top of page
Patriot Tulga

Антыңа берік бол, жас сарбаз

Приозерск гарнизонының бастығы, 44841 әскери бөлімінің командирі полковник Дидар Шаймуратович Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына сай, Отан алдындағы борышты өтеу кезіндегі Әскери анттың маңыздылығын жеткізді. Лауазымды басшы полковник Дидар Шаймуратович өз сөзінде: «Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-шы бабында: «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті» - деп жазылған. Әскери ант қабылдау рәсімі – бұл әрбір жауынгердің Ата заң алдындағы міндетіне адал болуға, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшы тапсырмаларын бұлжытпай орындауға, сондай-ақ өз Отанын қорғауға әрқашан дайын болу керек екендігін білдіреді» - деп, ой түйді.

Әскери ант қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын соңынан жас сарбаздар өздерінің әскери өмірге бейімделудің алғашқы күндерінде жинақтаған тәжірибелерін көрсетіп, жиналған қонақтарға, ата-аналарға және туған-туыстарына дене шынықтыру дайындығындағы спорттық жаттығу түрлері, жауынгердің қарумен саптық тәсілдері және спорттық қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінің қимылдарын іс-жүзінде көрсетті.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарын толықтырған жас сарбаздардың Әскери ант қабылдау рәсімінің салтанатты жиыны жоғары деңгейде асқан ұйымшылдықпен өтті.


  • Думан Құрманғалиев,

  • Приозерск гарнизонының

  • баспасөз хатшысы

6 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page