Patriot-tulga.kz
Үнемі жаңа нәрселерді үйрену
Фрейман Георгий Георгиевич – тау-кен инженері, геолог, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Австралия геоғылымдар институтының толыққанды мүшесі, Жер қойнауы тәуелсіз сарапшылары кәсіби бірлестігінің толық мүшесі, Жер қойнауы тәуелсіз сарапшылары кәсіби бірлестігінің атқарушы комитетінің төрағасы, БҰҰ ЕЭК консультанты, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толыққанды мүшесі.
Фрейман Георгий Георгиевич 1950 жылы 19 қарашада Украинада кеме жөндеу инженері отбасында дүниеге келген. 1968 жылы Новороссийск қаласындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Новочеркасск политехникалық институтының тау-кен-геология факультетіне оқуға түсіп, 1973 жылы «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша тәмәмдады.
«Шығысқазгеология» Шығыс Қазақстан өндірістік геологиялық бірлестігіне жолдама алып, 1973 жылғы
қыркүйекте Ертіс маңы геологиялық барлау экспедициясының учаскелік геологы болып тағайындалды, онда ол Березовский, Ертіс, Белоусов, Юбилейно-Снегирихин және іздестіру учаскелері сияқты Кенді-Алтай үлгісіндегі классикалық полиметалл кен орындарының жаңа шоғырларын барлау жұмысын бастады. 1974-1975 жылдары Юбилейно-Снегирихин кен орны бойынша қорларды есептей отырып, 1975 жылы КСРО ҚМК бекітуімен есепті дайындауға қатысады.
Кәсіби дайындығының, мақсаткерлігінің және жауапкершілігінің жоғары деңгейінің арқасында 1976 жылы Г.Г. Фрейманды Шемонаиха ГБП бас геологы етіп тағайындайды, онда ол Камышинск, Николаевск және Шемонаиха кен орындарында геологиялық барлау жұмыстарын басқарады, Камышинск кен орнының қорларын есептеу бойынша жұмыстарға қатысады, қорлар бекітілгеннен кейін 1977 жылы осы объектіні Шығыс Қазақстан мыс-химиялық комбинатына береді, ол бір жылдан кейін осы объектіде өндіру жұмыстарын бастады.
1978 жылы Г.Г. Фрейман алтынға қатысты геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру шеңберінде Кенді- Алтай құрылымдарындағы түбірлік кенорындарын және Оңтүстік Алтайдың алтынды шашылымдарын барлау жұмыстарымен айналысатын Шығыс Қазақстан ГБП-сының бас геологы болып тағайындалады. Мұнда ол бұл типтердің алғашқы нысаны болып табылатын жаңа Секисовка кен орнын барлау және бағадау жұмыстарына белсене қатысады.
Георгий Георгиевич 1982 жылға қарай дала жұмыстарын жүргізуде айтарлықтай тәжірибе жинап, Қ.И.
Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының Алтай бөліміне (Өскемен қ.) жұмысқа ауысады, онда жұмыс істей жүріп, 1985 жылы Секисовка кенорыны бойынша «Секисовка кенорнында алтын кенденденуінің орналасу заңдылықтары» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғайды және өзі осы кенорынды ашушылардың бірі ретінде Қазақстан үшін алтын кеніденуінің осы жаңа типінің кендену ерекшеліктерін алғашқы болып егжей-тегжейлі сипаттады.
1989 жылы Г.Г. Фрейман полиметалл және алтын кен орындарында үлкен жұмыс тәжірибесі бар маман ретінде «Қазгеология» бас үйлестіру геологиялық Басқармасы геология бөлімінің түсті металдар бойынша бас геологы лауазымын алу туралы ұсыныс алады және осы уақыттан бастап Алматыда тұрады және жұмыс жасайды.
1991 жылдың басында Г. Г. Фрейман Қазақстандағы алғашқы жеке геологиялық консалтингтік компания –
“Геоинцентр” ЖШС құрылтайшыларының бірі ретінде әрекет етеді. Келесі 18 жыл ішінде директордың
орынбасары-бас геолог ретінде жұмыс істей отырып, ол жеке кен орындарын және минералды-шикізат кешенінің барлық салаларын бағалаумен байланысты көптеген өндірістік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетекшісі және жауапты орындаушысы ретінде жұмыс атқарады. Оның ішінде, Қазақстанның ең ірі полиметалл кен орындары – Риддер-Сокольный, Шалқия, Малеевский, Октябрьдің 50 жылдығы және тағы басқалардың қорларын қайта есептей отырып, кондиция ТЭН-ін әзірлеу бойынша жұмыстар жасады. Атап айтқанда, Г.Г. Фрейман Малеевка кен орны бойынша «Казицнк» ЖШС геоло-гиялық басшылығымен бірлесіп, республикада алғаш рет қорларды геостатистік тәсілмен есептеуді (DATAMINE БҚ-да) орындаудың бастамашысы болды, соның нәтижесінде 2005 жылдың басында Малеевка кен орнының қорлары ҚР ҚМК-мен бекітілді. Осы прецедент - геостатикалык тәсілмен есептелген қорларды бекітуден кейін ҚР ҚМК Қазақстанның көптеген басқа кен орындары бойынша осындай есептерді қабылдай бастады.
