top of page

Дабыл басты назарда!


«Астана» өңірлігі қолбасшылығы әскерлеріне қарасты Приозерск гарнизонының 06708,18405,44841,60601-әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді.

Әскери бөлімдерді дабыл бойынша көтеру­дегі бас­ты мақсат – батальон және рота,


бөлімшелерінің арнаулы тап­сыр­­­ма­ларды орындаудағы қабілеттерін тексеру еді.

Жауынгерлік дайындыққа келті­рілгеннен кейін әскери бөлімдер белгіленген аудан­дарға марш жасап, ол жерде қойылған оқу-жауынгерлік нақты тапсырмаларды орындады. Әскери бөлім командирлері шеру жағдайында әртүрлі шешімдер қабылдады.

Тексеріс барысында жеке құрамның штат­тық қару-жарақтар мен құжаттары іс-қимылдар жасауы­на, тәжірибелік оқ атуларды орындауына, жа­уын­герлік даярлық пәндері бойынша нор­ма­тив­­тер­ді жүргізуге және пысықтауға ерекше назар аударылды. Тексеру нәтижелері бойынша «Астана» өңірлігі қолбасшылығы әскерлерінің басшылығы жауынгерлік әзірлікті қажетті деңгейде ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.



Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

лейтенант Думан Жұмашұлы

14 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page