top of page
Думан Құрманғалиев

Ел дамуының игі бастамалары




Жаңа 2024 жылдың басталуымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі басты басылымдардың бірі – «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісіне сұхбат берді. Есікті кеңге айқара ашқан 2024 жылдың төрге озған шағында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барша қазақстандықтарға тек Жаңа жылдық тілек айтумен шектеліп қана қоймай, өткен 2023 жылды саралап, баршамызды алда не күтіп тұрғандығын нақты сөзбен жеткізуін орынды деп бағалай аламыз. Айқын мақсаты – ел таңдаған бағытты нақты істер дәлелімен түсіндіру болып табылады.

  

  «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» тақырыбындағы кең ауқымды да, әрі ашық сұхбат барысында еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамуы, қаңтар оқиғасының қасіреті, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерін қаңтар оқиғалары кезінде шақыру, Қазақстанның Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы көрші елдерімен қарым-қатынастары, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, атом электр станциясының құрылысы секілді өзекті тақырыптар көтерілген. Сұхбат кезінде қазақтан шыққан батырлар ерлігіне жоғары баға берген ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы: «....Ел тарихына ерекше орны бар құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сатпаевтың туғанына 125 жыл, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады...» - деп, ерекше атап көрсетті. Осы ретте, 1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысы қаһармандарының бірі – С.Нұрмағамбетов пен Р.Қошқарбаевтың есімдерінің ерекше аталуы тегін емес. Қазақтан шыққан Сағадат Нұрмағамбетов кешегі сұрапыл соғыс жылдарында ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағына қол жеткізсе, бүгінгі күнде батыр есімін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің іргетасын қалаушылардың бірі ретінде танимыз. Сонымен бірге, сап түзеген әскери қызметшілердің мақтанышына айналған Кеңес Одағының Батыры, Тәуелсіз Қазақстанның ең жоғары «Халық Қаһарманы» атағының №1 иегері, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі болып табылады. Ал, ерлігін бүкіл ел мойындаған Рақымжан Қошқарбаев есімін Ұлы Отан соғысының Жеңіс Туын гитлерлік неміс басқыншыларының бас қаласы саналған Берлин қаласындағы Рейхстагқа ең алғаш қадаған қазақтың қайсар жүректі батыры ретінде білеміз. Ерлігі өз кезегінде еленбей келгенмен, кейін еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін ерліктің ерен үлгісін көрсеткен Рақымжан Қошқарбаевқа

Тәуелсіз Қазақстанның ең жоғары «Халық Қаһарманы» атағы беріледі.

    Табалдырығымызды аттаған Ұлу жылында Тәуелсіз Қазақстанның Халықаралық деңгейдегі кең ауқымды шараларға ұйытқы болуы көңілге қуаныш ұялатады. Осы тұрғыда тілшіге сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтеді. Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді» - деп, алдағы жүзеге асыратын іс-шараларды жеткізді.

    Одан әрі әлеуметтік желідегі көпті мазалаған алдағы уақыттағы Президенттік сайлауға қатысуы турасындағы Мемлекет басшысының ойын білгісі келген тілші сұрағына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді» - деп, нақты жауап берді.

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы ретінде  «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісіне берген сұхбаты егеменді еліміздің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау жолында мінсіз қызмет атқарып жүрген барлық Отан қорғаушыларға ой салары сөзсіз!


Тілек Кенжебеков


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері,

Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы

40 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comentários


bottom of page