top of page

АДАМНЫҢ ЖАН КӨРІНІСТЕРІН ТАНУ





Күләш ОРАЗБЕКОВА,

педагогика ғылымдарының докторы






Сезімтал адам


Адам дүние туралы алғашқы мәліметті сезім мүшелері арқылы алады. Ұлттық психологияның өзіндік маңызы бар және өте күрделі құрылымдық элементтердің бірі - ұлттық сезім болып табылады. Адамның өзі танитын, өзі жасайтын нәрсеге, заттарға, құбылыстарға, басқа адамдар мен өз-өзіне деген өзінің көзқарасына байланысты күйзелісі сезім деп аталады. Сезімдер адамға қоршаған ортада бағыт береді. Бұдан жастарды әскери қызмет атқаруға дайындау әскерге шақырылатындарда өзінің сипаты мен мазмұны бойынша сан алуан, оларға әскери оқуда, қызметте, ұрыста көмектесетін сезімдерді қалыптастыруды да талап ететінін айқын көрсетеді. Мұндай міндеттерді әскери жетекші тек егер осы психикалық үрдістің табиғатымен, оның ерекшеліктерімен таныс болса ғана табысты түрде шеше алады. Ұлттық сезімдер ұрпақтан ұрпаққа беріледі, әрі өзінің бағыттанушылығына қарай оң да, теріс те болуы мүмкін. Олардың оң жағы ұлттық мақтаныш, патриотизм, өз халқына деген сүйіспеншілік, достық пен бауырластық секілді қасиеттерден көрінеді. Теріс жағы ұлтшылдық пен шовинизмде, ұлттық және нәсілдік ырым-жырымдарда, өзінің халқына не басқаларға деген қарым-қатынасы бойынша алшақтық сезімінде байқалады. Сезімдердің ерекшеліктері:

Біріншіден, адам сезімдері танымдық психикалық үрдістерден мазмұны бойынша өзгешеленеді. Танымдық үрдістерде адам қоршаған ортаны бейнелейді. Мазмұны жағынан болса, сезімдер адамның өзі қабылдайтын, танитын нәрселерге деген көзқарасына байланысты күйзелісі болып табылады;

Екіншіден, адам сезімдері сапасы жағынан алуан түрлі. Сезімдердің ондаған түрлері мен реңктері бар.

Үшіншіден, адамның әрбір сезімінің өзінің қарама-қарсы түрі болады. Мәселен, қуаныш пен қайғы, махаббат пен өшпенділік. Адамның сезімі бір сезімнен екінші, оған қарама-қарсы сезімге күрт өзгеруі мүмкін: қазір ғана қуанып отырған адам, бір сәтте-ақ мұңайып қалады.

Төртіншіден, адам сезімдері иілімді. Айталық, бүгін бір құбылыс оң сезімдер туғызады. Ал біраз уақыттан кейін дәл сол қарама-қайшы күйзеліске әкелуі мүмкін; Сезімдік ерекшеліктерге сезім қозғыштығы, сезім албырлығы мен әлсіздігі, сезім тұрақтылығы, сезім көрсеткішінің күші, қарқыны мен ырғағы сезім сергектігі жатады. Сезімді керекшелік терең алдымен мінез-құлықтан байқалады және ерекше қиыншылықсыз-ақ көзге түседі. Егер адамдардың қатынастары мен сөздерін ұғыну қиынға соғатын болса, сезімді керекшеліктер мінез-құлықта тікелей көрініс береді, сондықтан оңай көзге түседі. Мысалы, адамның қызбалығының қаншама немесе онда қандай көңіл-күйі басым екенін аңғару оңай. Байқау арқылы сезім көріністерінің күшін, қарқынын және ырғағында сезінуге болады. Мәдениетті мінез-құлық дағдыларының, ұстамдылықтың және жеке адамның басқа да еріктік қасиеттерінің қалыптасуына қарай сезімдік ерекшеліктердің тікелей көрініс беруі бірте-бірте кеми түседі.

