің төрағасы Тлек Алшынбекұлы Кенжебеков мырза жас сарбаздарды Әскери ант қабылдауымен құттықтап, Әскери ант Отан алдындағы борышты өтеу әрбір жастардың бірден бір парызы екендігі жөнінде сөз қозғады. Ал сарбаздар Әскери ант қабылдай отырып қызметтік міндеттерін адал және абыроймен атқаруға, еліне адал қызмет етуге, азаматтар құқығы мен бостандығын қорғауға ант берді. Іс-шара соңында жас сарбаздардың дайындаған өнерлерін тамашалап, ата-аналарымен естелікке суретке түсті.
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы
лейтенант Думан Жұмашұлы
Comments