Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар аймағында орналасқан республикамызға танымал әскери лицей – «Арыстан» мамандандырылған лицейі Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толғанын үлкен мерекелік шара ретінде атап өтті.
Қазақстандық офицерлер корпусының нығаюына моральдік рух пен жауынгерлік дәстүрлерді сақтаушы, шынайы патриот, терең білім иелерінің тәжірибелері мен тағлымдары керек. Себебі «Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден» екендігін Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан айтып кеткен.
Біздің Лицей Республика Қарулы Күштерінің қатарын толықтыратын болашақ дайындалған офицерлердің ұстаханаларының бірі болып табылады.
Лицейдің негізгі міндеттері – әскери терең білім беру, нағыз патриот, елім деп еңбек ететін болашақ әскери қызметкерлерді қалыптастыру. «Арыстан» лицейін бітіруші түлектердің 174-і қазір лейтенант шенінде республикамыздың түкпір-түкпірінде қызмет етуде, ал әскери Жоғарғы оқу орындарында 390 түлегіміз білімдерін жалғастыруда. Біздің түлектердің қатарында Америка Құрама Штаттарында білім алған Камелединов Ілияс, Оразханов Абылай, Иманкулов Данияр және Д.Гогуля сияқты оқу озаттары мен Ресей, Түркия, Украина, Белоруссия сияқты алыс, жақын шетелдерде білім алған лицеистеріміз бүгінде абыройлы еңбектерімен алғысқа бөленуде.
Бүгінгі күні «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 2021-2022 оқу жылындағы түлектері оқу жылын жоғары деңгейде аяқтап отыр.
Лицей басшысы запастағы генерал-майор, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сәбит Сәуменұлы Таулановтың да өз лицеистеріне берер әскери үлгісі, адами қасиеті, әкелік қамқорлығы ұшан-теңіз. Сонымен бірге тәжірибелі офицерлер мен ұстаздар қауымының да лицеистерге сіңірген еңбектері айтарлықтай. Барлық лицей түлектерінің «Арыстан» сияқты алтын ұяларына айтқан алғыстары, жылы лебіздері 3 томдық жинақ ретінде әр жылдары жарық көрді. 2021 жылы қазан айында мамандандырылған «Арыстан» лицейінің вокальды-аспаптық ансамблі ВИА «Авангард» республикалық бүкіл армиялық «Жас сарбаз» фестивалінде 100 шығармашылық ұйымның ішінен суырылып озып шығып, бас бәйге – Гран-при жеңіп алды.
2022 жылғы 17-19 мамыр аралығында өткен республкалық ҰБТ-леуден жинаған лицейдің орташа ұпай саны – 95%-дан жоғары болып, лицеистеріміз түгелдей әскери Жоғары оқу орындарының курсанты болуға дайын екендіктерін көрсетті. Биыл екі рет ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне орай ұпай санын жоғары алудан үміткерлер тағы бір рет тапсырып көруді жоспарлауда.
«Арыстан» мамандандырылған лицеистерінің биылғы республикалық, облыстық ғылыми және шығармашылық олимпиада, конкурстардан алған жеңісті орындары жеткілікті. Мәселен, оқу озаты, 11-сынып бітірушісі Әскербек Әбдіқадыр Президенттік олимпиададан 3-орын алса, пәндік облыстық олимпиададан ғылыми жобалар сайысында Алиханов Елнур, Қуаныш Жақсылық, Маркенов Адил, Әбдіқадыр Әскербек, Секенов Ғалым, Амангелдиев Нурасыл 2-3 орындарды иеленіп, республикалық жарысқа жолдама алды.
Пәндік олимпиадалардан да биыл «Арыстан» мамандандырылған лицейі жеңісті орындардан көрінді. Топ басынан «Алтын белгі» иегері Әбдіқадыр Әскербек ( математика, 2-орын) көрінді. Одан басқа 9-10-11-сынып лицеистері түрлі пәндік облыстық олимпиаданың жеңіс тұғырынан көрінді: Қапаров Ерасыл (география, 1-орын), Төлеев Қобыланды (орыс тілі, 3-орын), Джолдыбаев Жан (физика, 3-орын), Қуатұлы Мади (география, 3-орын), Кожонов Эмиль(информатика, 3-орын), Мухтар Нурислам (биология, 3-орын), Босатбек Бексултан (Құқық негіздері, 3-орын), Кабдрахманов Алан(Қазақстан тарихы, 3-орын), Муратбек Алихан (Қазақстан тарихы, 2-орын), Асқарбек Мадияр (өзін-өзі тану, 1-орын), Сайдахмет Ақтілек (өзін-өзі тану, 1-орын), Сұлтанбек Ернұр (құқық негіздері, 1-орын), Қойшыбай Шаттық (Қазақстан тарихы, 1-орын), Русланулы Абылай (ағылшын тілі, 1-орын), Ибрагимов Алихан (ағылшын тілі, 1-орын). Осынау білімді лицеистерге қарай отырып, біздің болашағымыздың жарқын екеніне көз жеткізе түсеміз.
«Арыстан» мамандандырылған лицейі – Алматы облысы бойынша көш басында тұрған үздік білім беру мекемелерінің бірі. Өзге лицейден ерекшелігі – мұнда әскери білім мен білік тереңдетіле оқытылуы. Болашақ ел қорғандарының, Отан қорғаушыларымыздың білім сапасы мен патриоттық тәрбиесіне, денсаулығына басымдықтың берілуі де осы лицейдің болашағынан зор үміт күттіреді. Бар-жоғы мұнда 9-10-11-сыныптарды қосқанда, жылына 240 жасөспірім білім алып, қанаты қатайған бала қыран ретінде жыл сайын 80 түлекті болашақ армандарына баптап ұшырады, тәуелсіз еліміздің әскери кеңістігі қауіпсіздігіне осылай үлес қосылуда.
Болашақ әскери қызметкерлеріміздің бір сапалы бөлшегі, жасөспірім ұлдардың арманы – «Арыстан» мамандандырылған лицейі, міне, осындай!
«Арыстан» мамандандырылған Лицей басшысы, запастағы генерал-майор, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сәбит Сәуменұлы Тауланов лицейдің олимпиадашылар тобы мен жеңімпаздардың жетекші ұстаздары тобымен бірге
Бокстан лицей бастығы атындағы Кубок үшін сайыстан көрініс
2022 жылғы соңғы қоңырау!
Лицейдегі Мұғалімдер күні мерекесі
М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының артистері қонақта
Comentários