Бесіншіден, адамның сезімдері физиологиялық үрдістерімен: жүрек қызметімен, тыныс алу мүшелерінің, асқазан-ішек жолының қызметімен және т.б. байланысты. Адам ағзасы тұтасымен белгілі бір рефлекстердің негізінде жұмыс істейді. Сезімдер осы рефлекстерге әсер ете алады, демек, ағза қызметін жақсартуы не нашарлатуы мүмкін;

Алтыншыдан, адам сезімдері оның қызметімен байланысты. Бұл байланыс өзара тәуелді: адамның бар сезімдерінің, оның күйзелістерінің көзі, себебі оның қызметі болып табылады; сезімдер адамның кызметіне, оның нәтижелеріне әсер етеді. Кез-келген қылық, кез-келген қызмет шартты қезені; әрекет ететін әрекетті орындау кезеңі; әрекет аяқталған ақырғы кезең. Сезімдер адамды қызметке ынталандыра алады: көңіл-күйі жақсы адам әрдайым жұмысқа қабілетті және керісінше: егер көңіл-күйі жаман болса, қолынан іс келмейді. Сондықтан сарбаздарға ықпал ете отырып, олардың әрекеттеріне де ықпал ету үшін әскери жетекшінің жауынгерлердің сезімін танып біле алуы маңызды. Сырттай сезімдер адамда келесі түрде көрінеді: тыныс алуының, оның ырғағының, жиілігінің, тереңдігінің; қан айналымының өзгеруі: ұялу, қысылу беттің қызаруына әкеледі; ашу, қорқыныш - бозартады. Сезімдер мимикада, сөзде, пантомимикада көрінеді.

Жетіншіден, сарбаздардың жетекші күйзелістерін олардың бет әлпетінен, түсінен, дауысынан, тұрған тұрысынан, қимылдарынан аңғаруды үйренуі қажет. Адам сезімдері мазмұны мен түрі жағынан сан алуан болады. Адам күйзелісінің өту түрі бойынша ойсоққы жағдайлар не көңіл-күйлер; әр түрлі қарым-қатынастар не сезімдердің өздері құмарлықтар мен әсершіл не жан күйзелістері болып бөлінеді. Көңіл-күйлерге әсер ететін бірқатар себептер мыналар:

1. әртүрлі органикалық үрдістер мен ағзаның жағдайы;

2. қоршаған сыртқы ортаның ерекшеліктері. Бұған ауа райы, үй-жайлардағы тәртіп, тазалық, сырлау мен жарықтандыру, дыбыстық тітіркендіргіштер және т.б. жатады;

3. сарбаздардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың ерекшеліктері. Сыпайы, әдепті өзара қарым-қатынастар олардың көңіл-күйлеріне оң әсерін тигізеді. Керісінше, бір-біріне тіл тигізу, ауыр сөздер айту теріс әсер береді;

4. оқудағы, жұмыстағы, қызметтегі табыстар мен сәтсіздіктер.

Адамның сезімдері мазмұны жағынан төмен және жоғары сезімдер болып бөлінеді: Төменгі сезімдер адам ағзасында жүретін физиологиялық үрдістермен және оның заттық қажеттіліктерін қанағаттандырумен не қанағаттандырмаумен байланысты. Төменгі сезімдердің үлгісі аштықты суықты, ауырсынуды, шаршағандықты және т.б. сезіну болып табылады. Оларға үнемі көңіл бөлінуі керек. Жоғары сезімдер адамда оның қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға не қанағаттандырмауға байланысты, қызметінің сипаты мен жағдайының оның жеке тұлғалық көзқарастары мен сенімдеріне сәйкес келетінін не сәйкес келмейтінін ұғынуға байланысты пайда болады. Егер адамның жоғары сезімдері дамыған болса, онда ол қандай да бір материалдық қажеттіліктер қанағаттандырылмаған жағдайда теріс күйзелістерді оңай жеңіп шығады не олардың пайда болуына жол бермейді.

