top of page
Қазақстандық білім беру қызметтері нарығында колледждердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Қазақстандық білім беру қызметтері нарығында колледждердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Бозымбаев Болатжан Дәулетұлы – «АЭМК» КМҚК дирек-торы, техника ғылымдарының кандидаты, ХАА академигі. «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі жетістіктері үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «ҚР ұлттық
мақтанышы-2017» медалімен, «100 үздік директор» медалімен марапатталған. Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толыққанды мүшесі.
Бозымбаев Болатжан Дәулетұлының техникалық және кәсіптік білім департаментіндегі педагогикалық өтілі – 35 жыл. 2012 жылы ол техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғап, Алматы қаласының №3 Кәсіптік лицейінің директоры болып тағайындалды.
2014-2016 жылдары «Өрлеу» БАҰО» АҚ ТжКБ бөлімінің бастығы болып қызмет істеді, оның басшылығымен «Кәсіптік-техникалық білім беруде модульдік және дуальды оқыту», «Дуальды оқыту жүйесін енгізудің өзекті мәселелері», «ТжКБ инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстарын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» атты оқу құралдары әзірленді және басып шығарылды. «Аудиовизуалды аппаратураны пайдалану, баптау және реттеу», «Кинопроекциялық техника бойынша Практикум» (2004 ж.) 2 оқу құралының авторы, келесі мамандықтар бойынша 10 оқу әдебиеттің бірлескен авторы: 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 1014000 «Машина жасау технологиясы», 1305000 «Ақпараттық жүйелер», 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс», («Машина бөлшектері», «Радиоэлектроника», «Радиоматериалдар және радиоэлементтер», «Электротехника»,
«Қоректендіру көздері» және басқалар, 2008-2009 жылдар), сондай-ақ 2008 ж., 2010 ж. республикалық
«Кәсіптік мектеп» журналдарының беттерінде жарияланған мақалалар авторы болып табылады.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ-да оның басшылығымен «Кәсіптік-техникалық білім беруде модульдік және дуальды
оқыту» оқу құралдары, «Дуальды оқыту жүйесін енгізудің өзекті мәселелері» ғылыми-практикалық
конференция материалдары, “Техникалық және кәсіптік білім берудің инженерлік-педагогикалық
қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстарын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» жинағы әзірленді және басып шығарылды.
2013 жылы Финляндияның Юваскюль қаласында JAMK қолданбалы ғылымдар университетінде менеджерлердің біліктілігін арттыру бойынша халықаралық курстан; 2015 жылы Австрия Республикасы Вена қаласында WIFI WKO Федералдық экономика палатасында біліктілікті арттыру халықаралық курсынан өтті.
2016 жылдан бастап АЭМК директоры болып қызмет атқарады. Ұжымның негізгі құрамы 80% - жас
мамандар-магистранттар мен жоғары жетістіктері бар педагогтар. 2017 жылы ұжым халықаралық аккредиттеудің сапа менеджменті жүйесінен өтті.
АЭМК жаңа технологиялармен жабдықталған. 2020 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген «Жас маман» жобасына қатысты, бұл орталықтың ашылуына және «Электр және электромеханикалық жабдықтар» мамандықтары бойынша оқу шеберханаларына жабдықтар сатып алуға ықпал етті.

bottom of page