Patriot-tulga.kz
Сізді өзгеруге мәжбүрлеместен бұрын өзіңіз өзгеріңіз!
Битюцкий Алексей Сергеевич ҚР Инвестициялар және даму Министрлігінің екі инновациялық грантын табысты іске асырды. Оның ғылыми-техникалық жобалары әртүрлі республикалық байқауларда, сондай-ақ Ресейдің «Сколково» қорының жеңімпаздары ретінде таңдалды.
Битюцкий Алексей Сергеевич әйгілі америкалық химик-инженер, кәсіпкер, жазушы, «General Electric»
компаниясының бұрынғы бас директоры Джек Уэлчтің (Jack Welch) «Сізді мәжбүрлеместен бұрын өзгеріңіз!» деген сөзін Битюцкий Алексей әртүрлі инновациялық және ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыру кезінде, өз қызметінде негіз және өмірлік ұстаным ретінде қабылдады. Осы қағиданы ұстану оған әрқашан өз жобаларында жаңа тәсілдерді, әдістер мен жолдарды іздеуге көмектеседі. Алексей Джек Уэлчтің өмірі туралы алғаш рет Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде «Технологиялық процестерді автоматтандыру» инженерлік мамандығы бойынша оқып жүргенде білді.
Бұған дейін Алексей Алматы энергетика және электронды аспап жасау колледжін «Электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» мамандығы бойынша үздік бітіріп, энергетикадағы автоматтандыру жүйелері туралы біліп, осы бағытқа қызығушылық танытты. Біліктілігі мен іске асырған жобалар саны артқан сайын Алексей 2009 жылы Алматы Менеджмент Университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны тәмәмдап, «Master of Busines Administration» дәрежесін алды, сондай-ақ Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық Шаруашылығы Академиясын «Ақпараттық менеджмент (CIO)» мамандығы бойынша аяқтады. Алынған білім мен тәжірибе, университеттерде оқи отырып, оған инновациялар мен ғылыми-техникалық қызмет әлеміне сеніммен енуге мүмкіндік берді.
Технологиялық процестерді автоматтандыру әлеміне қызығушылық танытқан Алексей өзінің еңбек қызметін ерте бастады, оны университеттік біліммен үйлестірді. Ол алғаш рет автоматика және бақылау-өлшеу аспаптары жөніндегі техник болып жұмысқа орналасты, студент бола тұра практикалық тәжірибені меңгеріп,
Алматы әуежайының жаңа терминалына арналған электр қазандығын автоматтандыру жүйесін құру жөніндегі жобаны өз бетінше жүзеге асыра алды, бұл ретте қала Әкімі қазандық қондырғысын жұмысқа уақтылы және кәсіби іске қосқаны үшін алғысын білдірді. Университетте оқуын аяқтағаннан кейін еңбек жолын инженер-жобалаушы, одан әрі автоматтандыру жүйелерінің бағдарламашысы болып жалғастырды.
Алексей ғылыми-техникалық қызметке Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің ведомстволық тәуелді ұйымдарында жұмыс істеу кезеңінде қызығушылық танытты. Әр жылдары «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-да ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді басқарды, сондай-ақ «Қазақ Су Арнасы Жобасы» АҚ-да ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі болды. Бұл ұйымдарға Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы мемлекеттік даму институттарының функционалы жүктелді.
Алексей бұл ретте мемлекеттік нормативтік-техникалық құжаттарды, қаржы-экономикалық негіздемелерді, заңға тәуелді актілерді, Қазақстанның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді мемлекеттік жоспарды әзірлеуге белсене қатысты, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, энергия үнемдеу бөлігінде заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс топтарының құрамында болды, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі болды. «Елдің зияткерлік әлеуеті» бағыты бойынша Ұлттық ғылыми Кеңес мақұлдаған, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан және ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиядан табысты өткен коммуналдық шаруашылықта кешенді ғылыми-техникалық бағдарла-маның құрылуына және іске асырылуына жетекшілік етті. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін автоматтандыру үшін бірыңғай тәсілді қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігімен практикалық қолдану үшін келісілген «Сумен жабдықтау және су
бұруды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру жөніндегі техникалық тұжырымдама» әдістемелік ұсынымдарының авторы. Бұл құжат жобалау алдындағы кезеңде қажетті қаржыландыруды көздеуге және Қазақстан Республикасындағы су шаруашылығы ұйымдарын кешенді автоматтандыру бойынша қазірдің өзінде іске асырылған және әлі де практикада іске асырылып жатқан негізгі инженерлік-техникалық шешімдерді ендіруге мүмкіндік берді. 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Invent Technology» ЖШС-де жұмыс істейді, 2015 жылдан бастап техникалық және инновациялық қызметті басқарумен айналысады. Бұл компания өнеркәсіптік автоматтандыру және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласында құзыреті бар қазақстандық нарықтағы көшбасшылардың бірі болып табылады.
Еңбек ету кезеңінде технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру жүйелерін құру бойынша 100-ден астам түрлі жобаларды іске асыру барысында инновациялық шешімдер енгізілді. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ қаржыландыратын технологияларды коммерцияландыруға арналған екі инновациялық грантты табысты іске асырды. Алексейдің ғылыми-техникалық жобалары әртүрлі республикалық байқауларда, сондай-ақ Ресейдің «Сколково» қорының жеңімпаздары ретінде таңдалды.
25-тен астам ғылыми еңбектердің авторы, ЭЕМ-ге арналған төрт бағдарлама әзірледі, Қазақстанның су
шаруашылығы секторында бір әлеуметтік зерттеуді ұйымдастырды және өткізді, пайдалы модельдерге патенттері, сондай-ақ ғылым туындыларына авторлық құқық туралы куәліктері бар.