Байқаулар шаттық күйлерінің әртүрлі қалыпта болатынын көрсетіп отыр. Біреулер әсерлі мәнмен келеді, екіншілері жай жымияды, үшіншілердің жүзі жайнап тұрады, төртіншілер іштей қанағаттанған түр білдіреді де қояды. Шат көңілді адамдарға зер сала байқап көрсеңіздер, олардың әрқайсысының сол сезімін әр түрлі қимыл-қозғалыспен көрсететінін, үндерінде де өзіндік ерекшеліктер болатынын аңғарасыздар. Қайырымдылық - адамның ерекше маңызды, әлеуметтік жағынан мәнді сезімдік сапаларының бірі. Басқа адамдардың қуанышы мен қайғысын өзіндікіндей сезінетіндер қайырымды адамдар. Қайырымдылық басқа адамның толғаныс-тебіреністерін түсіне білуді талап етеді, сонда ғана басқаның көңіл-күйін сезінуге болады. Қайырымдылыққа қарама-қарсы сапа - рақымсыздық. Мейірімсіз адам басқаларға томаға-тұйық немқұрайды қарайды. Ол тек өзі үшін ғана өмір сүреді, сөйтіп, рухани жағынан азғындай береді. Рақымсыздықтың жоғары дәрежелі көрінісі - адамға жаны ашымаушылық пен қаталдық. Сезім жағынан тез қозғыш адамдар, тітіркендіргіштер әсерінен тез «лап еткіш» келеді. Олар ойланып пікір айтудан гөрі өз тебіреністерін талдауға көбірек беріледі. Осындай сезімді мінезді адамды сипаттайтын қасиеттердің бірі - әсерленгіштік. Енжар адамдардың сезімдері белсенді әрекет тудырмайды. Ондай адамдардың көңіл-күйлері сыртқа шықпай бұғып жатады. Семіз әлсіздігі байқалады. Албырт адамдар айрықша әрекетшіл, талапкер және өз ісіне берілген, олар мәнді де тынышсыз мол сезімді өмір сүреді. Олар әрқашанда бір нәрсеге құмартады. Қайрат-күшін сарқа жұмсау - бұларға тән қасиет. Бірақ өмірімен қызметінде сезімнің ерекше мәні болмайтын адамдар да кездеседі. Оларды салқын қанды немесе «байсалды есептің адамы» деп атайды. Бұл адамдарды ешқандай сезімсіз, ешнәрсеге тебіренбейтін, қуанбайтын, ренжімейтін адамдар деуге болмайды. Бұларда сезімдік күй шамалы ғана көрініс беретіндіктен мінез-құлық қылық, әрекетке іс жүзінде айтарлықтай әсер ете алмайды. Олар ақыл ыңғайымен өмір сүреді. Оларға сезімдік күйге берілмейтіндік, әсерленбейтіндік және қатаң қалыптасқан іскерлік сияқты қасиеттер тән. Шындығында біздің айналамыздағы адамдардың көпшілігін жоғарыда сипатталған мінез көріністерінің ауқымына сидыру қиын. Дегенмен, барлық адамдардан, тұтас жеке адамның ауқымды болмаса да, сезімдік саланың өзіне тән елеулі ерекшеліктерін жеткілікті мөлшерде табуға болады. Мұндай ерекшеліктерге рақымдылықты (адамдарды ұнату сезімі), жоғары деңгейде дамыған адамға деген сүйіспеншілікке негізделген имандылықты жатқызуға болады. Жауынгерлерде жоғары сезімдерді қалыптастырып дамытқан жөн:

Біріншіден, моральдық-саяси сезімдер. Олар адамда оның жүріс-тұрысының не басқа адамдардың жүріс-тұрысының біздің идеологиямыз бен мораліміздің талаптарына сәйкес келетінін не сәйкес келмейтінін ұғынуға байланысты пайда болады. Моральдық-саяси сезімдерге патриоттық сезімі, жауларға деген өшпенділік, ұжымдық сезімі және т.б. жатады.

