Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін.
Серт берген еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін.
2021 жылдың қыркүйек айында С.Жиенбаев атындағы облыстық
жасөспірімдер кітапханасы «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен» атты ой-пікір
сағатын Ақтөбе гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі мамандығының 3-курс студенттері арасында өткізді.
Ұйымдастырылған шараның мақсаты: Жастарға адам құқығы, бала
құқығы, құқықты алаң туралы мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете
білуге, өмірде қолдана білуге үйрету. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен
мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін
арттыру. Еліміздің Ата Заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық
тәрбие беру.
Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-
әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамның бойынан
адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымба -адамның асыл қасиеті. Жүсіп
Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан
72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді. Шығыстың
ұлы ғалымы әл-Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің
болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.
Шара барысында студеттерге түрлі ситуациялық суұрақтар қойылып,
психологиялық тесттер жүргізілді. Сонымен қатар тақырып аясында
«Мақалдың жалғасын тап..» ойыны өткізілді. Пікірталаста студенттер өте
белсенді болып, өз ойларын кеңінен ортаға салды. Шалабаева Жанмейірім,
Ұымтқан Айым әдептілік, адалдық, жақсылық туралы мақал-мәтелдерді
таласа айтса, Тобанизов Берік, Есенгельдина Мейрамгүл, Әбдіғали Жанерке,
Кеңесова Аяулым қазақ әдебиетіндегі ақын-жазушылардың шығармаларын
оқыды. Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол
бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің
шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана
белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері
отбасынан басталады. Адамгершілік қасиет ең бірінші әр баланың отбасын
сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға
болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді.
Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрседе ізеттілікті
жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру,
сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.
Жүргізуші Шырайлым Оралбайқызы адам құқығы – адамның мүддесін
қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын ең жоғарғы
демократиялық құндылық екенін түсіндіріп, конвенция, жасөспірімдер
арасындағы құқық бұзушылық жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар
студенттер бірнеше сауалдар қойып, пікір алмасты.
Іс-шарада «Күшің сенбе, адал ісіңе сен!» атты кітап көрмесі жасақталып,
көрмеге Сұлтанбекова Лаура библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа
сай слайд көрсетіліп, бейнеролик тамашалады.
Comments