top of page
Отандық тау-кен гидрогеологиясының негізін қалаушы

Отандық тау-кен гидрогеологиясының негізін қалаушы

Жапарханов Слямхан Жапарханұлы – гидрогеолог ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ғылым мен техника саласындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ХАА академигі.

Жапарханов Слямхан Жапарханұлының дүниеден өткеніне бір жылдай болды.
Оның өмір жолы еліміздің тарихымен және оның қалыптасуының ең қиын кезеңдерімен
тығыз байланысты болды. Соғыс жылдарында мектеп оқушысы бола жүріп, ересектермен
қатар колхоздық алқаптарда жұмыс істеп, майданның азық-түлік қажеттіліктерін қамтамасыз
етуге атсалысты. Жас Слямхан өз өмірін геологиямен байланыстырып, осы жолды Балажал
кен орнындағы алтын өндіретін артельде іздеуші ретінде күрделі жұмыстан бастаған. Геолог
жұмысының негіздерін игеріп, Семей геологиялық-барлау техникумына оқуға түсіп, оны 1948
жылы аяқтап, Қазақ тау-кен металлургия институтына түсіп, оны 1953 жылы “гидрогеология
және инженерлік геология” мамандығы бойынша тәмәмдады. Содан кейін Орталық
Қазақстандағы геологиялық басқармада көп жылдар жұмыс атқарды. Ірі өндірістік ізденістер
қорытындысы бойынша академик У.М. Ахмедсафиннің жетекшілігімен кандидаттық
диссертация қорғады. 1962-1966 жылдары ҚазКСР ҒА Геология ғылымдары институтының
ғылыми хатшысы болды. Кейінгі көп жылдық зерттеулер оның Ресейдегі алғашқы аты аңызға
айналған Г.В. Плеханов атындағы Ленинград тау-кен институтында 1976 жылы керемет
қорғалған докторлық диссертациясына негіз болды. Сол жылдың 20 желтоқсанында КСРО
ЖАК геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру туралы шешімді
бекітті және ЖАК төрағасы үкіметтік құттықтау жеделхатын жолдады.

60-80 жылдары ҚазКСР ҒА ГҒИ ғылыми, проблемалық және ғалымдар Кеңестерінің, КСРО
ЖАК (Ташкент қ.) Орта Азия және Қазақстан республикалары бойынша және ҚР БҒМ Қ. И.
Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ біріккен мамандандырылған докторлық Кеңесінің мүшесі болды.
Қазтелерадионың штаттан тыс корреспонденті, ҚазССР “Білім” қоғамы президиумының
мүшесі болды. Бүкілодақтық “Білім” қоғамының алғыс грамоталарымен марапатталған. КСРО
және ҚазКСР ХШЖК бірнеше мәрте қатысушысы, сол үшін ХШЖК грамоталарымен үш рет
марапатталған.

Ресей Ақпараттандыру Академиясының Құрметті академигі (1990 ж.) және Халықаралық
Ақпараттандыру Академиясының академигі (1995 ж.) болды.
Ол 30 жылдан астам уақытын Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-ға арнады, 1986-1991
жылдары Гидрогеология және инженерлік геология кафедрасының мең-герушісі, 1991
жылдан осы кафедраның профессоры болып қызмет атқарды. Академик В.И. Вернадский
және Қ.И. Сәтбаев атындағы ғылыми сыйлықтардың лауреаты болған. 2015 жылы Қ.И.
Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың құрметті түлегі, “ҚазҰТЗУ-дың еңбек ардагері” құрметті
атағына ие болды.

Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде профессор С.Ж. Жапар-ханов жерасты ауыз суы мен
минералды сулардың 7 кен орнын ашты. Қазақстанның тау-кен гидрогеологиясы бойынша
ғылыми мектептің негізін қалаушы және жетекшісі ретінде 60 жылдан астам жоғары білікті
ғылыми кадрлар даярлаумен айналысты. Ол Қазақстанда, ТМД және алыс шетелдерде еңбек

ететін 7 ғылым докторын, 22 кандидатты, 10 ғы-лым магистрлерін, 300-ден астам инженерлер
мен бакалаврларды дайындады.
Ол 400-ден астам жұмыс жа-риялады, оның ішінде 22 монография мен оқулық, танымал
ғылыми кітаптар, 11 карта, 150 ғылыми-әдістемелік және 75 ғылыми-танымдық мақалалар
бар.

Гранттар бойынша “Гидрогео-логиялық процестерді болжау және суландырылған
кеніштерді игеру кезінде оларды басқару”, “Кен және уран кен орындарын сілтісіздендіру
гидрогеологиясы”, “Жерасты сулары қорларын жасанды толықтыру” және басқа да
проблемалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізді.

2001 жылы оған “ҚР Жер қойнауының құрметті барлаушысы” атағы, 2012 жылы - “Су
шаруашылығының құрметті қызметкері” атағы берілді. 2010 жылы “ШҚО Жарма ауданының
Құрметті азаматы” атағына ие болды. ҚР алдындағы “ерекше еңбегі үшін” дербес зейнеткер
мәртебесіне ие болған.

Белсенді ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметі үшін бірнеше рет грамоталар мен
алғыс хаттарға ие болды. КСРО және ҚР көптеген медальдарымен, Отан соғысы орденімен
марапатталған.

Жапарханов С.Ж. – 15-тен астам халықаралық, бүкіл-одақтық және республикалық
съездердің, конгрестер мен симпозиумдардың қатысушысы. Оның ғылыми жетістіктері туралы
“Советский Союз”, “Культура и жизнь”, “Сельская новь”, “Родина” журналдары, “Правда”,
“Казахстанская правда”, “Егемен Қазақстан” және т. б. газеттер жазды. 1992 жылы ЮНЕСКО-
ның шақыруы бойынша алыс шетел-дерден келген осы ұйымның стипендиаттарына М.В.
Ломоносов атындағы ММУ-де дәрістер топтамасы оқылды.

“ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және Соғыс балалары кеңесі” қоғамдық қорының
негізін қалаушылардың бірі, еңбек майданының ардагері С.Ж. Жапарханов өзінің соңғы қызме-
тінде үлкен қоғамдық жұмыс жүргізді. Әдеттегідей, жан-тәнімен еңбек етті: көптеген іс-
шаралар өткізді, жастармен, қоғам және билік өкілдерімен кездесті.

Қартайғанына және айықпас дертіне қарамастан, ол әрдайым жаңалықтарға қызығушылық
танытты, заманауи гаджеттер мен қосымшаларды оңай игерді және қолданды. Өзін жақсы
сезінген сағаттарда күрсініспен жастық шақтың сонау жылдарын еске алып, таң қаларлық есте
сақтау қабілетін, жақындарына деген өшпес махаббатын, тілектестік пен шыдамдылықты
көрсетті. Бақытты некеде 57 жыл өмір сүрді. 2010 жылы жұбайынан айырылып, сүйікті
балалары, немерелері мен шөберелерінің ортасында қалды.

Осы жарқын дана адамның өмірден өтуі бәріміздің жанымызға өшпес жара салды. Ол
туралы естелік оны білетін адамдардың жүрегінде мәңгі сақталады.

bottom of page