Екіншіден, зияттық сезімдер, олар адамда оның тәжірибелік, ақыл-ой қызметінде пайда болады және оның осы қызметке, оның нәтижелеріне деген қызығушылығы түрінде көрініс табады. Зияттық сезімдерге айқындылық, таңғалу, түсінбестік, сенімділік, күмәндену жатады. Зияттық сезімдер көп деңгейде адамның танымдық қызметімен, оның оқуымен және т.б. байланысты. Эстетикалық сезімдер - бұл әдемілік пен ұсқынсыздық сезімі, ұлылық пен пәстік сезімі, қайғылылық не күлкілілік сезімі; құқықтық сезімдер заңдардың талаптарын, әскери антты, жалпы әскери жарғыларды, бұйрықтарды орындауға байланысты; жауапкершілік құқықтық білімдердің негізінде тәрбиеленеді. Сезімдер бір-біріне қарама-қарсы екі қасиеттен байқалады: көңілдің жайласуы (ұнау, жағу), наразылық (ұнамау, жақпау), қуаныш-шаттық - уайым-қайғы, сергу, көңілдену - қажу, қамығу; махаббат - өшпенділік, қобалжу - жан тыныштық және т. б. Адам өзінің кейпінің неліктен бұлай болып отырғанын әрдайым аңғара алмайды. Бастапқы сезім неден туғаны еленбей кетеді де, арасында болған нәрселердің қайсысы тиімді, қайсысы тиімсіз білмей қалады. Мысалы:

Бірінші жағдай. Махаббат мәселелері жасөспірімдерді олардың махаббат сезімдері оянудан көп бұрын толғандыра бастайды. Кітаптардан, музыкадан, кинофильмдерден, жасы үлкен жолдастарының әңгімелерінен олар махаббаттың құнды сезім екенін, адамдардың сол сезімге ұмтылатының біледі.

Екінші жағдай. Осы әдеттен тыс жаңа сезім күшейгенде өзін өзі танытуға өзінің сүюге, сүйікті бола білуге қабілетін сынап байқауға ұмтылыста күшейеді. Сондықтанда жас өспірім шақтағы сезім махаббаттың өзі емес, көбіне оның алғаш көрінісінің беруі екенін білген жөн. Ал ол - ой елегінен өткізуді, терең пайымдауды қажет етеді.

Үшінші жағдай. Жасөспірім шақтағы махаббат қиялға толы. Сүйікті адам бейнесіндегі нақты кісінің қасиеттері қиялмен жалғасып, жасанды, бойында ешқандай міні болмайтын жаймен астасып жатады. Жасөспірімдердің махаббаты достыққа жақын, соған ұқсас келеді. Тегінде, жасөспірім шақтағы махаббат көбінесе достықтан туындайды деген дұрыс сөз. Бірін-бірі сүйсе де, ұл бала мен қыз баланың өздері де қарым-қатынастарын көбінесе достық деп атайды. Жасөспірімдер махаббаты сүйетін адамдардың қуанышта жиі бірге болуынан, бір-бірімен сөйлесуінен, досының өзіне деген ыстық ықыласынан көрінеді.

Төртінші жағдай. Жасөспірімдер махаббаты нәзік әрі өмірден алшақтау болып келеді, ол болашаққа оны жан-жақты болжау көзімен қарай алмайды, ғашықтардың келешекті армандауы, әдетте, отбасылық қана жайттармен ғана байланыстырылады, сондықтанда отау құруға жеткіліксіз, қызғылықты ойынға ұқсас келеді. Жасөспірім шақтағы махаббат бір-бірін сүйетін адамдарды өздеріне өздері басқа адамның талғампаз көзімен қарауға итермелейді, өзін өзі жетелеп жетіле түсуге, ақылдырақ күштірек, қайырымдырақ, мәдениеттірек болуға деген ықылас тудырады. Алғашқы махаббат сезімінің оянуымен бірге көптеген қайшылықтар туып, сүйіспендіктің сергелдеңге түсуі, ақыл-ойдың адасуы мүмкін екенін жасөспірімдер білуі керек.