90-жылдардың аяғы мен 2000-жылдардың басындағы кезеңде Г.Г.Фрейман «Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат кешенінің даму болжамы және 2030 жылға дейінгі кезеңге қара және сирек металдар, уран мен агрономиялық кендер бойынша минералдық-шикізат базасының жай-күйін модельдеу», «Қазақстан Республикасындағы қалайы мен танталдың болжамды ресурстарын бағалау» сияқты республикалық маңызы бар тақырыптық жұмыстарға да белсенді қатысады.
Осы кезеңде Өскемен титан-магний комбинатымен тығыз өзара қарым-қатынас жасай отырып,
«Геоинцентр» ЖШС жанынан құрылған «Титан» Үйлестіру тобы басшысының орынбасары ретінде «Қазақстан Республикасының титан өнеркәсібін дамыту бағдарламасын» іске асыру шеңберінде Обухов, Шоқаш, Сәтбаев титан-цирконий шикізаты кен орындарының қорларын барлау (куәландыру) және қайта бағалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, олардың нәтижесі, сайып келгенде, осы объектілерде Қазақстан үшін жаңа үш тау-кен өңдеу өндірісін құру болып табылады.
2009 жылы Фрейман Г.Г. «GeoMineProject» консалтингтік геологиялық компаниясын құрады, оның басты міндеттерінің бірі өзі 90-шы жылдардың басынан бастап насихаттаған Қазақстандағы қорларды есептеудің компьютерлік жүйелерінің белсенді дамуы бағытын айқындайды. Құрылған сәті-нен бастап 2021 жылға дейін оның басшылығымен «GeoMineProject» компаниясы Бақыршық, Варваринское, Сырымбет, Бощекүл, Жилянское, Тишинское, Лиманное, Құндызды, Жилянское және басқа да көптеген ірі объектілерді қоса алғанда, 40-тан астам қатты пайдалы қазбалар кен орындары бой-ынша геостатистикалық тәсілмен есептелген қорларды ҚР ҚМК бекітті. Соңғы үш жыл ішінде компания оның басшылығымен көптеген барлау және іздеу жобаларында геологиялық барлау жұмыстарының (QA/QC) сапасы мен дұрыстығын бағалаудың аудиторы ретінде әрекет етеді.
2015 жылы Г.Г. Фрейман еліміздің тау-кен-геология саласына жария геологиялық есептіліктің халықаралық стандарттарын енгізу мақсатында ұйымдастырылған «Қа-зақстан жер қойнауының тәуелсіз сарапшыларының кәсіби бірлестігін» (ПОНЭН) құрудың бастамашылары қатарында сөз сөйлеп, алдымен төрағаның орынбасары, ал 2017 жылы осы бірлестіктің төрағасы болып сайланды. Соңғы алты жыл ішінде ол көптеген республикалық және халықаралық кеңестер мен конференцияларда баяндама жасай отырып, ПОНЭН мүшелеріне жария геологиялық есептілікті дайындауда консультативтік көмек көрсете отырып, есептерді дайындау кезінде құзыретті тұлға ретінде әрекет ете отырып, семинарлар өткізу арқылы біздің салада жария геологиялық есептіліктің қазақстандық кодексін (KAZRC) қолдану қажеттілігін белсенді түрде насихаттауда.
2018 жылдан бастап Фрейман Г.Г. БҰҰ ЕЭК кеңесшісі болып табылады және БҰҰ ресурстары мен
қорларының негіздемелік жіктемесін енгізу мәселелері бойынша көптеген конференциялар мен дөңгелек үстелдерде тұрақты түрде сөз сөйлей отырып, осы ұйымның тұрақты энергетика бөлімінің қызметіне белсенді қатысады (Мәскеу 2018, Киев 2018, Тюмень 2019, 2021, Алматы, 2019, Нұрсұлтан 2019, Женева 2019, 2020, 2021). Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен Қазақстанда алғаш рет БҰҰНЖ қолдану арқылы қазақстандық кен орындарын бағалау бойынша екі пилоттық жоба орындалды. Бұл жобалардың нәтижелері бірлескен авторлармен бірге БҰҰ ЕЭК ұйымдастырған халықаралық конференцияларда баяндалды.
Г.Г. Фрейман 70-тен астам жарияланған жұмыстардың, оның ішінде 8 монография мен тақырыптық
анықтамалықтардың, Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша 16 Нұсқаулық пен Әдістемелік ұсынымдардың, көптеген мақалалар мен баяндамалардың тезистерінің авторы және бірлескен авторы болып табылады, тұрақты конференциялар мен салалық кеңестерге белсенді қатысады. Көп жылдар бойы ҚР ҚМК сарапшысы болды.
Г.Г. Фрейманға «Қазақстан Республикасының Құрметті жер қойнауын барлаушы» және «Секисовка кен
орнын алғаш ашушы» атағы берілді, ол Инвестициялар және инфрақұрылымдық даму Министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Георгий Георгиевичтің басты өмірлік қағидасы – үнемі жаңа нәрселерді үйрену және оның бүкіл өмір жолы көптеген студенттеріне үйрететін осы тұжырымдаманың сәтті жүзеге асырылуының айқын дәлелі.
Фрейман Г.Г. үйленген, үш баласы және төрт немересі бар, тау шаңғысына деген сүйіспеншілігін отбасының барлық мүшелеріне сіңіре білді.