top of page
Халықаралық ұйымдармен серіктестік

Халықаралық ұйымдармен серіктестік

Халықаралық стандарттарға негізделген ҰТЕО қызметі әдіснамалық және ақпараттық-техникалық негіздерді күшейтуге және ұстанымдарды келісуге, іс-қимылдарды үйлестіруге, сондай-ақ бағалау саласындағы проблемалық мәселелерді шешуді іздестіруге бағытталған озық тәжірибесі бар ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасау арқылы кеңейтіледі.
ҰТЕО АҚШ Мейірбике ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттерінің Ұлттық Кеңесінің (NCSBN)
құрамына кіреді, Халықаралық тест ко­мис­сиясының мүшесі және Халықаралық медициналық
реттеуші органдар Қауымдастығының (IAMRA) серіктесі болып табылады. Орталық 50-ден астам
ұйыммен, соның ішінде, Әзербайжан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық
денсаулық сақтау және реформалар орталығымен, Барселонаның Жоғары менеджмент
мектебімен, Беларусь мемлекеттік медициналық колледжімен ынтымақтастық туралы
меморандумдарға қол қойылды.
2017 жылдан бастап АҚШ-тың Медициналық емтихан алушыларының Ұлттық Кеңесі (NBME)
ҰТЕО-ның стратегиялық серіктесі болып табылады. Жемісті ынтымақтастықтың арқасында
алғашқы рет медицина негіздері бойынша Халықаралық емтихан IFOM (АҚШ) Қазақстанның
медициналық жоғары оқу орындарының студенттері үшін орыс тілінде өткізілді. ҰТЕО Басқарма
Төрағасы Жангереева Гүлмира Лиссабон қаласында (2018) өткен NBME Директорлар кеңесінің
жабық отырысына қатысуға шақырылды, онда өзара қарым-қатынас туралы ұзақ мерзімді
меморандумға қол қойылды.
ҰТЕО қызметкерлері Швейцарияның «Қырғыз Республикасындағы медициналық білім беру
рефор-малары» ынтымақтастық агенттігі ұйымдастырған «Кәсіби қызметті сертификаттау және
лицензиялау жүйесі: шетелдік тәжірибе және Қырғызстан үшін сабақтар» тақырыбындағы дөңгелек
үстелге қатысты, Бішкек (2019).
ҰТЕО тәжірибесі жөнінде Өзбекстандағы жоғары медициналық білім беру реформалары
жөніндегі конференцияда баяндалды: Орталық Азия білім беру «хабын» ұйымдастыру жолында,
Ташкент, 2020.
ҰТЕО арнайы органдары мен жобалары Қазақстанда медициналық қызмет көрсету сапасын
арттыру мақсатында ҰТЕО мамандандырылған орган – құрамына Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаттары, еліміздің медициналық жоғары оқу орындарының, ұлттық
ғылыми институттардың, кәсіби медициналық қауымдастықтардың, медициналық ұйымдардың
басшылары және тағы басқалар кіретін ҰТЕО Жоғары алқалы кеңесін (ЖАК) құрды. ЖАК Қазақстан
Республикасы бойынша өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларына ұсыныстар енгізу және
өзекті мәселелерді талқылау және жергілікті шешу, талдау жүргізу үшін ашық алаң болып
табылады.
Барлық халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес ҰТЕО жаңа ақпараттық бағалау жүйесін
әзірледі, оны 2020 жылы NCSBN сарапшылары жоғары бағалады. ҚР Премьер-Министрінің
орынбасары А.Қ. Жұмағалиев бекіткен Жол картасын іске асыру үшін денсаулық сақтау
мамандарына сертификаттар беру бойынша мемлекеттік қызметті автоматтандыру шеңберінде
бағалаудың ақпараттық жүйесі тәуелсіз бағалау нәтижелерін мемлекеттік уәкілетті Денсаулық
сақтау органына автоматты түрде беру бөлігінде “e-License” мемлекеттік порталымен
интеграцияланған. Жүйе жыл сайын жетілдіріледі, биыл емтихан кезінде жеке тұлғаны автоматты
түрде сәйкестендіру және онлайн-прокторинг функциясы енгізілді.
Дүниежүзілік банктің жобасы шең-берінде ҰТЕО Денсаулық сақтау мамандарын лицензиялау
және сертификаттау емтихан жүйесін жетілдіру және енгізу модельдерін әзірлейді. Соңғы екі
жылда ҰТЕО сапалы денсаулық сақтау қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ететін денсаулық
сақтаудың тиімді кадр саясатын қалыптастыру мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізді. Бұл жоба
денсаулық сақтау мамандарын медициналық сертификаттау жүйесін лицензиялық модельге
көшірудегі ең маңызды кезең болып табылады.
2019 жылы ҰТЕО қызметіне қосылған екі бағыт медициналық ұйымдардың басшылары мен
олардың орынбасарлары, МӘМС мәселелері бойынша пациенттерді қолдау және ішкі аудит
қызметінің қызметкерлері арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің
нормативтік-құқықтық актілерін білуді бағалау, сондай-ақ коронавирустық аурудың (COVID-19)
эпидемиологиялық және профилактикалық іс-шаралары мәселелері бойынша бағалау болды.

Аталған бағыттар бойынша ба-ғалау ҰТЕО қаражаты есебінен ұйым-дастырылды және онлайн
өткізілді, оған денсаулық сақтау саласындағы 125 мыңнан астам маман қатысты.
Медициналық қоғамдастықтың рөлі бойынша озық елдердің тәжірибесін қабылдай отырып, Қазақстан
азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған ұлттық саясатты қалыптастыруда ҰТЕО алдына бүкіл медициналық қоғамдастықтың пікірін, медицина, фармацевтика қыз­меткерлерінің құқықтарын қорғауды, денсаулық сақтау жүйесі жұ­мысының заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесіне медициналық қоғамдастықтың барлық өкілдерін кеңінен қамту мен тартуды, отандық өндірісті қолдау, кадрларды даярлау және кәсіби дамытуды ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін стратегиялық жоспарлаудың бірыңғай саясатын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойылған.

bottom of page