Адам сезімі дара тұлғалық қасиет. Осыған орай әр адам нақты жағдайда бір зат не құбылысқа өзінше баға беріп, белгілі бір, екінші адамдағыға ұқсамайтын көңіл кейпіне беріледі. Аш адам мен тоқ адамның бір тағамға болған әртүрлі қатынасы осыдан. Еске түскен заттар не оқиғалардың да бағамының бірдей болмауы да осы себептен түсіндіріледі: әдетте, қуанышты жағдайларда араласқан (адам, зат, оқиға) жылы сезіммен еске алынады. Әрқандай сезім жеке тұлғның мәнді сипатын білдіреді. Мұны Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының төмендегі үзіндісінен анық аңғаруға болады. «Қазақтың арыстаны атанған Абылайдың ұрпағын сыйлаған қалың жұрт ханның келуін улап-шулап қарсы алып, той қылып, ерулікке бие сойып, ат сыйлап, белдеуге атан байлап жатыр. Осындай күнде той, күнде жиынмен масайрап, мәз болған хан ордасына Сарыүйсін руынан шыққан бір жігіт келеді. Жалғыз шешесі бар. Кедей, ерулікке берер малы, сыйлар дүниесі жоқ. Оның ешкім атын да айтпайды, күйші дейді. Оның малы, дәулеті, байлығы - күй, тіпті азан айтып қойған аты да ұмытылып, Күйші атанған. Сол Күйші хан ордасына бай мен бек, би мен шешен әкелмеген қуаныш, рақат, ләззат сыйлап отыр. Тоқсан тоғыз зарлы күй, ащы күй, тәтті күйді лапылдатып, төгіп-шашып, біресе жүрек жарып, біресе көңіл шымшып отыр. «Асанқайғы», «Теріс-қақпай», «Сарыөзек», «Бозінген», «Қара жорға», «Қорамсақ» күйлерінің мың сан әуезі алыс сарындары тізіліп, көз алдыңа Алатау, Алтай, Арқа, Қыр. Сыр төсінде өткен ел оқиғалары келеді. Қоңырау күйлер де, дабыл күйлер, бота күйлер тартылалы. Сонда сиқырлы дыбыстар әсерінен тау-тас, күн, бұлт түгел маужырап, тыңдаған жұрт тырп етпей, рақатқа батады. Ақын Қарашаш пен күйші арасындағы терең психологиялық тартысты адам сезімдерінің алапат шарпысуын анық көрсеткен. Әуел бетте азаттықтан айрылып, құл болдым деп азапқа түскен Күйші бірте-бірте бұл халге де үйренеді. Алдымен іші-сырты зер кестелі жібек, жанат, алтын, күміске толы Қарашаш отауындағы жиһаз оның көзінің жауын алып, бұрын мұндайды ар санаған ханзада енді «қара қас, қалың қабақ, ордадағы сырықтай, бойы сымдай, балға ашытқан қымыздай» болып көрінеді. Біресе ақ қоян, біресе кер марал, біресе қызыл түлкі боп елестеген сұлу енді Күйшінің есін таңдырып, көкірегіне ғашықтық отын жағады:

Жіберді бір мезетте қағып-қағып,

Тасқындап тыңнан бір күй қосылды ағып.

Байырғы тоқсан күйдің бірі де жоқ,

Жаңа күй, жаңа жолмен кетті лағып.

Ал Күйшінің шабытты сәтін қимыл-әрекет арқылы динамикалық қозғалыс үстінде, жан беріп көрсетеді:

Асқақтап, кейде көкке өрлетіп,

Алыстап, шырқап, сілтеп, әрі кетіп,

Қайырып, қалықтатып, қайта оралтып,

Бірден-бір, ақырын-ақырын төмендетіп.

Ызғытып, көкке өрлетіп, баяулатып.

Соқтырып, кейде боран дауылдатып.

Көңілдің асқарынан тұманды айдап,

Артынан нөсерлетіп жауындатып... Күй ырғағын, музыка әуенің дәл бейнелейтін үсті-үстіне түйдектеле, тасқындай төгілетін үдеме сөз тіркестері оқырманға ғажап әсер етеді. Төреден шыққан сұлу қызға әбден көңілі кеткен Күйші басындағы сезім толқындарын, психологиялық сан алуан тебіреністерін, ұшқыр қиялдың шалқуын бейнелейтін көріністерде ғажайып қуат бар. Күй құдіреті Қарашаштың бойын билеп, ішіне от тастап, есінен таңдырып, ақыры осы Күйшіге тисем бе екен деген ойға әкеледі. Жоқ, бұл бір сиқырлы, тылсым дыбыстар қамаған сәттегі, жынданып ауырған халдегі осалдық. Әйтпесе хан тұқымынан шыққан асау сұлу қайдағы бір тексіз қараға барып, сүйегіне таңба салдырар ма? Ғашықтық оты жүректерін күйдіріп, жандырып, қайда қоярларын білмей рухани арпалысқа түскен Қарашаш – Күйші арасындағы психологиялық ішкі тартыс желісін кенеттен болған оқиға бұзады. Күллі Дулатқа аты әйгілі Әлімқұл датқаның ұлы Сапақ та өзінше сері, сылқым, құрық бермес асау. Сол ерін қара түнді жамылып келіп. Қарашашты оятам деп пәлеге қалады. Сезім тұтқынына түскен есіл Күйші өңі қайсы, түсі қайсы, шыны қайсы, қиялы қайсы - ажыратудан қалған. Қарашаштың төсегінің қасына барған өзім екен деп, енді басымды алдаспанмен бір-ақ шауып алар деп зәре-құты қалмайды. Ақын қарадан шыққан жігіт Сапақ бізді басынды деп хан Кененің әскерін аяғынан тік тұрғызған ханзада Қарашаш әрекеттерін ел басына түскен зобалаң, жұртқа келген үлкен кесапат ретінде суреттейді. Бозбаланың болымсыз бір қылығы үшін күллі елді қырып тастағалы отырған ханзадаға Кене қой демейді, бөлтірікке бөрі ырық береді, арыстан тісі ақсиып, сырттан барлап отырады. Сел үстінде ұйлыққан қойдай қорыққан ел бір жақта, садақ, алдаспан, алмас қылыш асынып, зенбірек сүйреткен қалың қол екінші жақта. Ақыры амалы құрыған, қалың жұртты босқа қырғызғанша, жалғыз құрбандықпен пәлекеттен құтылмақ болған Үйсін, Дулат Сапақтың бет-аузын аластап, күйелеп, майлап, мойнына масқаралап құрым байлап, тыр жалаңаш шешіндіріп, жаяу айдап, Қарашаш алдына алып келеді.

Қазір жалғыз ұлының басын кесіп алғанда, көк құлап, жер жарылып кететіндей болып, көзінен сора-сора жас ағып Әлімқұл тұр. Сонда көңілі тынған, бұдан ел-жұрт қорқып, бағынып жүрсін деп ойлаған Қарашаш «Қайтейін қылышымды қандап соған», - деп Сапақты өлтірмейді. Осы оқиғаны бастан-аяқ көзімен көрген Күйшінің ішкі әлемінде орасаң зор өзгеріс, жаңа жігерлі серпін пайда болады. Жүрегі суып, қаны қараяды. Тәтті, мұңлы сырлы күйлер тыйылып, қанды, жаралы, өлімді күйлер тартылады. Аңнан аң қоймай, қомағайлықпен көзіне түскенді қыра берген Арша мерген ақыры жалғыз ұлын атып алып, қанға бөгіп жатыр.




69 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page